Салық салынатын айналым


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

III. Қорытынды

IV. Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заңына сәйкес енгізілген қосылған құнға салынатын салық. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығыстың орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады, қосылған құн болып өнімге кешенді шығысар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Респубкасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті Қосылған Құн Салығы сатылған тауарлар үшін төленуге тиісті Қосылған Құн Салығы сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт Қосылған Құн Салығының салық салу обьектілері болып есептелінеді. Қосылған Құн Салығын төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған айналым салық салынатын айналым болып табылады, оған салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізгі ала отырып, өткізілген тауарлар құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін және әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импортты кезендегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.

Мен бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, Қосылған құнға салынатын салықты оқып, үйрену және есептеу - төлеу тәртібінде үйрену.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

II. 1. Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу обьектілері.

Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

  1. Жеке кәсіпкерлер.
  2. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) .
  3. Қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.
  4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері.
  5. Қазақстан Руспубликасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар.

Қосылған құн салығының негізгі салық салу обьектілері:

  1. Салық салынатын айналым;
  2. Салық салынатын импорт.

Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт.

1. Тауарларды өткізу бойынша айналым.

Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:

1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

- тауарды сатуды;

- тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды;

- тауар экспортын;

- тауарды тегін беруді;

- жарғылық капиталға жарна төлеуді;

- жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін;

2) тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді және

мүлікті қаржы лизингіне беруді;

3) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді;

4) қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойған мүлкін (тауарын) беруін;

5) кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушінің не оның жалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;

6) бір заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілері болып табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін;

7) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді.

2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:

1) мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау (жалгерлік) шартымен пайдалануды;

2) санаткерлік меншік обьектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға салым ретінде берілетін құқықтар беруді;

3) жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін;

4) қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып табылатын бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.

Салық салынатын айналымды анықтау.

Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:

1) қосылған құн салығынан босатылған;

2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

II. 2. Қосылған құн салығы бойынша есепке қою.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар.

Кез келген (он екі айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды өткізу бойынша айналымның мөлшері белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер кез келген кезең (он екі айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі салық кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15000 (2006 жылы 1 қаңтардан бастап) еселенген шамасын құрайды.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады. Тұлға қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылатын орын.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады. Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында обьектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады. Егер осы аталған заңды тұлға өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағында обьектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішінсіз қосылған құн салығын дербес төлеуші деп қарастырылады.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда:

1) тұлғаның атауы және оның деректемелері;

2) салық төлеушіге берілетін салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

3) тұлға қосылған құн салығын төлеуші болған күн көрсетіледі.

Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару.

Егер қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. Қосылған құн салығын төлеуші мұндай құқықты өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады. Егер қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті. Салық органы қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын әрекетсіз заңды тұлғаны тапқан жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды уәкілетті мемлкеттік орган белгілеген тәртіппен салық органы жүргізеді. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиіс.

II. 3. Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импорт.

Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар.

1. Тауарлар айналымы:

1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;

2) акциздік алым маркаларын (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналаған есеп-бақылау маркалары) ;

3) уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысы мемлекеттік баж алынатын қызметтерді;

4) адвокаттық қызметті, нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өткізетін тауарлар;

6) мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беруді;

8) жарғылық капиталға жарналарды;

9) жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;

10) ұлттық валюта;

11) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне өткізілетін Қазақстандық тауарларды өткізу бойынша айналымдар;

12) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткізілетін, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызмет түрлерін жүзеге асыру процесінде тұтынылатын тауарларды;

13) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және келісімшарттың талаптары бойынша импортталатын тауарларға қосылған құн салығынан босатылған кәсіпорындарға өткізілетін тауарларды өткізу бойынша айналымдар.

2. Жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға байланысты айналым.

Тұрғын үй қорындағы ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) өткізу және осындай ғимаратты жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:

1) қонақ үй қызметін көрсету мақсатында пайдаланылатын ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) өткізуді немесе жалға беруді;

2) қонақ үйде тұру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

Жер учаскесін иелену және пайдалану немесе оған билік ету құқығын беру және жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру, жер учаскесін автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қою немесе сақтау үшін беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

3. Қаржылық қызмет көрсетулерге байланысты айналымдар:

1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банк операцияларын жүргізуге берген лицензиялары негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз іске асыратын операциялар:

- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

- төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау;

- ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктер беру;

- аккредитивті ашу (шығарып қою) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

- кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдап алу, беру, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сорттау, буып-түю және сақтау;

- құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаздарды сақтау;

- үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін және өзге де міндеттемелер беру;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнінде сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;

3) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;

4) зейнетақы активтерін басқару жөнінде қызметтер көрсету және ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;

5) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту жөнінде зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнінде көрсететін қызметтері;

6) кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу;

7) микронесиелер беру жөніндегі операциялар.

4. Қаржы лизингіне берілген мүлік мынадай талаптарды сақтаған жағдайда:

1) қаржы лизингіне беру талаптарына сай болса;

2) лизинг алушы мүлікті негізгі құрал ретінде алса, мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиіс сыйақы сомасы бөлігінде босатылады.

5. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер бойынша айналымдар, егер олар:

1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетумен;

2) діни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді жүзеге асыруына және діни қажеттілік заттарын өткізумен байланысты болса.

6. Геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын өткізу бойынша айналымдар.

Геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстары дегеніміз көмірсутекті және минералдық шикізат кен орындарын (кендерін) іздестіруді, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететін, өзара байланысты, белгілі бір сабақтастықта қолданылатын жұмыстардың жиынтығы.

Кәсіпорынды сату.

Қосылған құн салығын төлеушінің біреуі екінші бір қосылған құн салығын төлеушіге кәсіпорынды немесе кәсіпорынның дербес жұмыс істеп тұрған бөлігін өткізуі:

1) берілетін активтерін, оларды қалыптастыру көздерін және олар бойынша міндеттемелерді көрсете отырып, кәсіпорынның тарату балансы және бөлу мен беру балансы негізінде;

2) айналым жасалғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық органдарына ұсынылған қосылған құн салығынан босатуды қолдану жөніндегі операцияға қатысушылардың екеуі де қол қойған өтініш негізінде қосылған құн салығынан босатылады.

Қосылған құн салығынан босатылатын импорт.

Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:

1) ұлттық валюта, шетел валютасы (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;

2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;

3) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ізгілік көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты;

4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінген тауарлар импорты, оның ішінде техникалық жәрдем көрсету;

5) шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ солармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;

6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті тауарлар импорты;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосымша құн салығы: есептеу механизмі мен қызмет ету мәселелері
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы
Салықтардың экономикалық мазмұны, кажеттілігі, қызметтері және ұйымдастыру принциптері
Қосылған құнға салынатын салық
Салық салынатын айналымды анықтау
Тауарларды өткізу бойынша айналым
Қосылған құнға салынатын салықты есептеу механизмі және қызмет етуі
Қосылған құн салығы бойынша есебі
Қосылған құн салығының Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі рөлі.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі қосылған құн салығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz