Эндоцитоз түрлері және олардың механизмі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды медициналық университеті

Биология кафедрасы стоматология факультеті

ОСӨЖ

Эндоцитоз түрлері және олардың механизмі

Орындаған: Орынбасаров Асыл

Стоматология 1-003топ

Тексерген: Куваткан Куттыкыз Намаскызы

Қарағанды, 2019

Эндоцитоз (endocytosis, грек, endon ішкі, kytos жасуша) жасушаға қоректік заттардың плазмолемма арқылы өту процесі. эндоцитоз уақытында плазмолемма цитоплазмаға қарай иіле сіңіп, әр түрлі мөлшердегі ойықтар жасайды. Ойықтар қармаған заттарымен біргелікте жасуша плазмолеммасымен цитоплазмаға қарай тартылып үзіледі де, көпіршіктерге (вакуольдерге) айналып кетеді. Жасушаға қармалған заттардың табиғатына байланысты эндоцитоз: фагоцитоз және пиноцитоз болып екіге бөлікке бөлінеді. Фагоцитоз - тығыз қатты заттардың жасуша цитоплазмасына қабылданып, лизосомалар гидролазаларының көмегімен қорытылу процесі. Пиноцитоз жасушаның заттарды сұйық ерітінді түрінде ішу процесі. Жұтылатын пиноцитозды көпіршіктердің мөлшеріне байланысты олар: макропиноцитоз және микропиноцитоз деп аталады

Эндоцитоздың бірнеше түрлері бар. Олар пассивті (белсенді емес) және активті (белсенді) трансмембраналық тасымал. Эндоцитоз кезінде тасымалдау плазмалемма арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эндоцитоздың пиноцитоз және фагоцитоз деген күрделі тәсілдері болады.

Пиноцитоз дегеніміз - (грек. pino - ішемін) сұйық коллоидты бөлшектерді клетканың қоршап алуы, ал фагоцитоз (грек. phagos - жеуші) - тығыз заттарды қоршау. Пиноцитоз бенен фагоцитоздың механизмдері әртүрлі.

Жалпылама клеткаға сыртқы ортадан қатты заттар мен сұйықтық тамшыларының енуін гетерофагия (грек. heteros - бөтен) деп атайды. Бұл үрдіс қарапайымдыларға тән, адамдар үшін де маңызы зор. Гетерофагия ағзаны қорғауда (сегментядролы нейтрофилді гранулоциттер, макрофагоциттер), сүйек ұлпасын қайта құруда (остеокластар), қалқанша безінің фолликулаларында тироксиннің құралуында, ақуыз реабсорбциясында және тағы басқа да үрдістерде атқаратын ролі зор.

Пиноцитоз. Сырттағы молекулалардың клеткаға енуі үшін алдымен олар гликокаликс рецепторларымен байланысқа түсулері қажет. Осындай байланыстар орнында, плазмалемманың астында клатрин ақуыздарының молекулалары пайда болады. Сырттағы молекулалармен бірге плазмалемма цитоплазмадағы клатринмен қоса жасушаның ішіне қарай қуыстана енеді

Қуыстана келіп оның екі ұшы бітісіп кетеді де, соның салдарынан плазмалеммадан сырттан енген молекулаларды қоршаған көпіршік бөлінеді. Клатрин осындай көпіршіктердің айналасында жиек түзеді, сондықтан мұндай көпіршіктерді жиектелген деп атайды.

Клатрин көпіршіктердің клетка ішілік мембраналармен қосылып кетулеріне кедергі жасайды. Сондықтан, көпіршіктердегі молекулалар керекті жерге дейін кедергісіз тасымалданады. Осындай тәсілмен стероидты гормондар ядроға тасымалданады. Дегенмен, жиектелген көпіршіктер өздерінің жиектерінен, плазмалеммадан ажыраған сәтте бірден айырылады. Клатрин плазмалеммаға қайтып оралып, келесі эндоцитоз үрдісіне қатыса алады.

Клетканың беті жағындағы цитоплазмада біршама тұрақты көпіршіктер - эндосомалар болады. Жиектелген көпіршіктер клатриннен айырылып эндосомалармен қосылады. Бұл жағдайда эндосомалардың көлемі мен беті

ұлғаяды. Сосын эндосоманың артық бөлігі жаңа көпіршік түрінде бөлінеді. Мұндай жаңа эндосомаларда сырттан келіп түскен заттар болмайды, олар эндосомада қалады. Жаңа көпіршік жасушаның бетіне қарай жылжып, плазмалеммамен қосылады. Нәтижесінде жиектелген көпіршікті бөліп шығарған кезде кеміген поазматикалық мембрана қалпына келтіріледі, сонымен қатар плазмалеммаға оның рецепторлары қайтып оралады.

Эндосомалар цитоплазмаға батып лизосомалармен кездеседі. Олардың мембраналары бірігіп кетеді. Сөйтіп екінші реттегі лизосома пайда болады. Осындай екінші реттегі лизосомада клеткаға түскен заттар түрлі биохимиялық реакцияларға түседі. Осы үрдіс аяқталғаннан кейін лизосома мембранасы ұсақ фрагменттерге бөлініп кетулері мүмкін, ал екінші реттегі лизосоманың өнімдері жасушаішілік метоболизм реакцияларына түседі. Мысалы, аминқышқылдары тРНҚмен байланысып, рибосомаларға жеткізіледі, ал глюкоза Гольджи кешеніне немесе тегіс ЭПТ каналдарына жетікізіледі.

Эндосомалардың сыртында клатринді жиек болмаса да олардың барлығы лизосомамен қосыла бермейді. Олардың бір бөлігі клетканың бір бетінен екінші бетіне бағытталады. Ол жерде эндосома мембранасы плазмалеммамен қосылып, құрамындағы заттар сыртқа шығарылады.

Нәтижесінде заттар бір ортадан екінші ортаға өзгеріссіз тасымалданады. Бұл үрдіс трансцитоз деп аталады. Трансцитоз жолымен ақуыз молекулалары, әсіресе иммуноглобулиндер тасымалданады.

Фагоцитоз.

Кейбір үлкен бөлшектердің бетінде клетканың рецепторлары танитын молекулярлы топтар көп болады, клетканың рецепторлары сондай бөлшектермен байланысқа түседі. Сырттан келген бөтен бөлшектердің барлығында бірдей мұндай топтар болма бермейді. Дегенмен, ағзаға түскен бөтен зат әрқашанда қанда жәнеде клеткааралық ортада болатын иммуноглобулин молекулаларымен (опсиониндермен) қоршалады. Иммуноглобулиндерді фагоцит-клеткалар таниды.

Бөтен бөлшектерді қаптайтын опсониндер фагоцит рецепторларымен байланысқаннан кейін, фагоциттің беттік кешені толығымен активтелінеді. Актинді микрофиламенттер миозинмен қарым-қатынасқа түсе бастайды, клетка бетінің конфигурациясы өзгереді.

Өсінділердің терең жапырақшалары жұтылған бөлшектің айналасына мембрана түзеді де, фагосома пайда болады. Фагосома лизосомамен қосылып гетеролизосома (гетеросома, немесе фаголизосома) деген кешен түзіледі. Гетеролизосомада ұсталынған бөлшектің компоненттерінің лизисі жүреді. Лизис өнімдерінің бір бөлігі гетеросомадан шығарылып, клеткада утилизацияланады, қалған бөлігі лизосома ферменттерінің әсеріне төтеп беріп, қорытылмай қалып қояды. Мұндай қалдықтар қалдық денешіктерді түзеді.

Жалпы барлық клеткалар фагоцитозға қабілетті, дегенмен кейбір клеткалар осы бағытта арнайы маманданады. Ондай клеткаларға нейтрофильді лейкоциттер мен макрофагтар кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белсенсіз тасымалдану, оның түрлері
Молекулярлық биология және медициналық генетика
Мембрана арқылы заттардың өткізілуі
Везикулярлық тасымалдау
Везикулярлы тасымалдау
Антигендер - организмге түскенде иммундық жауапты түзетін генетикалық бөгде денелер
Клетканың морфологиялық құрылысы
Мембраналық транспорт: активті, пассивті, везикулярлық транспорт
Цитология лекция тест және бақылау сұрақтары глоссарий оқу құралы
Вирусты инфекциялардың жасушалармен әрекеттесуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz