Активтердің құнсыздануының есебі


Активтердің құнсыздануының есебі
Кіріспе
Іс жүзінде барлық активтер қаржылық жағдай туралы есептік құнын жоғарылатпау үшін құнсыздануға тексерілуі керек. Егер қаржылық жағдай туралы есептік құны өтелетін құннан асып кетсе, онда актив амортизацияланады. Өтелетін сома сатуға жұмсалған шығындар мен пайдалану құндылығын шегергендегі әділ құнның жоғарылауы болып табылады (актив нәтижесінде туындайтын дисконтталған таза ақша ағындары) . Алайда, актив басқа активтерге тәуелсіз ақша ағымын сирек жасайды, сондықтан ақша ағындарын қозғалысқа келтіретін бірлік деп аталатын активтер тобы үшін құнсыздануды тексеру жүргізіледі.
"Активтердің құнсыздануы" IAS 36-ға сәйкес компания активті құнсыздануға тестілеуі тиіс, оларға жататын құнсыздану белгілері болған кезде:
- активтің нарықтық құнының айтарлықтай төмендеуі;
- компания үшін теріс салдары бар техникалық, нарықтық, құқықтық жағдайларда елеулі өзгерістер;
- пайыздық ставкалардың елеулі өзгерістері;
- баланстық құнның оның нарықтық капиталдандырудан асып кетуі;
- моральдық және физикалық ескіру белгілерінің болуы;
- активтің экономикалық тиімділігін төмендету;
- егер активті сатып алу үшін ақша ағындары немесе оны ұстауға арналған шығындар бюджетте бастапқы жоспарланған сомадан едәуір асып кетсе;
- ақша қаражатының нақты таза ағындары немесе активтен шығатын операциялық пайда немесе шығын жоспарланған цифрлардан едәуір нашар болса.
1. Құнсыздану. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн.
Құнсыздану - активтердің баланстық құндарының төмендеуі. Келесі ұзақ мерзімді активтер бойынша анықталады: негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге (соның ішінде гудвилға да) және тек қана перспективті түрде қолданылады.
Активтік нарық - бұл төменде келтірілген талаптардың барлығы сақталатын нарық:
- нарықта мәміле объектілері біртекті болып табылады;
- әдетте, кез келген уақытта мәміле жасағысы келетін сатушылар мен сатып алушылар табылуы мүмкін;
- бағалар туралы ақпаратқа баршаның қолы жетеді.
Кәсіпорындарды біріктіру туралы келісімнің күні бірігетін тараптардың арасында елеулі келісімге қол жететін күн болып табылады, және, жария листингісі бар ұйымдар болған ретте, жұртшылықтың назарына жеткізіледі, дұшпандық жұтылу жағдайында біріккен тараптардың арасында елеулі келісім жасалатын күн сатып алынатына ұйым иелерінің жеткілікті саны осы сатып алынатын ұйымға бақылау орнату туралы сатып алушы-ұйым ұсыныс қабылдаған күн болып табылады.
Баланстық құн - жинақталған амортизация және құнсызданудан болған жинақталған залал сомасы шегерілгеннен кейін актив көрсетілетін сома.
Қозғалысқа келтіретін бірлік - бұл басқа активтерден немесе активтер тобынан түсетін ақшалай қаражаттар тасқынына едәуір дәрежеде тәуелді емес ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз ететін ең аз бірегейлендірілетін активтер тобы.
Корпорациялық активтер - бұл қарастырылатын қозғалысқа келтіретін бірліктер, сол сияқты басқа да қозғалысқа келтіретін бірліктер ретінде ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне салым салатын іскерлік беделден басқа активтер.
Шығару шығындары - бұл қаржы шығындарын және, пайдаға салынған салық жөніндегі шығыстарды қоспағанда, активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктердің шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.
Амортизацияланатын құн - актив сатып алуға шыққан нақты шығындар немесе өзіндік құн шегеріліп, қаржы есептілігінде нақты шығындардың орнына көрсетілген басқа өлшем.
Амортизация - бұл активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде бөлу.
Сатуға жұмсалған шығындар шегерілген әділ құн - бұл жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасалған кезде, шығару шығындары шегеріліп, активті немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді сату жолымен алуға болатын сома.
Құнсызданудан болған залал - бұл активтің баланстық құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы.
Активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің өтеу сомасы екі өлшемнің ең үлкені: оны сатуға шыққан шығындар немесе шегерілген оның әділ құны немесе оны пайдалану құндылығы болып табылады.
Пайдалы қызмет мерзімі - бұл не:
- ұйым активті пайдалануды көздейтін уақыт кезеңі;
- өндіріс бірліктерінің немесе ұйым активті пайдаланудан алуды күтетін сол сияқты бірліктердің саны.
Пайдалану құндылығы - бұл активтен немесе қозғалысқа келтіретін бірліктен алынуы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының дисконтталған құны.
Активтің баланстық құны өтелетін сомадан асқан кезде, ол құнсызданды деп есептеледі. Активтің құнсыздануынан залалдың туындау мүмкіндігін көрсететін кейбір белгілер сипатталған. Осы белгілердің кез келгені анықталған жағдайда, ұйым өтелетін соманың ресми есебін жасауға тиіс.
Ұйым әрбір есепті күні активтің мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің болуын анықтауға міндетті. Кез келген осындай белгі анықталған жағдайда ұйым активтің өтелетін сомасын бағалауға тиіс.
Бұған қоса, қандай да болсын құнсыздану белгісінің бар-жоғына қарамастан, ұйым:
- пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активті немесе пайдалану үшін әлі қол жетпейтін материалдық емес активті оның баланстық құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздану мәніне жыл сайын сынақтауға міндетті. Құнсыздануға ондай сынақтама жылдық кезең ішінде кез келген уақытта, ол жыл сайын тап сондай уақытта қайталанып отырған жағдайда, орындалуы мүмкін. Әр түрлі материалдық емес активтер әр түрлі уақытта құнсыздануға сынақталуы мүмкін. Алайда, егер мұндай материалдық емес актив бастапқыда ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде танылған болса, ол осы ағымдағы жылдық кезеңнің соңына дейін құнсыздануға сынақталуға тиіс.
Материалдық емес активтің өз баланстық құнын өтеу үшін жеткілікті болашақ экономикалық пайдалар іздестіру қабілеті, әдетте, актив пайдалануға қол жеткізілгеннен кейінге қарағанда, ол пайдалануға қол жеткізілгенге дейін неғұрлым жоғары шектеусіздік дәрежесімен сипатталады. Сондықтан, ең болмағанда, пайдалану үшін әлі қол жеткізілмеген материалдық активтің баланстық құнын құнсыздануға жыл сайын сынақтауды талап етеді.
Пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес актив, оның мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің бар-жоғына қарамастан, оның баланстық құнын өтелетін сомасымен салыстыру арқылы жыл сайынғы негізде құнсыздануға сынақталуға тиіс. Алайда, ондай активтің өтелетін сомасына алдыңғы кезеңде жасалған ең соңғы есептеулер, төменде келтірілген өлшемдердің барлығы қанағаттандырылған жағдайда, ағымдағы кезеңде құнсыздануға сынақталған кезде пайдаланылуы мүмкін:
- егер материалдық емес актив басқа активтер немесе активтер тобы қозғалысқа келтіретін ақшалай қаражаттардан әдәуір дәрежеде тәуелсіз болатын пайдалануды жалғастырудан ақшалай қаражаттардың тасқындарын қозғалысқа келтірмесе, және сондықтан да өзі жатқызылған қозғалысқа келтіретін бірліктің бір бөлігі ретінде құнсыздануға сынақталса, және, егер мұндай бірлікті құрайтын активтер мен міндеттемелер өтелетін соманы соңғы есептеген кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшырамаса;
- өтелетін соманы ең соңғы есептеу нәтижесі активтің баланстық құнынан әжептеуір асатын өлшем болса;
- өтелетін соманы соңғы есептеген кезден бастап болған оқиғалар мен өзгерген міндеттемелерді талдау ағымдағы кезге анықталған өтелетін соманың активтің баланстық құнынан аз болатыны неғайбіл екендігін дәлелдейді.
Жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін тараптардың арасында жасалған мәміледе сату туралы міндетті күші бар шарт бойынша, осы активті шығаруға тікелей жатқызылған қосымша шығындар ескеріліп түзетілген баға активті сатуға шыққан шығындар шегерілген оның әділ құнының ең жақсы дәлелі болып табылады.
Егер сату туралы міндетті күші бар шарт болмаса, бірақ актив белсенді нарықта сатылатын болса, онда шығаруға шыққан шығындар шегерілген оның нарықтық бағасы оны сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің әділ құны болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы әдетте тиісті нарықтық баға болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы болмаған жағдайда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құнды бағалау үшін, осы мәміленің күні мен бағалау күні арасындағы кезеңде экономикалық жағдайларда елеулі өзгерістер болмаған жағдайда, ең соңғы мәміленің бағасы негіз бола алады.
Сату туралы міндетті күші бар шарт немесе активке арналған белсенді нарық болмаған жағдайда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құнды анықтау үшін ұйым есепті күні жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін және бір-біріне тәуелді емес тараптардың арасында мәміле жасау кезінде шығарылу шығындары шегерілген активті шығарудан алуға болатын соманы неғұрлым анық көрсететін ақпарат негіз болады. Ұйым осы соманы анықтау кезінде тап сол саланың шеңберіндегі осындай активтермен жасалған соңғы операцияның нәтижесін ескереді. Ұйым басшылығы шұғыл түрде сатуға мәжбүр болған жағдайларды қоспағанда, сатуға шыққан шығындар шегерілген әділ құн мәжбүрлеп сатуды көрсетпейді.
2. Материалдык емес активтердің амортизациясын есептеу
Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы
барысында біртіндеп сапалық жагынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға
дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындагы пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда. кәсіпорын табыс таппайтынболса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндайжағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтыгы ұйымның зияны болып табылады. Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың қүнының бір бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық
аударым есептеліп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай аныкталады.
Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет
атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің
пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтілім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек. Жалпы материалдық емес активтердің тозуы бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының: «Материалдық емес антивтердің амортизациясы», - деп аталатын шоттарында жүргізіледі.
Амортизациялық құн - «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады. Қойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса;
2. Мыналарга байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына;
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді саналады, егер:
- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы) ;
- мәмілеге кетуге ниетті - сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса.
Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құлын бірте-бірте төмендету) субъектінің қызмет ету
мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің аморгизацияланатын
сомасы оны пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді
жүйелі түрде бөлінеді.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6 - «Негізгі құрал
жабдықтар есебі» БЕС-нда (Бухгалтераік есеп стандарггары)
белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тік сызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.
Материалдық емес амортизацияны есептегенде оларды қолдану орнына
байланысты мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:
935 «Материалдық емсс активтердің амортизациясы», 811 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу бойынша шығындар», 821
«Жалпы және әкімшілік шығындар» шоттарының дебеті.
111-116 «Материалдық емес активтердің тозуы» шотгарының кредиті.
Материалды емес активтер бойынша амортизациясы ай сайын алғашқы
құнының нормаларымен есептелген және материалды емес активтерін
топшылама қолдану мерзімінде есептеледі. Материалды емес активтердің
амортизация өлшемін анықтау үшін жылдың басында және алғашқы айында
«Материалды емес активтердің амортизациясын есептеу тізімдемесі»
құрастырылады. Амортизация (шығын) есептеу сомасына «Тауарды өткізу
бойынша шығындар(жұмыс, қызмет) » 7110, «Жалпы және әкімшілік
шығындар» 6210, «Материалды емес активтердің
амортизациясының және негізгі қаражаттардың шығыны» 8310, «Аяқталмаған құрылыс» 2610 және басқа да шоттары дебеттеледі және «Материалдық емес активтердің амортизация» шоты кредиттеледі.
Материалдық емес активтердің есептелген амортизациясы сомасын, сәйкес
машинограммаларға және есептік тіркелімдерге жазады. Материалдық емес
активтердің шығып қалған объектілерінің амортизация құнының есеп шығарылуы «Материалдық емес активтер амортизациясы» бөлімшелер шотының дебеті бойынша және «Материалдық емес активтер» бөлімше шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Материалдық емес активтерді түгендеу.
Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде кәсіпорынның өзіндік құқығына жататын нақты материалдық емес активтердің бар болуы, олардың баланста дұрыс және толық көрсетілуі; материалды емес активтердің шығынының дұрыс есептелінуін; моральді ескірген активтердің бар болуын тексереді. Материалды емес активтерді түгендеу кезінде обьектінің өзінін бар болуын және оның қолданылуына кәсіпорынның құқығын нақтылайтын құжаттардың бар болуын белгілеу қажет. Оларға материалды емес активтердің обьектісін немесе оның қолданылу тәртібін тізімдеуші, сонымен қатар кәсіпорынның мүлікті қүқығын нақтылайтын құжаттар жатады. Демек, Патенттік тізімдемеде тіркелген лицензиялық шарттың ойлап шығару қүқығын сатып алу. Материалды емес активтердің нақты ұйымдық есебін және олардың амортизациясы субъектінің қаржы - шаруашылық ісінің қорытындысының нақты көрсетілімінде үлкен рөл атқарады.
3. Құнсызданудан алынатын зиянды тану. Құсызданудан алынатын зиянды қалпына келтіру (реверсирование) .
Активтердің құнсыздануынан болған залалдар баланстық құнның өтелетін құннан асуына тең. Өтелетін құн активтің таза сату және дисконтталған құндарымен (оны қолдану құны) анықталады. Таза сату құны есептен шығару бойынша тікелей шығындарды, қаржылық шығындарды және табысқа салынатын салықтарды шегеріп тастағандағы нарықтық баға бойынша анықталады.
Жекелеген активтердің құнсыздануынан болған залалдарды тануға және бағалауға қойылатын талаптар белгіленеді. Қозғалысқа келтіретін бірліктердің құнсыздануынан болған залалдарды тану және бағалау мәселелері.
Егер активтің өтелетін сомасы оның баланстық құнынан аз болған кезде ғана, баланстық құн активтің өтелетін сомасына дейін азайтылуға тиіс. Бұл азайтылу құнсыздану залалы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz