Үндістан - мәдениеті, діні, тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Үндістан

Өзендерінің көптігі мен ауа райының қолайлылығы арқасында Үнді жері құнарлы, өсімдік түрлері мен хайуанаттарға бай ел болған. Қазба байлығыда көп болып, жерінде асыл тастар жиі кездесетін. Қымбатты металдар аз, ал темір рудасы көп болған. Ертеден-ақ төңіректегі теңіздерден тамаша інжу-маржанды тауып жинақтаған. Б. з. д III мың жылдықтан бұрын Инд өзенінің алқабында (қазіргі Пакистан жері) өзіндік төл мәдениеті бар ерікті Харапп өркениеті құрылған екен.

Археологиялық қазбалар жүргізілгеннен кейін көне қалалардың орындары табылып, су жинайтын бассейн, канализация желісі және бетіне кестелеп тас төсеген көшелердің болғаны анықталды. Қалаларды қоршаған қорғаныс қабырғалардың ішінде әсем салынған сарайлар мен храмдар да табылған.

Ауқатты адамдардың үйлері күйдірілген қыштан салынып, жай халық бамбук пен ши-шыбықтан тұрғызылған лашық үйлерде тұрған. Құрылыс материалдарының негізі-бөрене ағашы мен одан тілінген ағаштар болған. Көне заманнан келе жатқан жергілікті халықты «дравид» деп атапты.

Б. з. д. II мың жылдықта Үндістанға терістік батыс жағынан Брахма құдайына табынатын көптеген арий тайпалары басып кірген. Олар көшпелі мал бағушы ел болған екен. Жаулашылар өздерін жергілікті туземдік халықтан жоғары санап бүкіл елді жеке тұйықталған касталарға бөлген көрінеді. Катаның төрт түрі болып, жоғарғы касты-брахмандар, екіншісі-жауынгерлер (кшатрийлар), үшіншісі ауыл шаруашылығында істейтіндер мен саудагерлер болып, төменгі кастаға құлдар (шудралар) мен жалдамалы кызметкерлер жатқан.

1. Діни-Мифологиялық көзқарастар мен нышандар

Үндістанның өзіндік төл көркем өнері, негізгі діндері буддизм мен индуизмге тығыз байланысты болған. Елдің барлық діндердің ерекшелігі олардың интровертивтігінде: яғни адам өзінің ішкі дүниесіне үңіліп ізденуге, өз жолын тауып мақсатқа жетуге, өзін қорғап, теңдік алу сияқты ұстанымда болып, Абсолютке сіңіп еріп кетуге, сол арқылы өлмейтін жанын күнделікті заттық құрсаудан шығаруға тырысқан.

Индуизмнің (брахманизм) дамып өсуі көне мифологияларға негізделіп-пұтқа табыну, табиғат құыбылыстарын, хайуанат пен өсімдіктерді қасиеттеп, оларды құдай деп тану сияқты ұстанымдар да болған. Барлық дүние, адамдар мен құдайларының атасы болып, Веди пантеонның ең даңқы, басты тұлғасы ретінде екуінің тұңғыш ұрпағы. Индра аталған. Ол жылылық пен жарықтың, жаңбыр мен дауылдың құдайы-дана көсем, дүниені билеуші, перілер шошынған жер дүниесінің қожасы болатын.

Көне үндістандықтардың космологиялық ұғымы бойынша, бүкіл әлем күн бағытының қозғалысына қарай төртке бөлінген. Бәрінің ортасында аспан кіндігі болып саналатын темірқазық жұлдызының астындағы қасиетті тау «Меру» тұр делінген. Дүниенің төрт жағы, төрт мезгілі, күн теңділігі мен оның қозғалысы, уақыт пен бүкіл әлем кеңістігі дегендердің бәрін әлем билеушісі белгілеген. Соғын байланысты жердің қасиетті бөлігі қоршалып, дүниенің белгілі бағытына сәйкес төрт қақпа орнатылыу тиіс болатын. Бұл істі атқаруда қоршаусыз бір қақпа ғана орнатылғаны да аздық етпегенге ұқсайды.

Көне үндістандықтардың деректері бойынша, құс күнді білдіргендіктен, свастика күннің нышаны болған. Үндінің свастикасы екі сөзден құралған. «Су» дегені күн құсының аты. «Астика» - жылдың екі бөлігі жылуы мен суықты білдіретін құдайдын аты. Свастика кресі тармағының сол жаққа қисайғаны (әйелдердікі) - күн құсының күз бен қыста терістікке ұшқанының нышаны болған. Сегіз сәулелі жұлдыздар, тура крест пен қисық кресттің қосылып тұрғаны-еркек пен әйелдің бірігуін білдіретін өмір құрылысының нышаны болатын. Бір аяғымен тұрған қыз-өсіп, өнудің идеясын білдіріп, кейін Дүние ағашының нышаны және Ұлы әйел құдайының белгісіне айналады.

Ал, жылқы байлайтын жер дүниенің ортасы ретінде есептеліп, Рикведадағы ғарыштық өгіз (қасиетті өлеңдер мен құрбандық формулалар жинағы) - от, жарық, суға ұқсастықта болған. Қой малы - шекараны қорғаушы, құнарлыққа себепкер және денсаулық пен адамдықтың нышаны болып, кейін қасиетті хайуанаттарға табынуға әсерін тигізген. Қасиетті хайуанаттарға сиыр, өгіз, зебу және маймылдар, жылан мен қаздар жататын.

Лотос - түлеп даму, сұлулық, мұрат-арманы мен рухани шарықтауда табысқа жетудің белгісі, құдайлардың лотостың ашылы қоймаған гүлінің жапырақтарында отырған кейпі бейнеленген. Тоғыз гүл жапырақ - адам нышаны, он екісі - бүкіл дүние мен құдайдың, жетуі - планета мен заңның, бесеуі - сезім мен мистерияның, үшеуі - басты құдайлар мен дүниелер нышаны болған.

Бүкіл өмір мифтік көзқарастарға толы. Халық ауыл қоныстарының қауымдастығында қатаң тәртіпте ғұмыр кешкен. Қоныстардың қорғандары тек жаудан ғана қорғамай, жын-сайтандардан да қорғануға арналған екен. Қоныстарды анала қоршап төселген жол соқпақтарын жұрт салтанатты түрде жүріп өтсе, ондағы бірін-бірі тік кесіп өтетін екі көше қонысты әр каста үшін төртке бөлетін. Көшелердің қиылысында қолдан үйілген тобешік үстінде табиғат күшінің сиындай фига ағашы өсірілген. Осы ағаштың түбіне шаруашылық мәселелерін шешуге басшылар жиналатын болған. Көшелердің шетіне ағаштан төрт қақпа орнатылып, ортадағы қиылысқа өткен атаулы оқиғаларға арнап ескерткіш ретінде үлкен бағаналар тұрғызылған көрінеді.

Жаңа-брахманизмнің (б. з. д. V ғ. ) құдайларға арналған патеонында басты орын Брахма, Вишну және Шиваға берілген. Халықты сыйлайтын Вишну құдай ізет білдіріп, балық, тасбақа, тіпті Будданың бейнесіне айналатын болған. Шива құдай бүлікшілік әкеліп, жаңа түрлердің пайда болуымен бірге, оның жақсылық жағы да болған сияқты. Ол дүниеге кейбір жақсылықтарды әкеліп, жаңа түрлердің пайда болуы мен табиғаттың өнімділігін арттырып, секс мәдениетін көтеруге де атсалысқан.

Буддизм Үндістанда б. з. д. VI ғ. тарап, діннің негізгі ұстанымы - адам тұлғасын бағышталған. Оны құрушы және ең жоғарғы шындықты іздеуші атақты патша баласы Гаутама болатын. Ол осы үлкен істі дамыту үшін байлық пен атақтан арылып, дүниемен үйлесім табуда елді пайымдылыққа шақырған. Будда (жарқын бейнелі) есімімен әулие атанатып, оның сүйегі, яғни әруағы үлкен құрметке ие болды. Ертедегі аңыз бойынша, таласта Будданың денесін алғаш рет сегізге бөліп, кейін 84000-ға бөлген екен. Әр бөлшек алтыннан, хрустальдан ю, күміс пен асыл тастан жасалған қобдишаларға салынып, тас молаларға жерленген.

Үндістанның барлық пантеондары үнемі қозғалыста күн кешкен. Құдайлар бенесі әрдайым күресте, қимылда, ауыспалы күйде болғаны баяндалады. Олардың көтеріңкі мінез-құлқы өзгеріп, жаңа кейіп алып тұруына байланысты болыпты. Индуизм өнерге мәнерлілік әкелсе, буддизм пайымдап ойлануға жетеленгенге ұқсайды.

2. Сәулет өнері

Храмдар. Үндістанда сәулет өнерінің көне ескерткіші болған ступаны (топ) басқаша «дагоп» деп те атаған (дене сақтауша) . Бұл сфералық күмбезде құрылыстың ішкі кеңістіксіз болатын. Ал жоғарғы жағында қасиетті діни заттарды сақтайтын шатырлы қалқан тұрғызылған. Ступа жерге терең тамырлап кіріп, барлық заттардың пайда болуы негізінің ескерткіші ретінде жер даңқын дәріптеуге арналып салынған екен. Кейінгі кездегі көзқарас-сенім бойынша, сол жер қойнауында үнді құдайы Брахма мен дінді уағыздаушы Будда болған көрінеді. Кейде ступаның ортасына жер кіндігі секілді жұмыртқа, кейпінде тұтас тас алынып күмбезделуі, аспан күмбезін білдіру болса, басқаша, шар болып жабылған күмбез су көпіршігіне ұқсас дүниенің тез өтетінінің нышаны болған.

Санчиздегі ступа соқпа қыштан қаланып, сырт жағы күйдірілген қышпен қапталғаннан кейін битіктігі 15 м, жарты шар келбетіндегі тобешік болып шыққан. Ол салатанатты түрде айналып өтетін жолы бар атыздың үстіне орнатылған. Ступа мүсіндер бедерімен өрнектеліп, дүниенің төрт жағына бағытталған төрт қақпалы қоршау болған. Оның бас қақпасының жанынан арыстанның келбеті бейнеленген биік шарбақ тұрғызылған екен.

Ступаның кейінгі түрі ретінде, «чайтия» (табынуға арналған жай) деген үнділік храм болған. Мұнда бұрынғы түрін сақтап қалған кішірейген ступа да табылыпты. Чайтияның көбісі жартастарға ойылып салынып, ондағы ступаны қоршап тұрғызылған бағаналардың қасынан салатанатты түрде жүріп өтетін әдет те сақталған. Чайтияның кіріс жағы әсемделіп, үлкен сыналап жасалған арканың маңайы кішірек аркалармен қоршалып, алдыңғы жағы бірінің үстіне бірі салынған шығыңқы, шатырлы балкондармен толықтырылған.

Жаңа брахмандардың табына ын ескерткіштері екі түрдегі храмдардада салыныпты: сүйірленген биік мұнаралы шикхара храмы терістік жақтарға тарап, сақтайтын құдай Вишнуға бағышталған, «вмиана» атауындағы храм жатықтау болып, түстік жаққа тарап, Шиваға бағышталған. Ол сырттай қарап пайымдау қажетіне жараған. Бұл храмдар үш бөліктен тұратын: қанатты галерея бөлігіне намаз оқитындар кірсе, екінші жабық жайлар, үшіншісі үстіне биік мұнарс орнатқан храм болған. Олардың жалпы композициялық көрінісі кактус өсімдігіне ұқсаған екен.

Тұрғын үйлер. Үндістанның түстік жағында, көбінесе, бір қабатты пальма мен қыштан қаланып, төбесі черепицамен жабылатын үйлер салынған. қабырғалары жылтырауық глазурьмен қапталып, айналдыра қоршаған жабық галерея құрған. Терістік жақтағы үйлер тастан қалап, сағанғандықтан

биіктігі 5-7 қабатқа жететін. Олардың жоғарғы қабаттары дәліз, балкон, галереямен көркемделіп, шатырланған төбесін әшекейленген бағаналар тірейтін. Үй ішін бағналар, жеңіл қабырғалар және кілем перделері жеке бөлмелер мен залдарға бөлген. Кедейлердің үйлері сабаннан салынып, енсіз, аласа, еіктен басқа саңылау түсетін жері жоқ, үй ішінде бір екі шиден толықтырылған перде, төсеніш төселген, биттен арылу үшін үй ішін сиырдың сұйық жапасымен сылап отырған болған.

Патша сарайы туралы б. з. I ғасырындағы жазбаларында қызық жағдайлар да баяндалып: бір үй ұзынша төртбұрышты түрде салынып, үш жағында бау бақша өсірілген екен. Бірімен-бірі жапсарлас жеті ашық аулалы жердің екі жақ бүйірінен салынған қосалқы үйлер негізгі үйге тірелген. Бірінші аулаға кіргізетін басты қақпа аса тартымды болып, оның әдемі табалдырығына су сеуіп, тазалап, сыпырып отырған. Күмбездің қақпасы піл сүйегімен қапталып, оған ала жалаулар мен ақ гүлдер ілінетін. Қақпа діңгектерінің жоғарғы шетіне гүл шашқан шыны сауыттар қойылнан. Қайырылып жабылатын есіктер алмас және алтын сынықтарымен жалтыратылып, адам жүретін жерге хош иісті гүлдер себіліп, маңайында қақпашыға арналған орын да қалдырылған. Бірінші аулаңның жан-жағынан салынған залдар мен галереялар аппақ айдай, теңіз ұлуындай, су лалагүлінің сабағындай ақ, ал қабырғалары жалтыраған алебастрмен қапталған. Түрлі-түсті алтын жалтылы бар тастардандан салынған сатылар жоғарғы қатарға көтеретін. Жарық хрустальді терезеден түсетін. Екінші аулада өгіз, жылқы, пілдерге арналған жайлар болып, олардың жанына ауру-пәледен сақтайтын тұмар сияқты маймылбайланған. Үшінші аула меймандарға арналып, онда аумақты қиындық, тақ және түрлі ойын-сауыққа арналәған үстелдер қойылған. Төртінші аула үй арасында театрланған қойылым, гимнастикалық жаттығулар мен ән-күй, әуен сауықтырына арналса керек. Ауа таза болсын деп әдемі ққмыра ссуыттарға су құйып, іліп қоятын болған. Бесінші ауласы мал сойып, ас пісіруге арналса, алтыншы ауланы меймандарға қызмет ететін адамдар иеленіп, жетінші аулада құстар еркін ұшып жүру мен бірге оны торға отырғызып, әр жерге іліп қоятын да болған. Жеміс пен гүлге толы бау-бақша ішінде ақ гүл өсетін су хаыздары саналып, ағаштар арасында сұлулар отырып деп алатын гамактар құрылған.

3. Жиһаз

Жиһаз патша сарайы мен атақты адамдардың үй жанында болған. Жиһаз түрлеріне қымбат кілем жапқан дивандар, үстелдер, ағаш үлдіріктер, асыл бұйым сақтайтын сандықтар мен жәшіктер жатады. Үндістандықтар жерге отырудан тартына бермейтін. Олар орындықтың үстіне отырыпта малдас құрған. Үндістандықтар көп жағдайда орындық орнына аздап жапырылған шар сияқты жастықтарды пайдаланса, салтанатты жағдайда арнайы тақ қойылып, оның төменгі жағы қусырылған түрде, аяқтары жонылып әсемделген. Жоғарғы рейкалары еңкіш, оның үстіне қорқынышты түрі бар айдаһардың бас бейнесі орнатылған.

Патшаның тағы фига ағашынан ойылып алынып, қабаттасқан алтыны бар асыл тастар шаншылып ілінген қымбат маталармен жабылған тақтың етегіне арыстан терісі төселген. Тақта отырған патшаның бас жағына ұсталатын сары шатырдың орнына кейде ағашқа тартылған қымбат далда қойылатын. Патшаны көтеріп жүріп серуендететін зембілді аса қымбат заттармен жарақтайтын. Ал жабық зембілдерді патша отыратын орынға әдемі кілемдер мен жолбарыс терісі төселіп, жанына бірнеше кестелі жастықша қойылатын болған.

Отыруға дөңгелек әлде арқасы жоқ орындықтар қолданылып, олардың аяқтары әдемі түрде сырланып, үстіне әрлі қымбат жабулар жабылатын. Аласа жұмсақ диван секілді созыңқы орындықтар да қолданыста болған. Жантайып жатуға арналған төсек түрлері де, тоқыма несе қымбат матамен жабылып, үлкен үстелдер қолданыста болмай, әркімге кішірек жеке үстел қойылып, үстіне алтын табақшаларға піскен күріш пен көкніс салынып қойылады екен.

Қолөнерші индустар ағаш иудің үлкен шебері болған. Бұл өнер ұмтылып, оны еуропалықтар XIX ғ. басында қайтадан қолға алып, меңгере бастаған. Түрлі шайырға бай ағаш жиһаздарын лактау техникасын үнділіктер жоғарғы деңгейде меңгерген: бірде жонылып қашалған жиһаз элементтеріне тез кебетін түрлі-түсті лактар жақса, басқасында лакты қабаттап жағу әдісі қолданылады да және оған сграффитоға ұқсатылып үстіне өткір қаламмен сурет те салынатын болған.

Жиһаз жасауға ағаштың тикоға жататын қаттысы да, бам-бук сияқты жеңіл де қолданылатын. Оны әшекейлеуге түрлі бояуы бар ағаштар, піл сүйегі, тасбақаның қаңқасы, қымбат тастар мен асыл металдар қолданылатын. Бомбей мозаикасы делінген қараағаш интарсиясы, перламутр мен піл сүйегін өрнектеу секілді әшекейлер бүкіл әлемге белгілі болған. Көлемі үлкен болып ойылған оюлар үндістердің өрнектеп әшекейлеуге аса құмар болғанын білдіреді.

4. Бейнелеу канондары мен көркемдеу өнері

Үндістан тарихында өнердің ерекше өсіп дамуының екі ккезеңі болған: бірінші классикалық Гупттер (IV-VI ғғ. ) мұрагерлігі кезінде дамыған буддалық өнер болса, екіншісі мұсылмандық кезең (XIV-XVII ғғ. ) . Бұл тұста индустік сенім ұлы моғолдардың мұсылмандығымен бірге қатарласа дамыған болатын.

Тас. Үнділіктер өз өнерінің бастауы Санчиздағы (б. д. II ғ. басындағы) барельефтерге байланысты деп білген. Онда Бір жағынан кентавр мен тиртондары бар эллиндіктердің ықпалы болса, екіншіден үнділіктерге тән молшылықпен жайқала өсіп, барельефтерді жапқан өсімдіктер мен қақпаның барлық бос жерінде тұрғызылған торана дегенді айтуға болады. Торананы әйел келбеті, әсіресе оның дөңгеленіп біткен сезімге толы ажары мен жүріс-тұрысы арқылы әсемдеген.

Гупттер (IV-VI ғғ. б, д, ) дәуірінде стильдер дамып, көптеген ою-өрнектер пайда болған: геометриялық ромб пен шеңберлер; қатарласа алмасып тұратын жапырақтармен қоршалған өсімдіктер-лотос, гүл тізбектері, бұтақ тектес өрнектер; судағы жантүршігерлік ғажайып макарлар, немесе «киннар» деп аталатынжартылай құс, жартылай адамдардың суреттері бәрі гүлмен шырмалған. Өсімдіктердің ішінде лотос гүлі бәрінен артық бағаланып, ол шын мәнінде шарықтаған салтанаттың белгісіндей буддистердің қасиетті гүлі болатын. Мұндаығ бір ерекшелік Үндістан суретшілерін де Иран шеберлері секілді гүлдің емес, оның гүл жапыр пісе бастаған кезі көбірек қызықтырса керек.

Барельефтерде буддалық циклдардың бейнесі, Будданың бала кезі, оның тууы, нұрлануы, уағыздануы, және рахаттануы сияқты кездері көрсетілген. Оның сол ортада болғанын нышандық түрдегі ізі, күннен қорғайтын шатыры, заңның дөңгелегі ағаш түбінде тұрғанда дүниенің ашылып көрінуі бейнеленген. Брахма циклдарындағы мазасыз, көтеріңкі бедерлерді өнер зерттеушілері жын-ойнақ, дүркірек, қызу қанды құмардықпен дейнеленген деп те атайтын.

Будданың екі түрлі мүсіні белгілі болды: бірі кең киімді кейіпінде тік тұрған қолын созып бата берген кезі, екіншісі малдас құрып отырған кейпі. Мұнда арманға берілген ақ көңіл адамның еркшелігі басым байқалады. Жай кезде ол тыржалаңаш, кейпі дүниеден түңілген, терең ойдағы, пайымдау мен рухтануды білдіргендей болып тұратын.

Будда мүсіні симметриялық қатарда алға шығыңқы үшбұрышқа сыйып, қатаң геометриялық келбет алатында, кейде сырт жағынан үлкен нимб жалғасқандай болып көрінетін. Нимб алғашқыда басты айқындап, адамның күш қуатын көрсетсе кейін ол Будданың мүсіндегі геометриялық өрнекке айналған. Будданың көп бастары аса сұлу, пішінді, бет келбетінің мөлшері орынды бейнелеген.

Индустар тасты мұрриней аталатын құмыра сауыттарды жасауға пайдаланып, олар кубокке ұқсатылып, далалық және әкті шпаттан жасалатын. Кейін осы минералдан табақ, шыны аяқ сияқты ыдыстар мен бірге кішірек үстелдер, әсемделінген жиһаздар шығаратын болыпты.

Көркем суреттер. Аджанта жартасындағы монастырьлерден көптеген фрескалар табылған. Ондағы фрескалар Санчи барельефтерінің стиліне ұқсас болып, бетіне тойдың салтанатты аһуалы мен жай тұрмыстық кейіптерде белгіленген. Будда мен оның оқушылары еркектер көбінесі, бейлеген әйелдер қоңырқай түспен суреттеліпті.

Қабырғаларға сурет салу туралы трактаттар VI ғ. жазылып, ондағы дәстүрлә техникалық түрде аса дәйектілікпен сіреттің орындалу мөлшері баяндалыпты. Бастауы кеппеген жай сылақтың үстіне гризайльді жағып, кейін бетіне құрғақ бояу сеуіп немесе темперлеп, ақырында пілдің азу тісімен тегістелгені көрсетіліпті. Басқа трактаттарда адамның бой түзеумен сезім бұлқынытары жазылып, ағаш пен пальма жапырақтары, түрлі түсті нәзік гүлдер қол жазба беттеріне салынып, аралары ашылған. Осындай нәзік суреттер асқан шеберлікпен күнделікті көрәәнәстердәі бейнелеген көрінеді.

Керамика. Алғашқы көзеқыштан істелген бұйымдар геометриялық және анималисттік тақырыптар негізінде әшекейленген. Інжір ағашының гүлі, көптеген иректер, түрлі аң суреттері күрделі композицияны құраған. Көзеқыштан жасалған заттар мен бәрге құнарлылық құдайын білдіретін үлкен бөкселі терракоттық әйелдер мүсіні де сақталыпты,

Гупттер дәуірінде храмдардың қабырғасына көркем бедерлер, ал еденіне терракоталық тақталар төселген. Орта ғасырдағы моғолдар әулиетінің кезінде мұсылмандар стилінде фаяныстан жасалған бұйымдар пайда болған. Төгілтіп қапталмаған коньковалық (коньковая) черепицадан жасалған көзе қыш заттар арыстан басымен және қалып арқылы басылып шығатын өрнекпен әшекейленген.

Металдар. Үндістанда әрдайым метал үлкен шеберлікпен өңделген екен. Кезінде үстіне мүсін тұрғызылған «б. д. 414 ж. » деген белгісі бар үлкен темір бағана сақталыпты. Гупптер дәуірінде құйылған Будданың қола мүсініде табылып, онда Будданың келбеті, көп тесікті детальды әшекейлерімен әсемделген бейнесі берілген. Мүсін мыспен қалайының қорытпасынан құйылған. Қорытпаға аздап қорғасын, сүрме, мырыш, тіпті алтын мен күмісті де қосыпты. Биіктігі екі метрден асатын мүсіндердер де құйылып шығарылған. Оған мысал ретінде осы күнге дейін тұрған V ғ. басында мыстан құйылған Будданың мүсінін атауғы болады.

Қару-жарақ жасауға қола мен бірге темір және болат пайдаланылып, олардың кейбіреуінің бюетін алтын немесе күміспен әшекейлеген. Діни құмыра, үй ыдыстары, шам тұрақтары және тарақтар жасауға мыс пен қоланы пайдаланған. Металдан жасалып, тек үнділіктер ғана қолданып «анк» деген көп шимайлы өрнектермен көркемделінген пілді айдайтын қамшыда табылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі үндістан мемлекеті
Үндістан мемлекетінің туризмі
Британдық үндістан
Ежелгі үндістан мемлекеті мен құқығы
Британдық Индия
Орналасқан жері
Буддизм мен джайнизм
Үндістан мемлекеті туралы
Ежелгі Қытай өркениеті
Ежелгі Үнді әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz