АҚПАРАТҚА ҚҰҚЫҚҚА СЫЙЫМСЫЗ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ӘОЖ 342. 4
Садвакасова А. Б. - АӘИУ, магистрант
Айдарбекова К. Ж. - ХГТУ, аға оқытушы
АҚПАРАТҚА ҚҰҚЫҚҚА СЫЙЫМСЫЗ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІТүйіндеме:
Резюме:
Кілттік сөздер:
Қарастырып отырған ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізу қылмысының ерекшелігі болып оны анықтау, тергеп-тексеру және дәлелдеу табылады. Компьютерлік ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізу қылмыстарының іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларға келесілерді жатқызуға болады:
- компьютерлік ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізу фактісінің болуы;
- ақпаратқа қол жеткізудің құқыққа сыйымсыздығы, ақпараттың иесін, құпиялығын және ақпаратты қорғау құралдарын қолданылуын анықтау;
- орны (шабуылданған ақпараттың орны мен ақпаратқа шабуыл жасау орны) ;
- уақыты және зиянды салдардың түсу уақыты;
- қылмыс қаруы - компьютерлік және коммуникациялық құралдар, заңсыз қол жектізу үшін субъект ретінде қолданылған бағдарламалық қамсыздандырулар;
- әдісі;
- зиянды себеп-салдары, сипаты мен зиянның мөлшері;
- субъектісі, оның қызметтік жағдайы, оның компьютерлік жүйеге немесе оның желілеріне қол жетімдігі; қылмысқа қатысушыларды анықтау, өзара рольдерге бөлінуін анықтау;
- қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын мән-жайлар.
Компьютердегі ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізуді дәлелдеудің ерекшеліктері мен қиындықтары өте көп: айғақ деп қандай заттарды есептеу керек, олардың түрлері қандай болу керек, қосымша айғақ деп қандай заттарды есептеуге болады, осы тәрізді айғақтардың мүмкіндігін қалай анықтауға болады және т. б.
Осы көрсетілгендердің бәрін талқыламай-ақ, біздің ойымызша, ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан шешуді қажет ететін, зерттеу жүргізіліп отырған істер санаты бойынша көбіне жедел тергеу жұмыстарының рәсімін анықтайтын көрсетілгеннің біреуіне тоқталғанды жөн көрдік. Әңгіме компьютерлік техниканың көмегімен алынған нақты мәліметтер туралы, оның ішінде құжаттар туралы болып отыр.
Р. Локк өзінің диссертациялық жұмысында компьютерлік техниканың көмегімен алынған нақты мәліметтер қандай жағдайда іс бойынша айғақ болып табылады деген сұраққа жауап беруге ұмтылыстар жасаған [1] . Десек те, бұл ғылыми еңбектер аталмыш саланың мәселелерін толықтай шеше қойған жоқ деп есептейміз.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру барысында дәлелдеу процесі кейбір қиындықтарға тап болады. Қазіргі таңда Қазақстанда озық шараларды қолдануға қатысты заңнамалық құзыреттілік жоқ. Оған мысал ретінде қашықтықты компьютерлік-техникалық сараптаманың жоқ болмауы. Ал компьютерлік қылмыстар бойынша дәстүрлі процессуалдық құзыреттерді қолдану көп жағдайларда, жиналған дәлелдемелердің заңсыз болуына табылуына, құқықтық сәйкессіздігіне және дәлелдемелердің жоққа шығарылуына әкеп соғуы мүмкін [8, 162 -бет] .
Ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізу фактісін дәлелдеу кезінде компьютерлік құрылғыны және ондағы компьютерлік ақпаратты алу үшін тінту
және алу сияқты тергеу әрекеттерін жүргізуге құқықтық құзыреттілік заңнамамен реттеліп, рұқсат берілген. Сонымен қатар, компьютерлік ақпаратты өзге жолмен алуды сол ақпаратты сақтауды жүзеге асыратын интернет желісі қызметін ұсынатын ұйымдардан жеке тергеулік тапсырма арқылы жүзеге асыруға болады. Алайда, үшінші тараптың қажет ақпаратты уақытылы ұсынбауы және ұсынбауы тергеп-тексерудің тоқтатыла тұруына әкеп соғады және ұйымдарды тапсырманы орындауға міндеттеу қиын.
Бұл интернет желісін ұсынып отырған ұйымдар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара әрекеттестіктің жоқ болуынан туындайды. Интернет желісін ұсынып отырған ұйымдардың мұрағаттарында абоненттер, шот-фактуралар туралы ақпарат, кейбір байланыс журналдары, орналасқан жерлер туралы ақпарат және мәліметтердің мазмұны туралы мағлұматтарға ие. Осының барлығы қылмысты дәлелдеуге көмегін тигізетін электронды дәлелдемелік заттар болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында өзінің қызметін жүзеге асырушы байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға абоненттер туралы қызметтік ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.
Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарын орнатуға, өздерінің құрылғыларын бекітілген талаптарға сай қамсыздандыруға Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген ретте абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауға және екі жыл ішінде сақтауға міндетті [2] .
Алайда байланыс операторларының тергеулік тапсырмаға берген жауаптарға сай, байланыс операторларының көбі тек детализациялауды жүзеге асырып, абонеттер туралы ақпаратты сақтамайтындары жөнінде мәлімдеген. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты елімізде тек «КсеLL» компаниясы сақтағанымен, сақталған барлық мәліметтерді Ұлттық қауіпсіздік органдарына ғана ұсынатындары туралы мәлімдеген. Ақпараттың мазмұны ІР-мекен-жайдың орналасқан жері, мекен-жайдың кімнің атында екені, қандай жұмыс атқарылғаны, не істелгені туралы мәліметтерден тұрады [8, 164-бет] .
Компьютердегі ақпарат саласындағы қылмыстарды тергеу әдістемесін әрі қарай дайындау үшін істің осы санаты бойынша айғақтардың негізгі белгілерін анықтап алу қажет деп ойлаймыз.
Қазақстан Республикасының ҚПК-де құжатталған компьютерлік ақпарат айғақтардың жеке санаты болып көрсетілмеген. Бұның қажеті жоқ деп ойлаймыз, өйткені жалпы алғанда, ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізу туралы істер бойынша айғақтар жүйесі қолданыстағы ҚПК шегінде айғақтардың жалпы логикасына жатпайды деп ойлаймыз. Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде басқа да көзқарастар бар, бұл көзқарастарда қылмыстық іс жүргізу заңында «құжатталған компьютерлік ақпарат» деген айғақтың жаңа түрін бекіту керек не болмаса «өзге» құжаттарды жазбаша құжаттар және техникалық құралдардағы ақпарат деп бөлген жөн делінеді [3, 50-бет] .
Компьютерлік техника құралдарын пайдалану арқылы алынған айғақтардың мазмұны мен түрлерін анықтау басты мәселе болып табылады. Біздіңше, бұл нысандарға қатысты «электронды құжат» деген терминді қолдану орынды сияқты.
Қылмыстардың қарастырып отырған тобындағы қол сұғылған зат компьютердегі ақпарат болып табылады, бұл ақпарат әртүрлі тасымалдаушыларда сақталуы мүмкін. Тәжірибеде компьютердегі ақпарат тасымалдаушысы деген ұғымға заңнамалық тұрғыдан берілген қандай да бір анықтама болмағандықтан, осы қылмыстарды тергеу бойынша қызмет айтарлықтай күрделі (мәселен, бақылау-касса машинасын немесе пейджерді электронды есептеуіш машина, яғни «ЭЕМ» деп санауға бола ма және т. б. мәселелер алға қойылады) . Қазіргі таңда, компьютердегі ақпараттардың тасымалдаушылары магниттік және лазерлік дискілер, магнитті-оптикалық дискілер, магнит таспалары мен карталары, флеш-карталар (осы аталғандардың бәрі компьютердің сыртқы жадының құрылғылары) ; сондай-ақ ақпарат компьютердің жедел есте сақтау құрылғысында (әрі қарай - ЖСҚ), ЖСҚ шалғай құрылғыларында, ЖСҚ компьютерлік байланыс құралдары мен желі құрылғыларында болуы мүмкін. Алайда «өзге» құжаттарды анықтау кезінде ғылыми әдебиеттердегі ақпараттың осы тәрізді тасымалдаушыларын қолданыстағы ҚПК 111-бабының 2-бөлігіне енгізу қажет деген ұсынысын артық деп санаймыз, өйткені кейбір әдебиеттерде компьютерлік ақпарат пен техникалық құралдардың, ақпарат тасымалдаушылардың адам оқи алатын жаңа түрлері үнемі пайда болып жатады деген пікірлер бар [4, 74-бет] .
Ақпарат бір ғана тасымалдаушы - қағазға қатаң түрде бекітілген дәстүрлі технологияларға қарағанда, компьютерлік техника құралдарының көмегімен жасалған құжаттарда ақпараттың түрі мен мазмұны айтарлықтай ерекшеленеді, бұл оны дайындаудың техникалық сипатына байланысты. Бір ақпарат тасымалдаушылардың кез келген түрінде болуы және оның бірнеше түрінің болуы мүмкін. Мысалы, құжат магниттік дискіде (екі машиналық кодтың статистикалық жазба түрінде - машина оқитын қалыпта) сақталуы мүмкін, сонымен қатар арнайы драйверлердің көмегімен дисплейдің экранына немесе принтерге арналған арнайы бағдарламаның көмегімен алынған басып шығарылған бетке («адам оқи алатын» қалыпта) шығарылуы мүмкін. Осыған байланысты басқа құжаттарға қол тигізбей-ақ, қолда бар бірнеше түрінің біреуіндегі құжаттың мазмұнын өзгертуге мүмкіндік бар.
Біздіңше, қылмыстық іс жүргізу заңына компьютерлік техниканың көмегімен жасалған құжаттар деген айғақтың жаңа түрін енгізудің қажеті жоқ, өйткені мазмұны жағынан бұл құжаттар қазіргі таңда ҚПК 111-бабының 2- бөлігінде қарастырылған айғақтардың тізіміне енеді.
Магнитті жазбалар, магнитоптикалық толтырғыштар, электронды байланыс құжаттары, сондай-ақ заманауи ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен басқа да тасымалдаушыларға жазылған құжаттар іс бойынша айғақ болып, қылмыстық іс жүргізу процесіне заттай айғақ немесе «өзге» құжаттар Қазақстан Республикасы ҚПК 111-баптың 2-бөлімінде көзделген ретте енуі мүмкін.
Қылмыстық іс-әрекеттің іздері бар (мысалы, бұзылған немесе көшірілген бағдарлама) бағдарламалық қамтамасыздандыру, компьютерлік ақпараттың өзге тасымалдаушылары заттай айғақ бола алады.
ҚПК 111-бабы тұрғысынан алып қарағанда, «өзге» құжат үшін жазбаша нұсқа айқындаушы болып табылмайды. Сөзі, саны және басқа да ақпараттары бар материалдық әлемдегі кез келген құжат өзге құжат ретінде танылады. Ең басты шарт - мәліметтердің іс үшін маңызы болуы тиіс.
Компьютерлік ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізуді тергеу кезінде алынған айғақ құжаттардың («өзге» құжаттың) үлгісі ретінде электронды сандық қолмен куәландырылған құжаттарды, көшірме ретінде қағазға басып шығарылған мәтінді, есептеуіш техниканың ақаулық жағдайларын есепке алу журналын, жұмыс уақыты журналын және т. б. алып келуге болады. Электронды құжаттарды айғақ ретінде танудың қажетті шарты - оларды растау, яғни олардың тиісті дереккөзден алынғандығын растау болып табылады. Компьютерлік техника құралдарының көмегімен алынған айғақтардың мүмкіндігі әртүрлі елдердің құқықтық жүйелерінде бірдей бағаланбайды.
Франция, Австрия, Жапония, Испанияда сотта қаралу рәсімі айғақтарды еркін ұсыну және еркін бағалау қағидатына негізделеді. Осы қағидаттарға негізделген құқықтық жүйелер әдетте компьютерлік техника құралдарының көмегімен алынған электронды құжаттарды бірден пайдаланады, кейбір жағдайларда ғана соттар компьютерлік мәліметтерді тасымалдаушылардың түпнұсқасын ұсынуды өтінеді.
Қарама-қайшы жағдай Канада, АҚШ, Ұлыбритания сияқты жалпы құқық елдердінде орын алған, мұнда екінші дереккөзден алынған мәліметтер (бұған компьютерлік мәліметтер де жатады) «біреудің берген жауабы» ретінде қарастырылып, оларға рұқсат берілмейді. Бірақ, бұл ереженің де бірнеше ерекше жағдайлары бар: іскерлік операциялар мен фотосурет көшірмелерін тіркеуге қатысты екінші дереккөзден алынған айғақтар есеспке алынуы мүмкін. Бұл елдерде электронды айғақтар біреудің берген мүмкін емес жауаптары ма немесе олар кейбір ерекше жағдайлардың қатарына кіре ме деген талқылаулардың өзегіне айналды. Олардың кейбіреулері іскери операцияларды тіркеуге байланысты компьютерлік мәліметтерді кейбір ерекше жағдайларға жатады деп қабылдаса, біреулер өздерінің заң жобаларында компьютерден алынған мәліметтерді айғақ ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін шарттарды жасауға тырысып жатыр [5, 90-бет] .
Шешімін табуды талап ететін бір мәселе болып компьютерлік ақпаратқа қол жеткізу кезінде оны табылған қалпында, мүлтіксіз күйінде сақтау мүмкін еместігі табылады. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, бұл ақпараттарды көшіруге болады, оның нәтижесінде көшіру күні мен уақытына байланысты файлдың өзгеретіндігі сөзсіз, бұның салдарынан көшірілген файлдың нақты күні мен уақыты туралы ақпарат жоғалады. Осы мән-жайдың реттелмеуі соттың қылмыстық іс бойынша көшірілетін ақпаратты айғақ ретінде тануына айтарлықтай кедергі болып жатады. Осыған байланысты тергеу тәжірибесінде көбіне ақпаратты көшіріп алмай, сараптамалық зерттеу жүргізу үшін компьютерлік техника құралдарының өздері алынады, содан кейін сарапшылардың берген қорытындысы айғақ болып танылады. Осылайша, қылмыстық сот өндірісінде қылмыстың осы санаты бойынша айғақтар шеңбері жасанды түрде тарылады [6] .
Электронды-сандық түрдегі ақпаратты адамның сезім органдары тікелей әрі біржақты қабылдай алмайтындықтан, тергеуші мен сот айғақтарды зерттеу, бағалау үшін олар адамның қабылдауы мүмкін болатын түрде ұсынылуы тиіс. Компьютердегі ақпараттың мәнін ашу негізінде құжатты алу тергеушінің бірнеше сұрақты шешуін талап етеді (бұл құжаттардың қайсысы алғашқы, қайсысы екінші болып табылады; бұл құжаттардың қайсысын сараптамаға беруге болады және т. б. ) . Компьютердегі ақпаратты қағазға басып шығару екінші айғақ зат (ақпарат мазмұнын сақтап, сыртқы түрін өзгертеді) болып табылады деп болжаймыз. Бұндағы ерекшелік - айғақты бағалау кезінде екінші айғақтың тәжірибелік мәні зор, өйткені оның мазмұны процестің барлық қатысушыларының түсінуіне (ғылыми зерттеулерде тіпті, кез келген жағдайда екінші жазба құжатының дәлелдеу күші жоғары болатындығы жайлы айтылады) оңай.
Құжаттарды дайындау, сақтау немесе берудің белгілі бір шарттарына байланысты құқықтық нормаларда құжаттың реквизиттеріне қойылатын талаптар анықталуы тиіс, осы талаптарды сақтау құжаттың нақты түрінің заңдық күші бар деп тануды (бұл ғылыми еңбектерде бірнеше рет қарастырылды) қамтамасыз етеді, өйткені қатты немесе солқылдақ дискі мен басып шығарылған қағаздың мазмұнын көзге көрінер түрде салыстырып шығу мүмкін емес.
Біздің ойымызша, бұл мәселені шешудің бірнеше нұсқасын беруге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz