Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі кластары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі кластары

1. Кафе
2. Асхана
3. Дәмхана
4. Дайын тағамдарды үйге босататын кәсіпорындар
5. Кулинарлық дүкендер
6. Шайхана
7. Кофейня

Кафе - мейрамханаға қарағанда тағам ассортименті шектеулі, тұтынушылардың демалатын орны. Кафеде фирмалық, арнайы тапсырыс бойынша дайындалуы қиын емес тағам ассортименті, біраз шектеулі, сонымен қатар ыстық (кофе,шай, какао) және суық (шырын, сусын), сүтті, ұнды, тәтті өнімдер болады. Екінші тағам ретінде жұмыртқа, сосискалар, сарделька, блины ұсынылады. Бірінші тағам ретінде тек сорпа беріледі.

Алкогольсіз кафелердің ассортиментінде арақ-шарап жоқ, керісінше, алкогольсіз сусындардың және кондитерлік өнімдердің саны көп. Мұндай кафелерде би кештері, үйлену той, туған күн, жанұялық түстену өткізіледі.

Өнім ассортиментіне байланысты кафе екі топқа бөлінеді:

*
Сатылатын өнім ассортименті бойынша - балмұздақ кафесі, кондитерлік кафе, сүт кафесі;
*
Тұтынушы контингенті бойынша - жастар кафесі, балалар кафесі және т.с.с.

Кафе-балмұздақ - әрбір жанұя мейрамханаға бара алмайтындықтан, демалыс күнді өткізуге арналған орын. Кафе - балмұздаққа жанұяның әрбір адамы,сонымен қатар балалар да, қалтасы терең емес адамдар да келе алады.

Кейінгі кафе-балмұздаққа өнім шығаратын құрылғының көлемі небәрі 0,5 м2.

Сауда залында төменгі температурадағы витрина, жихаз, шай, кофе дайындалатын апараттар тұрады. Менюдегі тағамдар ассортиментін көбейту үшін кондитерлік өнімдер де кіргізіледі.

Кафитерия - дүкендерде орналасады. Оларда ыстық сусындар, сүт, сүт өнімдері, бутерброд, кондитерлік өнімдер және тағы басқа тауарлар сатылады. Мұнда алкогольді сусындар болмайды.

Асхана - қоғамдық тамақтанудың бәріне ортақ қол жететін кәсіпорын.

Асхана - қоғамдық тамақтанудың ең жақсы тараған түрі. Негізгі мақсаты - халыққа өз тағамдарын дайындау, тұтынушы өтініші бойынша толық рацион: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас немесе жартысы ұсынылады. Асханаларда түстіктер үйге босатылады, тапсырыс қабылдайды, жартылай фабрикаттар мен кулинарлы өнімдер сатылады.

Асханалар бөлінеді:

Өнім ассортименті бойынша - ортақ типті және дәмдік тұтынушы контингенті бойынша: мектептік, студенттік және тағы басқа;
Дәмхана - белгілі бір шикізат түрінен дайындалатын, келушілерге жылдам қызмет көрсететін, тағам ассортиментінің шектеулі болуымен сипатталатын қоғамдық тамақтанудың кәсіпорны.

Дәмхана ассортименті - суық және ыстық тағамдар, дайындалуы оңай закускалар (сосискалар, түшпара, жұмыртқа, сарделька), сонымен қатар сусындар (шай, кофе). Сатылымда сүтті және кондитерлі өнімдер, кәмпиттер, шоколад болу керек. Алкогольді сусындарды сатуға тиым салынады.

Өнім ассортименті бойынша дәмханалар - ортақ типті және арнайы мамандандырылған болып бөлінеді.

Арнайы мамандандырылған дәмхана бұл - түшпара, кәуәп, блинчик, котлет, сосиска, бутерброд және т.б. дайындайтын орындар жатады.

Буфеттер (ішкі және сыртқы) - кулинарлы өнімдер, жартылай фабрикаттар, әртүрлі тауарлар, сонымен қатар ыстық сусындар сатуға арналған кәсіпорын.

Буфеттер қонақүйлерде, спорт кешендерінде, бекеттерде, су жағалауында, құрылыста, транспортты орындарда орналасады. Өздері филиал болып табылатын буфеттер жобада көрсетілуі бойынша орналасады.

Буфеттерде жоғарғы сортты ұннан жасалған кондитерлі өнімдер, конфеттер, жеміс және минералды сулар болады. Спирттік сусындар сатылмайды. Неке сарайындағы буфеттерде жеміс, шоколад, кәмпит, сонымен қатар гүл, сувенирлер сатылымда болу керек.

Дайын тағамдарды үйге босататын кәсіпорын - жартылай фабрикаттарды, кулинарлы және кондитерлі өнімдерді дайындауға, үйлерге босатуға арналған және осы тағамдарға арнайы тапсырыс қабылдайды. Сонымен қатар, тұтынушыларға тағам дайындау жөнінде, мерекелік үстел жасау туралы консультация беріп, қосымша қызмет атқарады. Бақылау-кассалық машина арқылы ақша төленеді.

Кулинарлы дүкендер - халыққа әр түрлі кулинарлы, кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар шығарады. Мұндай дүкендерде әр түрлі тағамдарды жасау, кондитерлі өнімдерді пісіру, жартылай фабрикаттарды пайдалану, жаңа шикізат түрлері жөнінде консультация беріледі. Кулинарлы және кондитерлі өнімдерді сату көрмесі өткізіледі, өнімдерге тапсырыс қабылданады. Ірі кулинарлы дүкендерде кафитерия ұйымдастырылады: ыстық сусындар, кондитерлі өнімдер сатылады. Бақылау-кассалық машина арқылы төлемі қабылданады.

Кулинарлы дүкендер көбінесе үйлердің блогына немес жеке тұрған ғимараттарда орналастырады. Олар мейрамхананың, асхананың немесе басқа да кәсіпорындардың филиалы болып табылады.

Шайхананың ассортиментінде кең көлемде шай және ұннан жасалған кондитерлі өнімдер болады. Шайхананың менюіндегі екінші тағамдар: еттен, балықтан, жұмыртқадан жасалған тағамдар, сиыр еті, қуырылған балық, шұжық қосылған жұмыртқа. Мұнда келушілер өзіне өзі қызмет көрсетеді.

Кофейня - қонақтарға кофенің көптеген ассортиментін ұсынатын, кофеге маманданған кәсіпорын. Бүкіл әлемге танымал болған кофелік сусындардың тізімі менюге енгізіледі: табиғи кофе (filter cofee);

Капучино кофесі (coffee cappuccino) - қайнаған сүттің көпіршігі бар қою кофе, кейде ұсақталған шоколад қосылады;

Люц кофесі (coffee luz) - жеміс ликері қосылған қою кофе;

Коретто кофесі (coffee coretto) - граппа (жүзім арағы) қосылған;

Варшавски кофесі (coffee Warsaw style) - қайнатылған сүт немесе сүт көпіршіктері қосылған;

Түрік кофесі (Turkish cofee) - қант қосылған сваренньп;

Экспрессо кофесі(espresso) - арнайы аппаратта дайындалатын қою кофе.

Кофейняда келушілер кофеден басқа да сусындарды іше алады: шырыннан спирттік суларға дейін. Сонымен қатар, менюде шай да болады: қара, көк, шөптен жасалған шайлар:

Көк шай (green tea)

Итмұрын шайы (rose-hip tea)

Жалбыз шайы (bait tea немесе peppermint tea)

Шөп тұнбасынан демделген шай (herb tea)

Түймедақ шайы(chamomile tea)

Мұз қосылған шай (iced tea)

Қара шай (black tea)

Кофейняда закускалар мейрамхана немесе кафедегідей болады. Еуропада кішігірім мейрамханалар мен кафейнялардың иелері әр түрлі заттарды сатып алып, маман-кулинарларды жалдап, рецепт бойынша тағам дайындайды. Нәтижесінде көптеген кофейнялар, басқа еш жерде кездеспейтін ерекше десерттердің арқасында үлкен атаққа ие болады.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі қызметі - тағам дайындау, оны сату, сонымен қатар келушілерге қызмет көрсету.

Қоғамдық тамақтану мәселелерін шешу барысында осы жағдайларды ескеру қажет, яғни адамдардың өнімге толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй бизнесі
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қызметінің теориялық негіздері
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ұсынатын қызмет түрлері
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері
Халықаралық туризмнің географиясының ортақ негізгі ресурстары
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті жүргізудің теориялық аспектілері
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметікерлерін басқару және жұмыстарын ұйымдастыру
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
Қоғамдық тамақтану
Пәндер