Қазақстанның ХХ ғ. мүсін өнеріндегі тұңғыш қазақ кәсіби мүсінші Хакімжан Наурызбаев шығармашылығының орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қайранов Ербол Бахарамұлы, PhD, Т.Қ. Жүргенов атынд. ҚазҰӨА доценті, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, 87074439416, er.kb.oner@mail.ru ;
Байсынов Санат Қожанұлы, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА-сы 6М041500-Мүсін мамандығының 2-курс магистранты, Алматы қ., Панфилов к-сі, 87754431185, Baisynov77@mail.ru

Қазақстанның ХХ ғ. мүсін өнеріндегі тұңғыш қазақ кәсіби мүсінші Хакімжан Наурызбаев шығармашылығының орны

Қазақстандағы кәсіби мүсін өнерінің дамуы ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастайды деуге болады. Оған дейін, бейнелеу өнерінің алғашқы үдерісі кәсіби шығармашылық ортаның, яғни Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңестік Одағының орталық қалаларынан эвакуацияланған суретшілер өз еңбектерімен Қазақстандағы мүсін өнерінің қалыптасуына әсер еткені белгілі. Бұл мақалада, осы кезде Қазақстанда еңбектене бастаған алғашқы кәсіби мүсіншілердің ішінен қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі - 1951 жылы Харьков көркемөнер институтын (Украина) бітірген Х.И. Наурызбаевтың шығармашылығы жөнінде қозғалмақ. Себебі, ол Қазақстанның бейнелеу өнерінің алтын қорына енгізілген көптеген шығармалар жасады.
1957 жылы Алматыда Қазақстан мүсін өнерінің тұңғыш көрмесі өткізілді және экспозицияның нақты бір тұжырымдамасы болмаса да бұл көрме қазақстандық мүсіндеменің 10 жылдық қорытындысын шығарды. Оған қатысушылардың арасында мүсіншілердің аға буын өкілдері - Я. Кучис, И. Николишин, З. Береговая және Х.И. Наурызбаев болды [1, 158 б.].
Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек, Наурызбаев Хәкімжан Есімханұлы (1925 - 2009 жж.) - қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, (1951 ж.), КСРО СО мүшесі, ҚазКСР Халық суретшісі (1969 ж.), ҚазКСР өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, Уалиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Тарлан сыйлығының иегері, Парасат орденінің кавалері, ҚР ЖАК профессоры. Туған жері - Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ұзынкөл ауылы, 1952-54 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 1961-65 жылдары Лениндік сыйлықтар комитетінің, 1959-65 жылдары және 1973 жылдан КСРО Суретшілер одағы басқармасының мүшесі [2]. Жалпы айтқанда, Хакімжан Наурызбаевтың шығармашылығы нәтижесінде отандық мүсін өнерінің тарихына 300-ден астам мүсіндік туындылары мұра болды.
2017 жылғы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар мақаласына байланысты қабылданған Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет мемлекеттік жобасына сәйкес осындай дара тұлғаларды елімізде ғана емес, шетелде де таныстыру мақсатында насихат жасау қажеттілігі өзекті болып келеді. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс [3]. Осы жобаға сәйкес, ...қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев тарихи тұлғалардың мүсіндерін сомдауда зор табыстарға жеткен. Ол әр тұлғаның бейнесін, жан дүниесін психологиялық тұрғыдан тереңірек ашуға ұмтылған. Осы салада қажырлы еңбек етіп, жан-жақты зерттеулер жүргізген мүсіншінің өмір жолы өнегелі істерге толы екенін суретшілер мен өнертанушылар қауымы жақсы біледі [4].
Х. Наурызбаев білімін шыңдап жүрген сәттен бастап халқымыздың ұлы тұлғаларының монументтерін жасауға өзіне мақсат қойған. Сөйтіп, тарихи тұлғалармен қатар қарапайым замандастарын, соның ішінде, металлург, шопан және диқаншылардың портреттерін де жасаған. Мүсінші 1960-61 жж. портреттік сериясын жасауда өз еліміздің ерекшелігін көрсетуді тырысты. Мысалға айтсақ, Шопан портреті (1965 ж., қалайы, Мәскеу қ., Третьяков галереясы), Ленин портреті (1970 ж., мәрмәр, Ульяновск, Орталық Ленин музейінің филиалы), және ұлттық тарихи тұлғалар портреттерде кейіпкерлердің жан дүниесін терең де жан-жақты ашты. Ол - Ахмет Жұбанов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мәншүк Мәметова, Сералы Қожамқұлов, Кәмшат Дөнентаева, М. Алтынбаева, социалистік еңбек ерлері Қ. Досанов, Б. Шаяндин, Д. Серіков және т.б. [5].
Өзінің өнегелі өмірімен, еліне жасалған қызметі мен елеулі із қалдырған қазақ халқының танымал батырларының, ғалымдарының, жазушыларының көптеген мүсіндерін Хакімжан Наурызбаев өзінің кәсібилігінің арқасында шебер сомдап шығарған. Х. Наурызбаевтың жобасымен республикамыздың қалаларында монументалды мүсін ескерткіштері бой көтере бастады. Алматыдағы Абай (1960 ж., қола, гранит), Шоқан (1969 ж., қола, 1970 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді), Тараз қаласындағы Жамбыл (1963 ж., шойын, гранит), Калинин (1973 ж., гранит, В. Рахмановпен бірге, Алматы қ.), Мәншүк Мәметова (1988 ж., Орал қ.) т.б. Осы монументалды ескерткіштерінде пропорция мен ырғақ заңдылықтарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсін өнерінің Қазақстанда даму тарихы
Мүсін жанрының даму ерекшеліктері
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Елімізде бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстыру
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы
Пластикалық пішіндер өнері мен мүсіндеуді оқушыларға үйретудің әдістемесі
Х. Е Наурызбаев шығармашылығы тақырыбында
Пәндер