Қаратөбе ауданындағы шағын және орта бизнестің дамуын талдау жұмысы


Қаратөбе ауданындағы шағын және орта бизнестің дамуын талдау жұмысы
Шағын кәсіпкерлік
Қаратөбе ауданы бойынша 2018 жылдың 1 шілдеге тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны - 665 (оның ішінде заңды тұлға 52-, шаруа қожалықтары -320, жеке кәсіпкерлер -293), оның жұмыс жасайтыны - 609 (оның ішінде заңды тұлға - 45, шаруа қожалықтары - 309, жеке кәсіпкерлер - 255), бұл тіркелгендердің 91, 6 % құрайды, оларда жұмыс жасайтын адамдар саны - 785 адам.
Қаратөбе ауданы бойынша 2018 жылдың 1 шілдеге тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер
2018 жылдың 1 шілдеге өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 1757. 7 млн теңге. Былтырғы жылмен салыстырғанда (2017 ж - 1390, 7 млн теңге) 126 %-ға артып отыр.
Бюджетке түскен тиісті төлем 48, 2 мың теңге болды. (2017 ж -29. 2 мың теңге)
2018 жылдың 1 шілдеге 66 (2015 ж - 68) шағын кәсіпкерлік субъектісі жаңадан ашылып, 66 адам жұмысқа орналасты, оның 37 ауыл шаруашылығы, 9 көлік тасымалы, 7 cауда, 1 білім беру, 1 құрылыс, 11 басқа сала бойынша орналасқандар.
Ауданда өнім өңдеу саласы бойынша (2018 жылдың 1 шілдеге)
8 шағын цехтар жұмыс жасайды, оның 4-уі тамақ өнімдерін, 4-уі басқа өнімдерді өндіреді. 13 адам жұмыспен қамтылған, 41 млн 700 мың теңге көлемінде (былтырғы жылы - 6 млн 410 мың теңге) өнім өндірді. Бұл негізінен жаңа ұқсату цехтар өңдірген өнім көлемінің көбеюіне байланысты өсіп отыр.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттарды иеленуге жеке кәсіпкер «Ахметов» (Н. Ахметов) токарлық цех жобасымен 2, 2 млн теңге, ТОО «Kazecoproduct» (Е. Иманмаликов) биогумус жобасы бойынша 1, 5 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.
Қаратөбе ауданы бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны - 573 (оның ішінде заңды тұлға - 13, шаруа қожалықтары - 235, жеке кәсіпкерлер - 325), оның жұмыс жасайтыны - 472 (оның ішінде заңды тұлға - 13, шаруа қожалықтары - 234, жеке кәсіпкерлер - 225), бұл тіркелгендердің 82, 3 % құрайды, оларда жұмыс жасайтын адамдар саны - 1000 адам.
Қаратөбе ауданы бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер
2017 жылдың 1 қаңтарына өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 3369, 9 млн теңге. Былтырғы жылмен салыстырғанда (2015 ж - 1737, 0 млн теңге) 94 %-ға артып отыр.
Бюджетке түскен тиісті төлем 45, 8 мың теңге болды. (2015 ж - 77, 6 мың теңге)
2017 жылдың 1 қаңтарына 86 (2015 ж - 63) шағын кәсіпкерлік субъектісі жаңадан ашылып, 86 адам жұмысқа орналасты, оның 42 ауыл шаруашылығы, 5 көлік тасымалы, 21 cауда, 18 басқа сала бойынша орналасқандар.
Ауданда өнім өңдеу саласы бойынша (2017 жылдың 1 қаңтарына)
8 шағын цехтар жұмыс жасайды, оның 4-уі тамақ өнімдерін, 4-уі басқа өнімдерді өндіреді. 21 адам жұмыспен қамтылған, 25 млн 352 мың теңге көлемінде (былтырғы жылы -16 млн 970 мың теңге) өнім өндірді. Бұл негізінен жаңа ұқсату цехтар санының жылдан - жылға көбеюіне байланысты өсіп отыр.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы негізінде жеке кәсіпкері «Еркебұлан» (С. Қоңырова) автокөлік алу үшін 4 жыл мерзімге 4 млн 390 мың тг көлемінде несиеге берілді.
Ұйымдастыру және іске асыру үшін бөлінген мемлекеттік гранттарды иеленуге жеке кәсіпкер «Диас» (Р. Бедагарин) темір есік жасау жобасымен 837 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.
Шағын кәсіпкерлік саласы туралы
Аудан бойынша шағын кәсіпкерлік саласында 2014 жылдың 1 желтоқсанына 12 заңды және 559 жеке, барлығы 571 тұлға тіркелген, одан жұмыс жасап тұрғаны 448. Бұл барлық тіркелгендердің 78% құрайды. Бұлардың қатарында 970 адам жұмыстануда.
12 заңды тұлғаның 6 құрылыс саласында, 6 басқа қызмет түрлерімен айналысады. 559 жеке тұлғаның 209-ы ауыл шаруашылығы саласында - тіркелген жеке тұлғалардың 37 %, 188-і сауда - 34%, 46-і көлік тасымалы - 8%, 116-і басқа қызмет түрлері, бұл 21 % құрайды.
Өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі 1220, 7 млн теңгені құрап, бюджетке 55, 8 млн теңге түсім түсіріп отыр, ол барлық салық түсімінің 21 % құрайды.
Салық түсімінің үлес салмағына қарайтын болсақ, 40, 3 млн теңге (72%) заңды тұлғалардың, 15, 5 млн теңге (28%) жеке тұлғалардың үлесінде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда субъекті саны 89%-ды, жұмыс жасайтын адам саны 92% -ды өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 115%- ды, салық түсімі 203%- ды құрады.
Аудандық салық басқармасының мәліметі бойынша 2014 жылдың басынан бастап жұмыс жасамай тұрған субъектілер: қайтыс болған кәсіпкерлер, өз өтініштері бойынша камералдық бақылау жүргізіліп жабылғандар, мәжбүрлеп жабу шарасы бойынша сот шешімімен жабылғандар есептен шығарылды.
60 шағын кәсіпкерлік субъектісі жаңадан ашылып, 60 адам жұмысқа орналасты, оның 22 ауыл шаруашылығы, 9 көлік, 19 сауда, 10 қызмет көрсету саласында.
Ауданда өнім өңдеу саласы бойынша 2 шағын наубайхана, 1 кулинария цехы жұмыс жасайды, 10 адам жұмыспен қамтылды. Өндірілген өнім көлемі 78, 0 тонна - 10, 8 млн теңгені құрады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша ауданда атқарылып жатырған жұмыстарға келетін болсақ:
бағдарламаның бірінші бағыты - жаңа бизнес бастамаларды қолдау аясында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдау бойынша «Думан» шаруа қожалығының (жетекшісі Құбашев Серік) Жусандой селолық округінің Ханкөл ауылындағы «Ұмтыл» қыстағына 1, 2 км электр тарату желілерін тарту үшін 7, 5 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазіргі таңда электр тарату желілерін тарту жұмыстары аяқталып, жұмысшы комиссиясына тапсырылды.
Сулыкөл селолық округінен «Еркебай» шаруа қожалығының (жетекшісі Жомартов Мұхтар) «Еркебай» қыстағына электр тарату желілерін тарту үшін 13, 0 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
Аталған бағдарлама бойынша аудан орталығында алькогольсіз сусындар өндіру цехын іске қосу жобасымен жеке кәсіпкер С. Ашығалиев жұмыстануда. Шағын цех салу үшін 0, 15 гектар жер учаскесі берілді. Жоба құны 10 млн 955 мың теңге көлемінде мақұлданып, Ресей жинақ банкісі арқылы несиелендірілді. Ғимарат құрылысы жүргізілуде, қажетті құрал жабдықтары сатып алынды. 5 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобаны іске асыру мерзімі - 2014-2015 жылдары.
Сонымен қатар Аққозы селолық округінен «Сатыбалды» шаруа қожалығы мал сою алаңын салып, қыстақтарына газ тарту үшін жер телімі бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталуда.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін бөлінген мемлекеттік гранттарды иеленуге аудан бойынша 4 жеке кәсіпкер конкурсқа қатысты.
«Жардем» шаруа қожалығының жетекшісі Жардемов Қадірбек құс шаруашылығын дамыту жобасына 1, 8 млн теңге көлемінде грантқа ие болды.
Аталған бағдарлама аясында кәсіпкерлерді оқыту және ақпараттандыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздері жөнінде тегін оқыту семинарлары өткізілді. Бағдарлама кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті құру және тиімді жүргізу туралы қажетті ақпаратты ұсынды және оқыту қорытындысы бойынша тіркелген сертификат берілді. Аудан бойынша 2009-2014 жылдары осы оқумен 332 тыңдаушы қамтылып, сертификатқа ие болды.
Шағын несиелеу ұйымдары арқылы - шағын несиелендіру нарығын дамытуға және ұсақ кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қол жетімділігі оңайлатылды.
2014 жылдың 1 қарашасына «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 35 адамға 81, 8 млн теңге, «Орал» МНҰ» ЖШС арқылы 4 кәсіпкерге 11, 4 млн теңге, «Қаратөбе» АНС» ЖШС арқылы 6 кәсіпкерге 57, 6 млн теңге, барлығы аудан бойынша 45 адамға 150, 8 млн теңге несие берілді.
«Казагрофинанс» АҚ-нан 12 шаруа қожалығы 30 дана техника алды.
Батыс Қазақстан облысының индустриалдық-инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 22 тамызында «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы өткізілді. Осы байқауға «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша жеке кәсіпкер М. Ізтілеуов кондитерлік тағамдар, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеке кәсіпкер Р. Кибашева тігілген киім үлгілерімен, жеке кәсіпкер Т. Исламова ұлттық нақыштағы қол өнер бұйымдарымен қатыстып облыс әкімінің мақтау қағаздарына ие болды.
2014 жылы кыркүйек айында «Облыс аудандарында мемлекеттік бағдарламаларды үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыру туралы » облыс әкімінің орынбасары М. Ш. Каримовтің төрағалығымен кеңес өткізілді. Кенеске БҚО кәсіпкерлік және индустриялдық - инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, БҚО кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО филиалының директоры, «Қазақстанның халық банкі» АҚ филиалы директорының орынбасары, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары жетекшілері қатысты
2014 жылы аудан бойынша барлық селолық округтерде болып жалпы халықпен және жеке кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік бөлімнің ашылғаны «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», «Агробизнес 2020» бағдарламалары, сондай-ақ облысымызда жұмыс істеп тұрған басқа қаржы институттары арқылы несиелендіру мүмкіндіктері туралы, кәсіпкерлер мәселелерін шешуге қолдау көрсету мақсатында кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерге енудің артықшылықтары туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Аудан әкімдігінің 04. 11. 2014 жылғы №159 қаулысымен «Қаратөбе ауданы әкімі жанынан кәсіпкерлердің Қоғамдық Кеңесі» консультативтік - кеңесші органы құрылды. Кеңес аудан аумағында кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту мақсатында қызмет атқарады.
Кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар мен мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар нәтижесінде алға қойылған мақсатқа жетер жол ашық. Өз ісін бастап жұмыстануға бел буған адамға қолдау бар.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы мониторингі бойынша
оперативтік есеп
БҚО Қаратөбе ауданының
(облыс атауы, республикалық маңызы бар қала,
аудан орталығы, облыстық маңызы бар қала)
_ 2016-2020 жылдарға
Шағын және орта бизнес, сауда
1. 4 мақсат - Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру, кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі сауданың тұрақты дамуы
«Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру, кеңейту, және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі сауданың тұрақты дамуы» жоспарланған 4 нысаналы индикатор көрсеткіштері орындалды. «Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі» 623 бірлікке жоспарланып, 657 бірлікке орындалды.
«Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі» жоспарланған 82% орнына 92, 9 % орындалды.
«Бөлшек сауданың нақты көлем индексі» 105, 5%, жан басына шаққандағы бөлшек тауар айналымы 193, 5 мың теңгені құрады.
ҚАРАТӨБЕДЕГІ ЖАҢА ӨНДІРІСТЕР
Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауданда 2018 жылы 58 тұрғынға 164, 5 млн теңге несие берілген. Қаратөбе ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы саябақ қайта жаңғыртылды. Аудан орталығында ашылған «Астана» саябағына күн сәулесінен қуат алатын, wifi желісін тарататын заманауи орындықтар, 75 дана жарықтандыру шамдары қойылған. Сонымен қатар Қаратөбе ауылында жаңа сауда орны супермаркет ашылды.
Қаратөбенің табиғи суы
Облыс орталығынан шалғай жатқан Қаратөбе ауданының орталығындағы шағын цехта «ДЕМ» сауда маркасымен құтыдағы ауыз су өндірісі жолға қойылған.
2014 жылы Сержан Қаратөбе ауданы аумағынан 0, 15 гектар жер телімін алып, өндірістік цех құрылысын бастады. Құны 11 млн теңге тұратын жобаны іске асыруға кәсіпкер қажетті қаржыны «Ресей жинақ банкі» АҚ-ның Оралдағы филиалынан алды. Кепілзат жетіспейтін болғандықтан «Даму» қоры 6, 6 млн теңге көлемінде кепілдік берді. Сонымен қатар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерге банктен алған несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді.
Су өндіретін цех 2015 жылдың мамыр айында іске қосылды. Онда 0, 5, 1, 1, 5, және 19 литрлік құтыларға су құятын 4 өндірістік желі орнатылған. «Цехта су құйылатын сыйымдылықтар дайындалады. Су алатын ұңғымамыз бар, қазір оның төлқұжаты дайындалуда. Әзірге су құбырдан алынып сүзіледі, сыйымдылыққа құйылады, газдалады. Тәулігіне 3 текше метр ауыз су өндіріледі. Қаратөбенің суы жұмсақ, табиғи», - деді С. Ашығалиев.
Өнімнің қазақстандық СТ-КЗ сертификаты бар. Жұмыс орнында 6 адам жұмыс істейді. «Биылғы жазда жобалық қуатқа шықпақпыз. Егерде екі ауысыммен жұмыс істейтін болсақ, тағы да бірнеше адамды жұмысқа тартамыз», - дейді кәсіпкер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz