МАМАНДЫҒЫМ – ҮМІТІМ


МАМАНДЫҒЫМ - ҮМІТІМ
Ташенова Махаббат Саламатовна - Ш. Есенов атындағы КМТжИУ көпсалалы колледжінің НО-18 тобының студенті.
Жетекшісі: Жумагалиева Раушан Сауирбаевна
- Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі - өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі - мамандық. Мен өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды 8-сыныпта таңдадым. Мамандық тандау - бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т. б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт - бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек. Және менде өз мамандығымды осы нақыл сөзбен келтіре қарастырдым. Менің мамандығым Мұғалім.
- Өмірде адам баласы бас иіп құрметтейтін, есімі мен бейнесі жүрек түкпіріндегі сан естеліктердің дарасы болып жадыңда тұратын, жаныңа жақын аяулы жан бар, ол- мұғалім. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім. Бұл - екеуі бір- бірінен ажырамайтын, ажыратуға да келмейтін тұтас бір әлем. Бар өмірі, бар мақсаты балалармен біте қайнасып араласып кеткен ұстаз - ең алғаш мектеп есігін ашқаннан бастап қанатың қатқанша қамқор болатын, небір қуанышы мен қызығыңа, жетістігің мен жеңісіңе, балалығың мен балауса кездеріңе куә болып, өмірге жол сілтейтін ұлағатты тұлға.
- «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі», -деген Ыбырай Алтынсарин.
- Жақсы мұғалім. Бұл деген- өзіндік жеке көзқарасы бар, көп оқып, көп ізденетін, ойшыл, армандары биік, білімін күнделікті ісіне шебер қолданып кіріктіре білетін, өзін- өзі басқару шеберлігі биік, мәдениетті, төзім мен сабырды, ілтипат пен ізеттілікті тең ұстап жүре алатын, бала жанының бар құпиясын терең ұғына алатын, жас ұрпақты рухани, интелектуальдық жағынан дамыта тәрбиелей отырып, білім бере отырып болашағына бағыт сілтейтін іскер тұлға.
- «Адам тәрбиелеу-адамзаттың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы», -деген В. Л. Сухомлинский. Мен де - жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін, қоғамның айнасы іспеттес мәртебелі мамандық иесі мұғаліммін. Иә, мен - мұғаліммін. Ал бұл деген - меннен үлкен жауапкершілікті, білімді талап ететін үлкен міндет. Өйткені, алдыма келген әрбір баланың тағдырына, оның болашақта білімді, саналы, тәрбиелі азамат болып өсуіне жауаптымын. Менің алдымдағы әрбір шәкіртім- еліміздің ертеңі, болашағы. Бұл турасында елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп айтқан болатын. Демек, ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында.
- Мен - мұғаліммін. Бұл деген баласының тағдырын өзіме сеніп тапсырған әрбір ата-ананың сенімін ақтау. Аузынан ана сүті кеппеген, ойыннан әлі жырақ кетпеген әрбір баланы білімнің бақшасында суару, гүлдендіру. «Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі», -деген С. В. Михалков. Демек, мұғалім - бала бағбаны.
- Мен-мұғаліммін. Бұл деген-ұлтымыздың алдында да борыштымын деген сөз. Өйткені, ұлтымыздың асыл қасиеттерін бала бойына сіңіріп, оларға ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, дінімізді құрметтеуді үйрету, салт-дәстүрімізді сақтап, берік ұстана білуге, тарихымызды, мәдениетімізді пір тұтуға тәрбиелеу-ұлт алдындағы адами парызым деп білемін.
- Педагог К. Д. Ушинский «Мұғалім-ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды», -деген. Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат еттім. Оқыту, тәрбие барысында жаңа әдіс- тәсілдерді ұтымды, шеберлікпен пайдалана отырып, оқушының білім деңгейін, қабілетін саралай білуді, баланың жеке тұлғалық дамуына дұрыс бағыт-бағдар беруді, оларды заман талабына сай қалыптастыруды басты міндетім деп есептеймін.
- Мен- мұғаліммін. Бұл деген- ең бірінші өзімді-өзім тәрбиелеу, өзім-өзімнен жақсы білім талап ету және осылай ете отырып, баланы тәрбиелеу, баладан жақсы білім талап ету деген сөз. Мен-мұғаліммін, бірақ менің үйренерім көп, білерім көп. Осындай ұлағатты ұстаздардың жол бастауымен, осы мамандықтың қызығы мен қиындығына көне жүріп, жетістіктерге жетсем бе деген үмітім мен мақсатым мені алға жетелейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz