Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
1 Кіріспе
2 Географиялық орны
3 Технологиялық білім
4 Қорытынды
5 Пайдаланған әдебиет

1 Кіріспе
Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу өте тағы бір маңызды мәселе. Гидротехникалық құрылыстарды салу жолымен жарамды жерлерге су жеткізіп, дақылдар егіліп егістікке, халықтың тіршілік әрекетіне септігімізді тигізе отырып, қажет азық алынады. Егер өзендегі су мөлшері аз болса, онда егістік суару үшін су қоймасы өзен ағынын, егістікке қажетті су көлемді жинақтайды. Осы шараларға қол жеткізу үшін конструкцияны жобалау, есептеу және салу тәсілдерін меңгеру қажет. Бұдан басқа, гидротехникалық құрылыстарды салу кезінде табиғатқа зиянды әсерді азайту жөніндегі шаралар көзделуге тиіс.
Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау -- елді мекендерді, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, көлікті және т. с. с. сумен қамтамасыз ету бойынша әр түрлі жұмыстардың жиынтығы болып саналады.
Сумен жабдықтау міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен жабдықтау жүйесі немесе су құбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен жабдықтаудың қазіргі заманғы жүйесі талданған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен жабдықтау мақсатында жер үсті (өзен, көл, бөгет, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады.

2 Географиялық орны
Сарыағаш ауданы - Түркістан облысының оңтүстік бөлігінің әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1928 жылы Келес ауданы құрылды. 1939 жылдан Сарыағаш деп аталады. Аумағы 7,7 мың км2. Ауданның 154 елді мекені 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілді. Орталығы-Сарыағаш қаласы. Қазіргі уақытта ауданы 7613 ш. км ауданда 311,3 мыңнан астам халық тұрады, ол 40-тан астам ұлт өкілдерінен тұрады.
Ауданның батысында Сырдария, Келес, Құркелес, Ащысай өзендері оңтүстік-шығыстан ағып өтеді.
Келеске келсең күй мен саз шертiледi, Сарыағашқа оралсақ сыр мен шежiре ақтарылады, - деген халық арасындағы нақыл сөз бар ғой. Тарихты еске алсақ, жерұйықты iздеген Асанқайғының көрегендiк сөзi еске түседі. Сулы Келес, Құркелестi көрiп, Әттең ат сауырына сыйса өңгерiп-ақ әкететiн жер екен,- деп Сарыағаш өңiрiне тамсанған көреген бабамыздың дуалы сөзi ел аузында мәңгi аңыз болып қалған.
Жер үсті ағыны облыс аумағы бойынша біркелкі бөлінген: көпшілігі Орталық және Оңтүстік бойынша өтеді. Ірі өзендер-Сырдария. Өзен саласы: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Бізге керек өзен - ол Келес.

Сурет 1. Келес өзені

Бір сөзбен айтқанда Келес өзені - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Шардара аудандары арқылы өтеді.
Келес өзені шамамен 1800 метр биіктіктегі Қаржантау жотасының солтүстік-батыс баурайынан бастау алған. Келес өзенге сипаттама берсек, өзеннің ұзындығы - 241 км., су жиналатын алаб, яғни бассейнінің ауданы -- 3310 км2. Келес өзенінің жоғарғы бастауында жер бедері қыратты . Таулы бөліктегі өзеннің аңғары кең, ал төмен қарай 1,5 км-ге дейін одан әрі кеңейген. Келес өзенінің аңғарлары жазық болып келеді. Нәтижесінде канал жағасының құлауына әкелетін күшті эрозиялар пайда болады.
Су кадастры арқылы барлығы - 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы ұзындығы 8045 км. құрайды. Бұл өзендерден басқа көптеген ескерілмеген ұсақ суағарлар (жыралар, бұлақтар) бар.
Өңірдің барлық өзендері Арал теңізінің алабында жатады. Олар Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының беткейлерінен бастау алады. Тау өңірлерінен шыққан кезде өзен сулары егістікті суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі өзендерге құйылады,бірақ аз бөлігі су айдындарында, каналдарда және суармалы жерлерде булану және сүзу есебінен жоғалады.
Келес өзенінің ең ірі салаларының бірі - Тасбұлақ өзеніне құяды.
Келес өзені - жер асты және қар суымен толықтырылады.
Келес өзені қайдан бастау алған? Келестің бастауы - Қаржантау жотаның батысы, Қазығұрт тауынан басталып келіп, Шардара бөгесіне, яғни су қоймасына құяды екен.
Өзеннің барлық алқабында үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұр саздақтан, құмнан, тастардан және конгломераттардан тұрады.
Су тасқыны кезінде жайылма су басады. Кейбір жылдары су деңгейі 1 м және одан жоғары биіктікке көтеріледі.
Келес өзенінің суын ең негізінен бау-бақшаға және де егін суаруға пайдаланылады көбінесе. Келес өзені жағалары егін шаруашылығына өте қолайлы. Осыған қарай бұл жерде мақта, күріш өсіріледі екен және де мал шаруашылығының кей салалары жақсы дамыған.
Келес өзені - қар суымен және жер асты суымен толығады екен.
Келес өзенінің суы - тұщы.
Қазығұрт тауынан басталған Келес өзені Ұлы Сырдарияға құятын аумақты алып жатыр.
Келес сөзі қандай мән-мағынаны береді? Көп ғалымдар өзен атауын көл сөзіне ес қосымшасы жалғанып, аз өзгеріске түсіп, келес деген сөз қалпына жеткен деп дәлелдеген екен ғалымдар. В.В. Радлов болса, келес деген сөз атауы шағатай тілінен аударып, кесіртке деп түсіндіріп кеткен екен.
Келес өзенінде "Келес" ӨК су электр станциясы электр энергиясын өндіреді.
Тарихтағы ең көне сөз "Келес" деп аталатын өзенде қазір жарты миллионға жуық халық тұрады. Қазығұрт ауданында ағыстың басында 150000-ға жуық, екінші жартысында-Сарыағаш ауданында 350000-нан астам тұрғын жасайды.
Келес артезиан алабы - Келес ойпатында орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жер асты суы бар өңір болып табылады. Солтүстік Қазығұрт тауларымен, Шығыста Нұратау, шатқалы және батыста шөл және Шардара тауларымен шектеседі. Жалпы ауданы 2мың км2. Алаптағы грунт сулары. Өзен аңғарларында қалыңдығы 20-30 м аспайтын кесек кабаттарда, тау бөктеріндегі ысырмалары бар конустарда шоғырланған. Минералдығы 0,3-1гл. Арыны күшті артезиан сулары бар кезеңінің сенон, тұран сеноман қабаттарында қалыптасқан.
Олардың қалындығы 20-дан 100 м. Тереңдігі 1300-1700м. Минералдығы 0,3-1,5 гл, температурасы 15-500 . Ұңғымалардан өздігінен атқылап шығатын судың өнімділігі 1,5-50лсек. Атақты Сарыағаш курорттық емдеу көздері Келес бассейніне негізделген.
Сонымен қатар, өңірде осы қасиетті өзеннің төменгі ағысында "Келес өңірі"орналасқан. Оған өзіндік себеп.1925 жылы осы аймақта Алтын, Жаушықұм,Үштөбе болысы ірілендірілді. Орталығы-Ешан базар ауылы. Кейінірек оған Болат қосылды (Сарыағаш ауданы). Аталған болыстың аумағы қазіргі уақытта Сарыағаш ауданының өлшемінен асып түсті.
Қазақ АКСР, Сырдария аймағы, Ташкент казак уезі (Ташкент уезі) жоғарыда аталған болыстардың аумағында 1928 жылғы 17 қаңтарда Келес ауданы құрылған екен.
1930-1932 жылдары Келес ауданы тікелей республикаға бағынады. 1932 жылы 10 наурызда Орталық Шымкент қаласы болып өзгертілді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы геодезия туралы жалпы мәлімет.Пландық инженерлік-геодезиялық торлар
Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізу
Ғимараттың деформациясы туралы жалпы түсiнiк. Бөлу жұмыстарының технологиясы
Құрылыс нысандарын салу кезіндегі жүргізілетін ізденістердің түрлері мен міндеттері
Қолданбалы геодезия туралы жалпы түсінік.пландық инженерлік-геодезиялық торлар.пландық толықтыру торларын жобалау.триангуляция жобасының дәлдігін бағалау
Геодезиялық жұмыстың құнының есебі
Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимі
Жер-су қатынастарын реттеу
Қала, Ғимарат құрылыстарын салу үшін бұзылған жерлерді пайдалану
Гидродинамикалық апаттар
Пәндер