Тауарлар мен қызмет көрсету нарығының мониторінгі жайлы


Жоспар:
- Отандық автомобильдерге сұраныс артып келеді
- 2016 жылғы қаңтар-маусым айларының негізгі қорытындылары
- Қазақстанда отандық автокөлік өндірісі айтарлықтай артты
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім миністірлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
“Басқару және Бизнес” жоғары мектебі
“Экономикалық теория” Кафедрасы
“Экономикалық теория” пәні
СӨЖ №1
Тақырыбы : Тауарлар мен қызмет көрсету нарығының мониторіңгі
Дайындады: Турсунбеков А. М
Тобы: ЭФ-19-5К1
Қабылдады: Мергенбаева А. Т (э. ғ. к., доцент)
Шымкент-2019
Отандық автомобильдерге сұраныс артып келеді
Былтыр 32 мың данадан астам қазақстандық автокөлік сатылған. Тек ішкі нарыққа ғана емес, жеңіл көліктерге Ресей, Тәжікстан мен Белорусь елдерінен де сұраныс бар. Бұл туралы бүгін өткен жылға есеп берген Қазақстанның автобизнес қауымдастығының өкілдері айтты. Енді мамандар отандық автомобиль саудасының үлесін тағы көбейтуді ойластырып отыр. Жеңіл көліктерді ғана емес, автобустар мен жүк көліктерінің де санын көбейтпек. Айбар Төлжанұлы, тілші: - Былтыр қазақстандықтар 60 мың автомобиль сатып алған. Оның тең жартысы өзімізде құрастырылған көліктер. Ал шетелден келетін маркалардың көшін жапондық көлік бастап тұр. Оны әрбір алтыншы қазақстандық мініп жүр. Одан кейін ресейлік авто, үшінші немістің көлігі. Енді осы қатарға қазақстандық автомарка да қосылады. Бұл - Үкіметтің тапсырмасы. Алайда қазір қазақстандық марканың нақты үлгісі мен атауы бекітілген жоқ. Қытайлық компания инвестиция құюға дайын. Андрей Лаврентьев, Қазақстанның автобизнес қауымдастығының президенті: - Қазіргі кезде осы мәселені жан-жақты зерделеп жатырмыз. Мәселен, қытайлық компания қазақстандық брендті жасап шығуға мүдделі. Соған қаржы құюға да дайын. Осы саладағы жұмыс нақты қай уақытта аяқталатынын айта алмаймын. Дегенмен тапсырма бар. Үкімет те нақты міндет қойды. Ең бастысы инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Осыған қатысты ресми ақпар: былтыр елімізде 1 млн 94 106 көлік құралы тіркеліпті. Ең көп көлік Алматы облысында, одан кейін Түркістан облысында тіркелген, үшінші орында Алматы қаласы. Анар Мақашева, Қазақстанның автобизнес қауымдастығының вице-президенті: - Ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасы аясында қазақстандықтар 90 мың ескі көлікті тапсырып, жаңасын сатып алды. «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы ескі көлік үшін ақша не болмаса ақшалай куәлік береді. Сол куәліктің ақшасын салоннан су жаңа көлік алғанда пайдалана аласыз. Бір адам екі куәліктің ақшасына бір жаңа автомобиль сатып ала алады. Бұдан бөлек, 4 пайыздық автонесие де бар. Отандық автокөліктердің көшін қостанайлық «автопром» бастап тұр. Былтыр 12 009 дана автомобиль құрастырған. Ал жалпы еліміз бойынша 32 300 қазақстандық көлік сатылыпты. Бұл - былтыр бір жылда сатылған 60 мың машинаның 55%-ы. Ал биыл мамандар елімізде 70 мың автомобиль сатылады деп болжап отыр. Бұл жолы да жартысынан көбі отандық көліктер болмақ. Өйткені сұраныс көп.
2016 жылғы қаңтар-маусым айларының негізгі қорытындылары
- Жарты жылдың қорытындылары бойынша ҚР ІЖӨ-ге автокөлік өнеркәсібінің қосқан үлесі (36, 6 млрд теңге) жеңіл, фармацевтика, ағаш өңдеу, тоқыма, жиhаз өнеркәсібі және басқа да бірқатар салалардан артты.
- 2016 жылғы маусымда ҚР-да жеңіл автокөліктерді шығару 37%-ға артты (2015 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда) .
- 2016 жылғы 6 айдың қорытындылары бойынша ҚР-жа жүк көліктерін шығару 16, 6%-ға артты.
- Жергілікті құрастырылатын жеңіл автокөліктердің үлесі 17, 3%-дан 22, 5%-ға дейін артты.
- Жергілікті құрастырылатын жеңіл автокөліктер TOP-5 брендісі: Kia, Lada, Hyundai, Skoda және Peugeot.
- Сатылымдағы көшбасшы-модельдердің үштігі: Lada 4x4, SkodaRapidи KIA Sportage.
Қазақстанның «КазАвтоПром» автокөлік саласы кәсіпорындарының одағы 2016 жылдың бірінші жарты жылының қорытындылары бойынша отандық автокөлік өндірісінің жұмыс нәтижелері туралы мәлімдейді.
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қазақстандық автокөлік өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметі салалық индикаторларды қалпына келтіру нышандарымен белгілі. 2016 жылдың 6 айының қорытындылары бойынша республика аумағында жалпы сомасы 36, 6 млрд теңгеге автокөлік құралдарының 3772 бірлігі шығарылды (жүк көлігі мен автобус техникасын қоса санағанда) . 2016 жылғы қаңтарда еліміздің аумағында автокөлік құралдарының шығарылу көлемі 404 бірліктен аспады, ал маусым айының қорытындысы бойынша көрсеткіш 1136 бірлікке жетті .
2016 жылдың маусым айының қорытындылары бойынша жеңіл автокөліктер сегментіндегі шығарылым өткен жылдың осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда 37%-ға артып, 933 бірлікті құрады. Сондай-ақ, бірінші жарты жылдықта жүк техникасының шығарылымы 718 бірлікті құрай отырып, 2015 жылдың көрсетікштерімен салыстырғанда 16, 6%-ға өсті.
Отандық автоиндустрия валюта нарығында тұрақсыздықтан және де 2014-2015 жылдар кезеңінде макроэкономикалық жағдайдың нашарлауынан айтарлықтай шығынға ұшыраған салалардың қатарында болғаны өзімізге мәлім. Дегенмен, көп айлар бойы құлдырау жағдайларының өзінде 6 айдың қорытындылары бойынша ІЖӨ құрылымына автокөлік өнеркәсібінің үлесі (36, 6 млрд теңге) жеңіл өнеркәсіптің (34, 7 млрд тг), қағаз өнеркәсібінің (20, 3 млрд тг), фармацевтикалық өнеркәсіп бұйымдарының (18, 7 млрд тг), тоқыма өнеркәсібінің (18, 3 млрд тг), электроника өнеркәсібінің (17, 2 млрд тг) жұмыс қорытындыларынан бірталай асты және жиhаз жасау (12, 2 млрд тг) және ағаш өңдеу өнеркәсібінің (10, 6 млрд тг) осындай көрсеткіштерінен үш есеге артты.
2015-2016 жылдары саланың өндірістік көрсеткіштерінің төмендеуінің негізгі факторлары жаңа автомобильдер нарығындағы белсенділіктің күрт төмендеуінен болды. Сонымен, жылдың басынан бастап 6 айдың қорытындылары бойынша ресми дилерлер 2015 жылдың осы кезеңіндегі 52 мың бірлікке қарсы 20, 8 мың жеңіл автокөлік сатты (60%-ға құлдырау байқалады) .
Дегенмен, нарықтың құлдырауы жағдайларында отандық автокөлік шығарушылар өз позициясын айтарлықтай нығайта алды. Жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жергілікті құрастырылымдағы жеңіл автокөліктердің үлесі 2015 жылдың осы кезеңіндегі 17, 3%-ға қарсы 22, 5%-ды құрады. Есеп беру кезеңінде отандық автозауыттар автокөлік құралдарының 4733 бірлігін сатты.
2016 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша жергілікті құрастырылымдағы жеңіл автокөліктер сегментінде бестселлердің бестігін Kia (895 бірл. ), Lada (812 бірл. ), Hyundai (656 бірл. ), Skoda (515 бірл. ) және Peugeot (304 бірл. ) құрады. Қазақстандық сатып алушылар Jac (291 бірл. ), Geely (288 бірл. ), Chevrolet (239 бірл. ), Toyota (206 бірл. ), SsangYong (84 бірл. ) және Iveco (66 бірл. ) сияқты отанымызда құрастырылған маркаларға да өз таңдауын жасады.
Қазақстандық өндірістегі ең танымал модельдердің рейтингісінде Lada 4x4 (812 бірл. ) көшбасшылыққа ие болды. Сондай-ақ көшбасшылардың үштігі қатарына Skoda Rapid (390 бірл. ) және Kia Sportage (363 бірл. ) енді. Сонымен қатар, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша тұтынушылар талап еткен модельдердің қатарына Hyundai Elantra (326 бірл. ), Peugeot 301 (233 бірл. ), Toyota Fortuner (206 бірл. ), Jac S3 (198 бірл. ), Chevrolet Aveo (163 бірл. ), Hyundai i30 (146 бірл. ) және Kia Rio HB (137 бірл. ) кірді.
2016 жылдың екінші жарты жылдығында қазақстандық автокөлік өндірісінің көрсеткіштерінің бұдан кейінгі қалпына келуіне отандық кәсіпорындар жүзеге асыратын бюджеттік сегменттің модельдері желісінің кеңейтілуі жағдай жасайтын болады. 22 маусым күні өскемендік «АЗИЯ АВТО» автомобиль құрастыру зауытының модельдік қатарын Lada Granta, Lada Kalina және Lada 2131 толықтырды. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында кәсіпорын қуаттылықтарында тағы да төрт қол жетімді модельдердің шығарылымы реттелетін болады.
«КазАвтоПром» Қазақстанның автокөлік саласы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ - Қазақстанның автомобиль индустриясының ең ірі қатысушыларын біріктіріп отырған салалық одақ. 2015 жылы құрылды. Одақтың қатысушы кәсіпорындарының үлесіне қазақстандық автокөлік өнеркәсібі өнімдерінің 60% шығарылымы, жаңа автомобильдердің қазақстан нарығының 45%-ы және республиканың автокөлік саласымен айналысатындардың 40%-ы тиесілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz