Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық көтерілістер


А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университеті
Эссе
1-2 дәріс.
Тақырыбы: Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық көтерілістер.
Қабылдаған: Нурбетова Г. О.
Орындаған: Баймұрат А. Е.
Тобы: ЭМБ-811
2018-2019 оқу жылы
Ұлттық мемлекет құру жолында көптеген азаттық қозғалыстар болған еді. Өзімнің пікірім бойынша Ресей патшалығының құлауы 1916 - шы жылға көтерілістен басталған деп айта аламын. Себебі оның арты «Ақпан» революциясына ары қарай ұласып кеткен болатын, бірақ біз қазір 1916 - жылғы ұлт - азаттық көтеріліс туралы айтатын боламын. Бұл тақырыпты мен жақсы білемін, себебі бұл тақырып маған тарих пәнінен облыстық олимпиадада келген болатын. Осы эссе жазу барысында мен сол жарыстағыдай өз-өзіме ең алдымен «Бұл қозғалыстың себебі неде?» деген сұрақ қойып отырмын! Ұлт - азаттық көтерілістің басты себебі ол қарапайым халықтың отаршылдыққа қарсы болуы. Отаршылдық деп біз нені айтамыз? Отаршылдық дегеніміз қарапайым халықтың жерін тартып алу одан қоса орыстандыру саясаты және тағы басқа әрекеттер жатады. Бұл себептен басқа тағы бір себеп бар! Ол патша жарлығы, яғни 1916 жылы 25 маусымында қарапайым халықты, нақтырақ 19 - 43 жасқа дейінгі ер азаматтарды армияның қара жұмысына салу болды. Дәл осы қозғалыста қазақ халқы арасында жемқорлық пайда болды деп айтуға болады. Неліктен? Себебі қалтасы қалың, не танысы бар бай, әрі беделді адамдар сау балаларын ауру деп, ал кедейлердің ауру балаларын сау деп қара жұмысқа алып кеткен болатын. 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс туралы өз ойымды айтып өтсем, егерде Ресей империясы 25 маусымда жария еткен жарлығын жария етпегенде бұл қозғалыстың арты «Ақпан» революциясына ұласпай, кейін Ресей империясы құламайтын еді. 1916 - жылғы көтерілістің шығындарына келсек (Қазақстан аумағында) осы жылға дейін қарапайым халықтан 45 миллион десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алған болатын бұл біріншіден, ал екіншіден бұл әрекеттерден соң қарапайым халық тауларға және шөлді жерлерге ығысуға мәжбүр болды. Ол жерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмаған еді. Жалпы статистикаға сүйенсек жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделген болатын. Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол - 1916 жылы қазақ интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт-азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғыеға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны - халық көтерілісін тоқтату мүнкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.
Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас-аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ « Алаш » партиямының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалық көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді, ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас - көз болып, кейін аман-есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т. б. ) серіктерімен бірге майданға () атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуыекі талай еді. Эссемді қорытындылай келе өзімінің тұжырымым мынадай: Егерде Патша 25 маусым күні өзінің жарлығын жария етпеген жағдайда мүмкін Ресей патшалығы әлі күнге дейін сақталып қалуы мүмкін еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz