Психологиядағы ерік түсінігі
Психологиядағы ерік түсінігі
Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн.
Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына даналық мұраты ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің Никомахов этикасы еңбегінде дәмдінің бәрін жеу керек және бұл алма дәмді деген пікірлер санада бұл алманы жеу керек деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.
Ш.Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір ерік терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис - жын-шайтан қуу үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, ұя ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның шын қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылдаған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанішер т.б.
Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа Қайта тіктелу заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, тіпті қателер жіберуге де бейім дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасымен бөлінуімен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе тіршілік философиясы пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған бұл адамның өмірі мағынасыз қым қиғаш оқиғалар жиынтығы да, адамның өзі - пайдасыз құмарлық. Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз әлеуметтенуге қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына бір-ақ түсіреді.
Қылық иесі - адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әректі екінші бір, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен ғұрыптары баршылық.
Бұл тұрғыдан Е.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психолгиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұратын үшін жан пидалыққа дейін апарады.
Материалистік және идеалистік көзқарастар
Ертеден-ақ ерік табиғаты жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі қөзқарас материалистік және идеалистік көзқарастар қалыптасты.
Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздің санамыздың нұқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ өзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді. Басқаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.
Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық көзқарас тұрғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет бостандығына алып келеді. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу болып табылады.
Материалистік ұғым - ерік табиғаты жөніндегі бірден-бір дұрыс түсінік. Онда психиканың басқа жақтарымен бірге еріктің де жүйкелік ми процестері түрідегі негізі болады. Ерікті материядан, мидан бөліп алу мүмкін емес. Материалистер адам қоршаған ортамен өте тығыз байланыста болады деп қарайды. Тиісті сыртқы жағдайлар болмаса, ол өмірін сақтай да, жалғастыра алмайды. Ерік сананың басқа да түрі тәрізді объективтік шындықты мидың бейнелендіруі.
Ерік табиғаты жөніндегі материалистік көзқарасты баяндай және оны идеалистік көзқарасқа қарсы қоя отырып, Ф. Энгельс: Еркідік табиғат заңдарына ой жоруындағы тәуелсіздікте емес, еркіндік сол заңдарды білуде және сол білудің негізіде табиғат заңдарын жоспарлы түрде белгілі мақсаттар үшін қызмет етуге көндіру мүмкіндігенде - деп жазды және онан соң: Олай болса, ерік еркідігі - істі жете біліп, қортынды жасай алуда, одан басқа еш нәрсе де емес - деді.
Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік табиғатын материалистік түсіну әрекеттер мен қылықтардың қозғаушы күштері адамның өзінде емес, сыртқы ортада жатады деген жайтты сөзсіз мойындаудан көрінеді. В.И.Ленин: Адамның мақсаттарын объективтік дүние туғызады және оны өзінің шарты етеді, оны нақты, бар нәрсе ретінде табады. Бірақ адамға өзінің мақсаты дүниеден тыс алынған дүниеге байланысты емес тәрізді болып көрінеді еркіндік - деп жазды.
Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория
Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.
Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады.
Бірі - ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы,
екіншісі - ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер.
Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет ету үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды, өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады.
Америка психологі Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды. П.К.Анохин әрекет акцепторы деген ұғымды ұсынды. Оның мәнісі - жүйке процестерінің сыртқы оқиғалар барысынан оза жүретіндей тәрізді көрінетіндігінде. Бұрынғы тәжірибе негізінде адам жүйке жүйесіне болақшақта берілетін әсерді алдын ала біледі. Сигнал негізінде мида көп рет қайталау арқылы қалыптасқан жүйкелік байланыстардың бүкіл комплекісі, ассоциациялардың барлық жүйесі қалпына келтіріледі.
П.К.Анохин ұсынған ережелер мінез-құлықтың еріктік реттелуінің механизмі жөніндегі біздің түсініктерімізді тереңдетіп, кеңйте түседі. Творчествалық мүмкіндігі бар болғандықтан, нақты әрекеттің алдын алу механизмі адамда жануарларға қарағанда әлде қайда жақсы жетілген. Адамдағы ассоциациялар жүйесі аз ғана және шалғай тітіркендіргіш негізінде-ақ қалпына келтіріледі.
Бихевиоризм
Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп,оны жануарлар өмірімен салыстырады. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналады. Механистік психология еріктің материалдық дүниесімен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғатын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін-өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі - ерік бостандығы, сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындығын оның шындыққа сай келмейтіндігінен.
Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы - себепті байланыстылыққа, детерминизм принципіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығу да - ерік бостандығының бір көрінісі.
Ерік туралы спиритуалистік түсінік
Ерік туралы спиритуалистік түсінік мінез-құлықтың шын күмәнсіз формалары мен құбылыстары да лақтырылып тасталуы керек деп ойлау қате болар еді. Оны байрығы психолгия бұрыс талқылап, сипаттаған еді. Бұл мағынада Геффдинг ырықсыз іс-әрект ырықты іс-әрекеттің негізі мен мазмұнын құрайды деген. Ерік еш нәрсені жасамайды, ол құрамайды, әрқашан тек өзгертеді және таңдайды. Ол ерік өзге психикалық процестердің ағымына процестердің өзіне тән заңмен араласады деді. Сонымен, ескі психологияның ырықты және ырықсыз іс-әрекетпен қатар, ырықты және ырықсыз есті, түсініктердің ырықты және ырықсыз ағымын ажырытуына толық негізі бар. Геффдинг еріктің сәйкес елестер шақырылғанда алғашқы болып табылмайтынын бекітті. Ерік, - дейді ол, - алғашқы серпілісті тудырады және бұрғылайды, тесік бұрғыланып болған кезде судың ағысы өз күшімен жарып өтуі керек, сонда бізге бір рет жасалғанды ізделіп отырғанмен салыстыру ғана қалады.
Психоаналитикалық зерттеулер
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, либидо (махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни либидоның мәдениеттестірілген алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екнін түсіндіріп бақты.
З.Фрейд болжамдары оның шәкерттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшалық әрекеттерімен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. К.Юнг үшін бұл - әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А.Адлер әкімшілік пен әлеуметтік билікке талпыныс, ал К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі.
Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қортынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі - қажеттіліктердің мәнді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана дәріптеуге бағытталған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз тіршілігін сақтау мен тұтастығын қолдауды қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіру де ғылымдық көзқарасқа сай емес. Адам өзнің биолгиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық т.б. бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
И.М.Сеченов пен И.П.Павлов
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал И.П.Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.
И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді. И.М.Сеченов: Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек. Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын. И.М.Сеченов:Ерікке тек жолақты бұлшық еттер бағынады, ал тегіс бұлшық еттер бағынбайды, себебі жүректің құрлысы жолақты талшықтардан құралған және ерікке бағынбайды, және несеп қуықшасынан зәр айдайтын бұлшық ет тегіс талшықтарға жатады, содай-ақ оған бағынады. Мүмкін болатын басқа принципті қабыл алмаған И.М.Сеченов үшіншіне тоқтап, былай тұжырымдайды: Ерікке тек санаға қандай да бір анық белгілер мен жіберілетін әрекет бағынуы мүмкін. Осы қағиданы түсіндіре және бекіте отырып, Бұл көзқарас бойынша аяқ, қол, дене, бас, ауыз, көз және сол сияқтылар санаға анық түйсінулермен көрінетін түрлі жағдайлар айтылуы мүмкін: әрі қарай ерікке дауыс ырғағының бағыныштылығы, сол сияқты олардың жағдайы мен дауыс ырғағының түрлі сипатының сәйкес келуі, бір сөзбен айтқанда, сезім мүшесі арқылы жанама бақылауға жетпейтін, бірақ жанама айқын түйсіктермен ере жүретін барлық әректтер деп жазды.
И.М.Сеченов ерікті әрекет қалай қалыптасады деген сұрақ қояды. Ол оған байланысты мынадай күрделі фактіге назар аударады, яғни адамның қолымен, аяғымен, басымен, денесімен жасалатын ерікті қозғалыс реті қаңқамен де оның бұлшық еттерінің анатомиялық құрылуын анықтайтын мүмкін болатын қозғалыс ретімен салыстырмалы түрде қарастырады. Бұл фактіге жауап беру үшін И.М.Сеченов, ерікті қимыл-қозғалыс ретінде өмір шарттарының күші болып табылатын жаттығулар бөлінеді дегенге саяды. Баладағы ерікті қимылдың бүкіл жасалу жолы осыны дәлелдейді. Ерікті қимыл-қозғалысты өзінің физиологиялық талдауында И.М.Сеченов былай көрсетеді: Қол, аяқ, бас және дененің барлық қарапайым қозғалыс формалары балаық шақта жатыққан барлық үйлескен қозғалыс сияқты , жүру, жүгіру, сөз, қарағандағы көздің қимылы ерікке жатыққан соң бағынады. Қимыл соншалықты жатыққан сайын, олар ерікке оңай бағынады.
Еріктің физиологиялық механизімін де ми қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтен кейін зерттеген И.П.Павлов болды.
Ми қыртысының қозғалыс учаскесінің мидың басқа учаскілерімен байланысы адамның саналы қимылдары мен әрекеттерінің алғы шарты болады. Бірақ мұндай байланыс мінез-құлықты еріктік реттеу механизімін толық қамти алмайды. Бұл жерде информацияның талдағыштан ми қыртысының қозғалыс учаскісіне өтуінің және информацияның қозғалысқа айналу мүмкіндігінің қарапайым жолы ғана көрсетіліп отыр. Ал адамға информацияны жинақтау және соның негізінде әрекет жасау тән. Оның үстіне ол сырттан алынған мағұлмат, білімдерді қорытып талдауға қабілетті. Ал мұның екінші сигналдық көмегімен жүзеге асатыны белгілі. Екінші сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесіне қосылады да, оның қызметін әлдеқайда күрделендіріп жібереді. Мидың күрделі өрнегі тәріздес тұрақты және уақытша байланыстырады оңайлата қарастыратын болсақ, екінші сигналдық байланыстарды талдағыштардың ұштары менмидың қозғалыс учаскесі арасындағы дәнекер буын дер едік.
Екінші синалдық байланыстар негізінде адам мінез-құлқының барлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz