Туризмдегі туристік ӨӨҚ құрайтын шығындардың есебі


1. Туризмдегі туристік ӨӨҚ құрайтын шығындардың есебі
1. 1 Туристік қызметтің мәні ж\е оның түрлері.
Туристік қызмет - бұл туристік қызметтің, туристік өнімнің сипаты мен бағытына сай келетін, мораль мен жақсы тәртіптің қағидаттарына қайшы келмейтін туристің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға бағытталған қызмет көрсету саласындағы мақсатты іс-қимылдар жиынтығы. Туристік қызметтің туристерге көрсететін қызметтеріне байланысты бірнеше функцияларды қамтиды:
- Ақпараттық қызмет. Турист бұл қызметті өз елінде алу керек. Осы ақпараттарда куәлік құралы туралы шетелге сапар шеккен кездегі қолданылатын көлік құралдарының қызметінің бағалары, туристік кешендерде, орталықтарда ұсынылатын қызметтердің бағалары, туристік бюролар ұйымдастыратын эксурсиялар жөніндегі мәлімет және басқа да туристік бюролар көрсете алатын қызметтер жөніндегі мәлімет болуы тиіс.
- Жолдағы қызмет. Бұл турист ел ішінде саяхат жасағанда отандық немесе шетелдік көлік құралымен, сапар шегіп жүрген кездегі пайдаланатын қызметтері туралы мәлімет шетел шекарасынан өткен кезден бастап туристік немесе курортты кешендерге бара жатқан кезде корсетілетін қызмет. Ұйымдаспаған туристерге қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
- жергілікті шекара және кеден қызметтері жүргізетін бақылау
- туристің жүгін кедендік тексеруден өткен жерден такси тұрағына дейін тасуға көмектесу т. с. с. Ал ұйымдасқан туристер үшін бұл көрсетілетін қызметтің үлкен толық жиынтығы - оларды күтіп алу және олар араласатын жерлерге дейін шығарып салу.
Жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсетуі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңына сәйкес жүргізіледі.
Туристік қызметтер демалуды, тарихи және мәдени мұралармен танысуды, спортпен шұғылдануды, мәдени - бұқаралық іс - шараларға қатысуды және тағы басқаларды қамти отыра, әлеуметтік - сауықтыру сипатымен ерекшеленіп, халық тұтынатын қызметтердің маңызды бөлігін құрайды.
Туристер негізгі, қосымша және ілеспелі қызметтердің тұтынушылары болып табылады. Негізгі туристік қызметтерге жататындар :
- орналастыру;
- тамақтандыру;
- көліктік қызмет, оның ішінде трансфер;
- экскурсиялық қызмет.
Туризмнің дамыған инфрақұрылымында қосымша қызметтердің үлесіне кірістің жалпы көлемінің 50 пайызына жуығы кіреді. Оларға келесілерді жатқызуға болады :
- негізгі қызметтердің тізіміне кірмейтін қосымша экскурсиялар;
- дене шынықтыру - сауықтыру қызметтері;
- медициналық қызметтер;
- мәдени - ойын - сауық және ойындық іс - шаралар және т. б.
Ілеспелі қызметтерге жататындар :
- ереже бойынша туристік символикасы бар сувенирлік өнімдерді ұсыну;
- саудалық, валюта - несиелік, ақпараттық, конгресстік және басқа да қызмет көрсетулер;
- байланыстың арнайы түрлері бойынша қызмет көрсету, банктерден жеке сейфтер ұсыну және т. б
Туризм дегеніміз - дамалу мақсатында, белгілі бір іс бойынша және өзге мақсаттарда бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттауды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туроператорлық қызмет - осы қызмет түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың өздерінің туристік өнімдерін құрып туристік агенттер мен туристерге сатып - өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметі.
Турагент - лицензияның негізінде туристік өнімді жылжыту мен сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады. Турагенттер мен туроператорлар білікті мамандар болуы тиіс. Олар үнемі қоғаммен жұмыс істейді. Олардың сыпайылығы мен турлардың біліктілігіне байланысты өзіндік турөнімдерін жылжытып сата алады.
Гид-аудармашы - туристтерге уақытша келген елдегі туристтік ресурстармен таныстыру жөніндегі ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсететін кәсіби даярланған жеке тұлға.
Экскурсовод - уақытша болатын елдегі туристік ресурстармен немесе ол сол мемлекетпен, оның тарихымен таныстыру жөніндегі туристтерге экскурсиялық - ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар, кәсіби даярланған жеке тұлға.
Экскурсовод пен гид-аудармашылар арасында айырмашылықтар бар. Гид-аудармашы туристік топты белгіленген маршрутпен алып жүреді, ал экскурсовод белгіленген уақыты бойынша туристік экскурсиялық автобуста немесе белгіленген жерде экскурсияны жүргізеді.
Тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристік өнім - саяхат барысында туристің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристік қызмет көрсету - туристік саяхат кезеңінде және осы саяхатқа байланысты туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер) .
Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді.
Туристік қызметтер аясы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл өндіріске, тұтынуға және халықтың тұрмысы мен еңбек етуіне біршама әсерін тигізеді.
Туристік қызмет агенті - бұл жеке немесе заңды тұлғалардың туроператор қалыптастырған өнімді ұсыну, өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметтің бір түрі. Осыдан алатынымыз, турагент - ол жекелеген фирма, біріншіден қызмет көрсетілген кәсіпорындардың арасында делдалдық қызмет атқарады, екіншіден турист клиенттерге қызмет көрсетеді.
1. 2. Туроператорлық қызмет шығындарының есебі
Туристік өнімді жасау бойынша шығындардың есебінде өндірістің жеке өнімі болып туристік қызмет болып табылады.
Туристік өнімдерді құруда шығындар есебі 8110 «Негізгі өндіріс» шотында жүргізіледі. Шот арқылы туристік қызметтің бағыты, оның ұйымдастырылуы бойынша немесе туризмнің түрлері бойынша аралық шоттар ашылады. 8110 «Негізгі өндіріс» шоты актив болып, өнімді өндірумен байланысты шығындар дебетінде, ал кредитінде дайын турөнім көрсетіледі.
Егер кәсіпорында турөнімді өндіру барысында жеке қызметтермен шұғылданатын бөлімшелері болатын болса, ол көмекші өндіріс. Көмекші өндірістің есебін шығару үшін 8310 «Көмекші өндірістер» шоты қолданылады. Бұл өндіріс бөлімшесіне қонақ үйлер, демалыс үйлері, спорттық құрал-жабдықтар, туристік көліктер және т. б жатады. Осы бөлімше есебін жазғанда барлық шығындар 8310 «Көмекші өндіріс» шот дебетінде көрсетіледі, сосын есептік кезең соңында олар 8310 «Көмекші өндіріс» шот кредитінен 8110 «Ненгізгі өндіріс», 8410 «Үстеме шығындар», 7210 « Әкімшілік шығыстар» және тағы сол сиақты шоттардың дебетінде көрсетіліп, есептен шығарылады.
Туристік өнімді өндірудегі шығындардың аналитикалық есебі туристік өнімді өндіруге жеке тапсырыстар шеңберінде немесе шығын мен есептің объектісі болатын мұндай тапсырыстардың жиынтығы бойынша жүргізіледі.
Кесте 1. Туроператорлық қызметтегі шығындар есебінің шот корреспонденциясы
1. 3. Туристік өнімнің құнын калькуляциялау
Өнімнің жекелеген түрлеріне қатысты барлық шығындар калькуляциялауға жатады. Калькуляция - өнімнің өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз ететін, есептік процедуралар мен шығындардың аналитикалық есебінің әдіс, тәсілдерінің жиынтығы.
Турөнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау бір турөнімді жасау және өткізуге кеткен барлық шығындардың есебі. Бұл әдісте орташа жалпы шығындар немесе бір турөнімнің толық өзіндік құны есептелінеді.
Туроператорлар туристік өнімнің құнын құрайтын өзіндік құнды калькуляциялағанда, калькуляцияның объектісіне топтық тип кезінде - туристердің тобына қызмет көрсету, ал турдың жеке тип кезінде - жеке туристерге қызмет көрсетудің құны жатады.
Турдың жекеше түрін калькуляциялау ең алдымен өнім бағасын қалыптастыру үшін керек. Қазіргі кезде туристердің негізгі бөлігінің легі жинақталған топтардан құралуы жол жүрудің көтерме бағасын анықтайды. Осы мақсатта құжат құрылып, ол құжатқа баға қалыптастырудың шығындық әдісі кезіндегі өнімнің сатылу бағасы рәсімделеді. Бірінші жоспарлы калькуляция жасалады, артынан нақты калькуляция болып қайта құрылады.
Жолдаманың құнына сақтандыру жарнасының сомасы кіреді, оның көлемі әдетте тарифке тәуелді болады. Іс жүзінде әртүрлі төрт тариф қолданылады, олар төмендегілерге сүйенеді :
- елшіліктердің шарттары, олар сақтандыру сомасының төмен мөлшерін анықтай алады;
- жол жүру мерзімі;
- топтағы адамдардың саны (жеңілдіктер болуы мүмкін) ;
- жасы (60 жастан асқандарға сақтандыру сомасы екі есе көбейтілуі мүмкін) .
Калькуляциялық баптың басқа түрі визалар болып табылады. Олардың құны топтағы адамдардың санына және бір адамға кеткен құн арқылы қарастырылады. Туристік визаларды рәсімдеу шетелдік фирмалардан келетін шақыртулардың көмегімен туристердің анықталған санына қарай жүзеге асырылады.
Кесте 2. Калькуляция ( 2 күнде 35 адамдық топ) . Алматы - Семей - Алматы маршруты
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz