Қылмыстық, азаматтық, еңбек құқығының реттеушілік және қорғау функциялары. Осы функцияларды іске асырудағы құқық қорғау органдарының рөлі қандай


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Құқық қорғау органдары пәнінен
СӨЖ
Орындаған: Джусупбаева А. Е.
Топ: МП-241
Тексерген: Байсымакова Д. С.
Тапсырма: Қылмыстық, азаматтық, еңбек құқығының реттеушілік және қорғау функцияларын атаңыз. Осы функцияларды іске асырудағы құқық қорғау органдарының рөлі қандай?
Жалпы құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызы оның нормативтік актілер арқылы қоғамның іс-әрекетіне, тәртібіне әсер етуі мен соның нәтижесінде қатынастарды қажет кезде және дұрыс орындауында.
Құқық қоғамда маңызды екі қызмет атқарады. Олар: қатынастардың орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыратын реттеуші және қатынастарда қол сұғушылықтарды болдырмайтын қорғаушы функциялары.
Қазақстан Республикасының 2014 жылы 3 шілдеде № 226- V Заңымен қабылданған Қылмыстық Кодекстің 2-бабында қылмыстық құқықтың міндеттеріне мысалдар қарастырылған. Оның реттеушілік функциялары :
- Қылмыстық Кодекс арқылы адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін бекіту және қорғау;
- Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау ережелерін бекіту;
- Қоғамдық тәртіпті заңмен және жазалау тәртібімен сақтау;
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын сақтау;
- Қоршаған ортаның бүлінуіне жол бермеу;
- Экологиялық талаптардың бұзылмауын қадағалау;
- Қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;
- Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың болуына жол бермеу;
Қорғаушы функциялары:
- Жеке адамға және оның құқықтарының барлық түрлеріне қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды заңмен және ықпал ету шаралары арқылы болдырмау;
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын қатаң ережелермен қорғау;
- Қоғамдағы қылмыстық теріс қылықтарды керек жағдайда мәжбұрлеу жолымен қорғау;
- Қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;
Осы функциялардың орындалуына Құқық Қорғау Органдарының ықпалы баршылық. Олар Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Құқық қорғау қызметі туралы Заңының 4-бабына сәйкес, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігін атқарады. Азамат өзінің бостандығы мен өміріне қарсы, конституциялық құқықтары мен бостандығына қарсы құқықбұзушылық орын алған жағдайда еш кідірместен Құқық Қорғау Органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істер органдары және т. б бойынша жүгіне алады. Олар сол істерді қарап, міндетті түрде азаматтардың құқықтарының бұзылу мәселелерін тергеп, қарастырып әділ шешім мен жаза шығарып көмек көрсетуі тиіс.
Азаматтық құқық - жалпы азаматтық заңда көрініс тапқан тауар-ақша, мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Оның реттеушілік және қорғаушылық функциялары азаматтық заңдармен, мәжбүрлеу шарасымен және т. б шаралар түрімен қамтамасыз етіледі. Бұл функциялар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық Кодексінің 2-бабында жазылған. Мысалы:
- Азаматтық құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігін заң баптарында көрсету;
- Заңды тұлғалар, Шаруашлық жіне толық серіктестіктердің негізгі ережелері мен қызметін заңда негіздеу және реттеу;
- Азаматтық құқық объектілерінің қолданылуы мен қорғалуының қамтамасыз етілуін белгілеу;
- Меншік құқығына ие болу және оны реттеу;
- Шарт жасасу туралы түсінік беру;
- Міндеттемелердің жекелеген түрлері(сатып алу-сату, айырбас шарты, рента, жалға алу) ережелерін бекіту және қадағалау; \
- Мүліктің заңмен қорғалуын қамтамасыз ету.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары өздерінің меншігіне қол сұғушылық болған жағдайда, немесе жеке істеріне басқа тұлғалардың озбырлықпен араласуы орын алған жағдайда Құқық Қорғау органдарының көмегіне жүгінуі тиіс. Құқықбұзушылық жағдайына сәйкес тиісті орган сол мәселеге қатысты іс қозғайды. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық Кодексінің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік: құқықтарды тану; құқық бұзылған жағдайды анықтау; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; құқықтық қатынастырды тоқтату; моральдық зиянның өтемін төлету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актіні жарамсыз деп тану және т. б. құқықбұзушылықтарға шаралар қабылдайды.
Еңбек құқығы еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарындағы және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастардағы тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, кепілдіктерін белгілеу секілді реттеушілік және қорғаушылық қызметтерін атқарады. Оларға мысалы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz