Лицензиялаудың негіздері. Лицензиялаудың негізгі ұстанымдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Лицензия (лат. licentia -- рұқсат, құқық), рұқсатнама - экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат.
Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.
Мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты. Жеке тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімде қолданылатын экспорттық-импорттық операцияларға бақылау орнату нысанының бірі.
Жеке адамдар немесе ұйымдарға патентпен, техникалық біліммен, тәжірибе, өндірістік құпия, сауда маркасымен қорғалған өнертапқыштықты пайдалануға рұқсат беретін құжат.
Лицензиялау заңды тұлғалардың шаруашылық кызметін әкімшілік реттеу әдісі, ол тізбесі заңмен айқындалатын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін арнаулы рұқсат (лицензия) алуды көздейді.
Лицензиялар түрлері. Лицензиялар түрлері ҚР Үкіметімен белгіленеді.
Сондай-ақ лицензиялар қызмет көлемі бойынша мына түрлерге бөлінеді:
1. Бас - мерзімі шектелмей берілетін (әдетте бұл қызметтің немесе жұмыстардың белгілі түрін жүзеге асыруға лицензиялар);
2. Бір реттік - рұқсат етілген көлем, салмақ немесе мөлшер, сондай-ақ мерзім шегінде белгілі шаруашылық операциялар жасауға (мысалы, экспорттық немесе импорттық лицензиялар);
3. Опеpациялық - банк қызметінде белгілі операция және валюта заңдарымен анықталған валюта құндылықтарын пайдаланумен байланысты операциялар жасауға.
Лицензияның әрекеті заңды тұлғаның тапсырысына сәйкес бір немесе екі облыстың аумағына таралады. Лицензиялар шеттетілмейтін, яғни иеленушімен басқа жеке немесе заңды тұлғаға беріле алмайтын болып табылады.
Міндетті лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің тізбесі заңмен тікелей көрсетілген. Алуға тапсырыс түскен қызмет түріне байланысты лицензия алу бойынша талаптар тізбесі заңдармен көзделген.

Лицензиялаудың негіздері.Лицензиялаудың негізгі ұстанымдары.
1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.
3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.
4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптарын белгiлейтiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Жекелеген қызмет түрлерiне (кiшi түрлерiне) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлердi осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.
5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.
6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға жатпайды.
Қызмет түрінің бірыңғай технологиялық процеске кіретіні және (немесе) оны қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементіне жатқызу туралы қорытындыны өтініш берушінің өтініші негізінде лицензиардың сұрауы бойынша құзыретті (салалық) орган береді.
9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;
2) уәкілетті органнан;
3) лицензиарлардан тұрады.
Кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, электрондық үкіметтің төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.
Лицензия салалары мынадай: 1) өнеркәсіп; 2) атом энергиясын пайдалану; 3) улы заттар айналымы; 4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 5) көлік; 6) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы; 7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар; 9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы; 10) ғарыш кеңістігін пайдалану; 11) ақпараттандыру және байланыс; 12) білім беру; 13) бұқаралық ақпарат құралдары; 14) ауыл шаруашылығы; 15) денсаулық сақтау; 16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; 17) ойын бизнесі; 18) ветеринария; 19) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, сот-сараптама; 20) мәдениет; 21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; 22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс; 23) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау; 24) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 25) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы; 26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; 27) тауарлар экспорты мен импорты; 28) тауар биржалары салаларындағы қызметтің жекелеген түрлері лицензиялануға тиіс. Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін лицензиялардың және оларға қосымшалардың нысандарын қоспағанда, лицензияның және оған қосымшаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қызметтің кіші түрлері көрсетілетін лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Заңның 32-бабында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық үкімет деген не
Малдәрігерлік саласындагы кәсіпкерлік
Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
Экологиялық аудит
Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті үйымдасіыру
Экологиялық сараптау
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу қағидаттарықағидаттары
Медициналық ұйымның аккредитациясы және лицензирленген медицина қызметі
Лицензиялау. Туристік қызметті лицензиялау
Пәндер