Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру


Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру
Жүйелік бағдарламалау - дегеніміз компьютер құрылғыларын қолданушы үшін ыңғайлы пайдалану мүмкіншіліктерін қамтамасыздандыруға арналып жазылған бағдарлама.
Жүйелік бағдарламалау - жүйелік бағдарламалық қамтаманың негізгі құраушысы. ЖБ-ны құрған кезде, ЖБ-ны оңайлатудың маңызды әдісі болатын және олардың детальдарының таратылуын елемей, желінің жоғарғы деңгейдегі құрауыштарымен өзара әсерін бір жерге жинауға мүмкіншілік беретін абстракциялау тең қолданады. Бұл мағынада ЖБ қолданушы мен компьютер арасындағы интерфейсті көрсетеді.
Көптеген компьютерлердің архитектурасы машиналар командасы деңгейінде қолданбалы бағдарламаларды пайдалануға өте қолайсыз. Мысалы, дискімен жұмыс істеу оның электрондық құрауышының ішкі жабдығын дискіні айналдыру командасын енгізу, жолшықтарды іздеу және форматтау, секторлардан оқу және жазу т. б. үшін - контроллерді біледі деп ұйғарады. ЖБ компьютердің өте күрделі архитектурасының барлық бөліктерін басқаруға арналған. Мысалға, егер бір компьютерде жұмыс істейтін бірнеше бағдарлама, бір мезгілде нәтижені басқа құрылғысына (принтерге) шығаруға әрекеттенсе не болатынын елестетейік. Біздер әртүрлі бағдарламалар шығарған араласқан жолдар мен беттер алатын едік. Жүйелік бағдарламалау бұл сияқты хаосты баспаға арналған, дискідегі және баспаға кезекті ұйымдастыру ақпараттарын буферлеу арқылы болдырмайды. Көп қолданушыға арналған компьютерлердің ресурстарын басқару және оларды қорғаудың қажеттілігі өте анық. Демек, операциялық жүйе, ресустар менеджері сияқты, процессорлардың таралуын, жадының және әртүрлі бағдарламалар арасында басқа русуртардың реттелгенін және бақыланғандығын іске асырады.
Бір жағынан компьютердің аппаратурасы мен пайдаланушының есептері арасындағы интерфейс болып табылатын, ал екінші жағынан есептеуіш жүйесінің қорын тиімді қолдану және сенімділік есептеу ұйымдастыруына арналған басқарушы және өңдеу бағдарламаларының комплексін жүйелік бағдарламалау дейміз.
Осы уақытта ЭЕМ-ның үлкен желілері, байланыс тізбегі негізінде салынған, қызмет ұсына бастайды. Желілер жүйелік бағдарламалық қамтамаға одан да үлкен талаптар ұсынады. Аппаратық микробағдарламаларды қайта жазу мүмкіндігі бар басқару жадысының пайда болуы, ақпаратты автоматты түрде деңгейлер арасында беретін негізгі жадының иерархиялық құрылымы, ассоциативті есте сақтау құрылғыларының өнімділігі сияқты өзгерістер бар. Сол сияқты өңдеу құрылғыларындағы, оның ішінде бағдарламаланатын «параллелизмнің» тереңдеуі, бағдарламалық қамтамаға қатысты жаңа талаптар әкелді және жүйелік бағдарламалау принциптерін түсіндіреді. Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамалар жүзеге асуы мүмкін болатын процестерді және ресурстарды жобалау үшін, жүйелік бағдарламалау қарапайымдылығын анықтау:
1) адам - бағдарланған тілдер, тапсырмаларды басқару;
2) параллелизмді қамтамасыз ететін тілдер және жүйелер;
3) жүйелік бағдарламалау әрекетін өлшейтін бағыныңқы жүйелер;
4) әмбебаптық қорғау схемасы.
Жүйелік бағдарламалаудың орындайтын негізгі функциялары:
-пайдаланушыдан қабылдайтын командалар және олардың өңдеуі;
-басқа бағдарламаларды іске қосу, тоқтату, кідіру үшін қабылданатын және орындалатын бағдарламалық сұраныс;
-орындалатын бағдарламаларды оперативті жадыға жүктеу;
-бағдарламаның иницияциясы;
-барлық бағдарламалар мен деректердің идентификациясы;
-деректер базасын басқару жүйесінің жұмысын жасау, бағдарламалық жасаудың тиімділігін көтереді;
-мультибағдарламалау режімін жасау (екі және одан да көп бағдарламалардың бір процесорда орындалуы) ;
-барлық енгізу-шығару операцияларын ұйымдастыру және басқару функцияларын жасау;
-жадыны үлестіру;
-берілген стратегиялар және қызмет көрсету пән бойынша есептердің жоспарлауы мен диспетчерлеуі;
-орындалатын бағдарламалар арасындағы деректер мен хабарлардың алмасу кетігін ұйымдастыру;
-деректердің сақтауын жасау; бір бағдарламаны басқа бағдарламаның қатерінен сақтау;
-жүйенің бөліктік жаңылысу кезінде берілетін қызмет;
-бағдарламалау жүйесінің жұмысын жасау арқылы пайдаланушылар өз бағдарламаларын дайындайды.
Операциялық жүйемен қатынасу қызметін алу үшін бағдарламаларға қажет интерфейсті операциялық орта дейміз (енгізу-шығару операциясын орындау, жадының учаскесін алу немесе босату) .
Әрбір бағдарламалау жүйесі өзіне сәйкес операциялық жүйеде жұмыс жасайды. Жүйелік бағдарламалауды қызметтеу үшін арнайы жүйелік бағдарламаларды утилит дейміз.
Жүйелік бағдарламалауды жіктеу. Жүйелік бағдарламалау біріншіден, жалпы және арнайы тағайындалады. Есептерді өңдеу режімінде Жүйелік бағдарламалау бір бағдарламалы және мультибағдарламалы режімдерге бөлінеді. Бірсанашықтық есептеу жүйесінде бірнеше бағдарламаның бір уақытта орындалып жатқандай көріністі біз мультибағдарламалық есептеуді ұйымдастыру тәсілі деп атаймыз.
Мультибағдарламалауды ұйымдастырған кезде, Жүйелік бағдарламалаудың рөлі мынадай:
1) жүйелік бағдарламалау және қолданбалы бағдарлама арасындағы интерфейсті ұйымдастыру;
2) жадыдағы тапсырмалардан кезек ұйымдастыру;
3) бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысу;
4) ақпараттың жадын таңдау және ауыстыру, орналастыру процесін реттеу;
5) файлдар түріндегі сыртқы тасымалдауыштардағы ақпараттардың сақталуын ұйымдастыру және анықталған категориядағы қолданушыға нақты файлмен қатынасты қамтамасыз ету;
6) коммуникация құралдарымен қамтамасыздандыру;
7) деректерді мүлтіксіз алмастыру үшін әртүрлі ресурстармен жұмыс істеген кезде пайда болатын және өз әрекеттерінің координациясын бағдарламамен алдын ала ескеретін жанжалды оқиғаларды шешу керек, яғни: жүйені синхронизациялау құралдарымен жабдықтау керек.
Жүйелік бағдарламалауды қарастырғанда есептеуіш үрдіс түсініктемесі негізгі болып саналады. Жүйелік бағдарламалаудың жіктелуі (классификация) жүйелік бағдарламалаудың тағайындауын (белгілеуін) және олардың орындайтын функцияларын қарастыра отырып, ең ортақ жіктеушілер принципін негізге ала отырып, барлық алуан түрлі жүйелік бағдарламалауды жіктеуге болады:
1) Бір мезгілде бар бағдарламалық процестердің санына байланысты жүйелік бағдарламалаулар бірбағдарламалы және мультибағдарламалы болып бөлінеді. Мультибағдарламалық жүйелік бағдарламалаудың, бір бағдарламалық жүйелік бағдарламалаудан айырмашылығы есептеу процесі компьютер жадында бір мезгілде бір процесорда кезекпен орындалатын бірнеше бағдарламаның болуын ұйымдастыру.
2) Есептеу жүйесіне қатынасы бар қолданушылар саны бойынша, бір қолданушы және көп қолданушы жүйелік бағдарламалау болып танылады. Көп қолданушы жүйелері бірнеше қолданушыға бір мезгілде жүйесіне қатынасқа мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр қолданушы өзінің терминалымен жұмыс істейді, бірақ барлық есептеулер бір компьютерде шығарылады.
3) Белгілеуі бойынша жүйелік бағдарламалаулар әмбебаптық және мамандандырылған болып бөлінеді. Мамандандырылған жүйелік бағдарламалау бекітілген бағдарламалар жиынымен жұмыс істейді.
4) Жүктелу әдісі бойынша жүктелетін ЖБ-лер және есептеу жүйесінің жадында үнемі (ылғи) болатын жүйелер деп бөлуге болады. Соңғы ереже бойынша, мамандандырылған құрылғылардың жұмысын басқару үшін пайдаланылады.
5) Жүйелік бағдарламалаудың пайдалану аймағының ерекшелігі бойынша жүйелік дестелік (пакеттік) өңдеу, жүйелік уақытты бөлу және жүйелік нақты уақыт болып бөлінеді.
Жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру компьютерді нақты қолдануымен байланысты емес жалпы қолданыстағы бағдарламалар және дәстүрлі қызметтерді орындайды: тапсырмаларды басқару жоспарлау, енгізу-шығаруды басқару. Басқа сөзбен айтқанда жүйелік бағдарлама әртүрлі қосымша функцияларды орындайды.
Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруға жатады:
-операциялық жүйе (бұл бағдарлама компьютерді қосқанда жедел жады құрылғысында жүктеледі)
-қамтама-бағдарламалар (DOS командалы жол көмегімен салыстырғанда компьютермен ыңғайлы алмасу әдісі, мысалы, Norton Commander)
-операциялық қамтамалар - графикалық интерфейстер жасауға арналған интерфейсті жүйелер;
-драйверлер (қосымша құрылғылардың порттарын басқаруға арналған бағдарламалар, әдетте, компьютерді қосқанда жедел жадыда жүктеледі) ;
-утилиттер (қолданушыға қосымша қызметтер қатарын ұсынатын қосымша немесе қызметтік бағдарламалар) .
Утилиттерге жатады:
- файлдар диспетчері немесе файл менеджерлер;
-мәліметтерді динамикалық нығыздау құралы (нығыздау арқылы дисктегі ақпараттар санын көбейтеді) ;
-көру және экранға шығару құралы;
-бақылау құралы, диагностика құралы, компьютер конфигурациясын бақылауды қамтамасыз етеді және компьютер құрылғысының жұмыс істеу қабілетін тексеру;
-коммуникация құралы, компьютерлер арасында ақпараттармен алмасуды ұйымдастыруға арналған.
-компьютерлің қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы (резервті көшірме, антивирусты бағдарламалық қамтамасыздандыру) .
Айта кететін жайт, утилит бір бөлігі операциялық жүйенің құрамына кіреді, ал екінші бөлігі автономды функцияланады. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың көп бөлігі операциялық жүйенің құрамына кіреді. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жалпы бөлігі компьютердің өзінің құрамына кіреді. БҚ жалпы бөлігі автономды бағдарламаға жатады және жеке қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz