Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1
Құқықтық қатынас белгілері
4
2
Азаматтықіс жүргізудегі құқықтық қатынастар
8
2.1
Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдар
10
2.2
Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері
14
2.3
Құқықтық қатынастың объектілері
16
2.4
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
16
2.5
Құқықтық қатынас түрлері
17

Қорытынды
21

Пайданылған әдебиет
22

Кіріспе

Құқықтық қарым-қатынас - құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қарым-қатынас. Бұған қатысушылар субъективті құқық иелеріне айналып, оларға міндеттер жүктеледі. Құқықтық қарым-қатынас - жекелеген тұлғалар (азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік органдар мен азаматтар) арасындағы қарым-қатынас, олар заңмен қамтамасыз етілген ықтимал және парыздық мінез-құлық өлшемдерін айқындайтын құқықтармен және міндеттермен өзара байланысты. Мүмкіндік пен парыз нақты іс-әрекетпен, нақты мінез-құлықпен іске асырылады. Құқықтық қарым-қатынас заңда көзделген фактілер орын алғанда, яғни шарттар жасасылғанда, әкімшілік актілер қабылданғанда, құқық бұзушылық немесе оқиға болғанда, т.б. жағдайларда туындайды. Құқықтық қатынас -- қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар. Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс - қатынастар моральдық, әдет-ғүрып, діни, құқықтық нор-малармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.

1 Құқықтық қатынас белгілері

Құқықтық қатынастардың белгілері:
- әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;
- құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);
- адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланысты;
- ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;
- қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі;
- мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.
Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:
oo субъект;
oo - объект;
oo - субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).
Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады. Субъективті құқық - субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы:
1 өкілді жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;
2 міндетті жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;
3 құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік органға қайырылу мүмкіндігі;
4 белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіндігі.
Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:
- белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;
- өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;
- аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;
- контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.
Субъективті құқық пен заңды міндеттер арасындағы айырмашылықтар:
- егер субъективті құқық өз мүддесін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет өзгенің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған;
- субъективті құқық мүмкін болатын әрекет мөлшері болса, заңды міндет тиісті әрекет мөлшерін көрсетеді.
Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі. Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:
- азаматтар;
- екі азаматтылығы бар адамдар;
- азаматтығы жоқ адамдар;
- шет ел азаматтары.
Ұжымдық субъектілерге мыналар жатады:
- мемлекет;
- мемлекеттік ұйымдар;
- мемлекеттік емес ұйымдар.
Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға белгісіне ие. Заңды ұйым -- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік - азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Мысалы, мұрагерлік құқықта. Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты.
Қазақстан Республикасында толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:
- толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);
- жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);
- шектелген әрекет қабілеттілік (ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуына байланысты өзін немесе отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен 18 асқан азамат сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);
- әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.
Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек шарты бойынша еңбек ететін болса немесе ата-анасының немесе қамқоршыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі. Құқық субъектілік - мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі). жымдық субъектілер құқықсубъектілікке ие болады. Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз. Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.
Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:
- құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;
- құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.
Олардың қатарына:
- материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);
- материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты);
- рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.);
- құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;
- бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.
Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздер бойынша топтастырылады. Құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар, экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді. Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді. Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді және бәсең болып жіктеледі. Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу -- сату шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу. Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді. Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады.
Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты анықталған және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз. Абсолютті құқықтық қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық қатынастың түрін айтамыз. Жалпы құқықтық қатынастар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынасты туындататын заңдардан бастау алатын қатынастың бір түрі. Нақты құқықтық қатынастар нақты заңдық фактінің негізіндн пайда болатын жеке тұлғалардың өзара немесе белгілі бір ұйыммен, мекемемен қарым қатынасын реттейтін құқықтық қатынастың бір түрі. Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады. Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі. Заңды фактілерді де әр түрлі негізде жіктеуге болады.
Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:
- құқық қалыптастырушы;
- құқық өзгертуші;
- құқықты тоқтатушы болып бөлінеді.
Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:
- оқиға;
- әрекет болып бөлінеді.
Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың туылуы, төтенше оқиғалар т.б. жатады. Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады да екіге бөлінеді: құқықтық және құқыққа қарсы. Құқықтық әрекеттің өзі екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір заңдық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ой-пиғылынан тыс заңдық нәтижелердің пайда болуына әкелетін әрекеттер. Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіпшілік болады. Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына бір факті аздық етеді , бұндайда заңдық құрам әрекет етеді.

2 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары дегеніміз -- қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын.
Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.
Құқық субъектісі -- заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел баскару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құкықтар мен міндеттерге ие болып, олар-ды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.
Субъективтік құқық -- тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жок, па ол тұлғаның еркі.
Заңды міндет -- заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші колданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
Құқықтық қатынастың объектісі (заты) -- табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынасы - азаматтық іс-жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс бойынша соттық әділеттілікті жіберу кезінде сот пен іс-жүргізуге қатысушылардың біреуі арасында пайда болатын қоғамдық қатынас.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарына құқықтық қатынастардың әр түрінің нышандарын біркелкі құқық қатынастары мыналармен мінезделеді:
- құқық нормаларының негізінде пайда болады;
- арнайы субъектілер арасында болуы мүмкін;
- қатынастардың қатысушыларының мінез-құлықтарын алып жүреді;
- құқық бұзу кезінде қатынастың қатысушысымен мемлекеттік күш қолдау шараларын қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.
Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді. Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар.
Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсыльқ білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды.
Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы және олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендігін хабарлайды.Сот приставы -- төмендегідей міндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауды жәрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды және процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың және басқа органдардың атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді.Сот орындаушысы -- бұл мемлекеттік қызметтегі және заңмен жүктелген соттың және басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымдм тұлға.
Іске қатысушы адамдар тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мілімдемейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тәртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер және басқа да мүдделі адамдар.
Іске қатушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. Осы тұлғалар іс жүргізу құқықтарын орындамаған жағдайда заңдарда азаматтық сот ісін жүргізу туралы қарастырылған салдарлар туындайды.
Іске қатысушы барлық адамдар екі шағын топқа бөлінед:
1) өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни, ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді,
2) мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар.

2.1 Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдар

Бұл топқа куәгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мән-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жәрдемдеседі және нақты әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.
Талапкер және жауапкер. Талапкер мен жауапкер процестің тараптары болып табылады, олар құқық туралы дауларын сотта шешетін адамдар. Талапкер -- өз мүддесін немесе мүддесі көзделіп талап қойылған азамат немесе заңды тұлға. Талапкердің құқықтары мен заңды мүдделері бойынша сот дауы пайда болып, ол сотпен шешіледі.
Сотқа талап-арыз қоюшы адам әрқашан талапкер бола бермейді. Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, азаматтар не прокурор басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап арыздарының негізінде қозғалуы мүмкін.
Жауапкер -- өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар немесе заңды тұлғалар. Жауапкер бұл құқық жөніндегі даудың екінші тарабы, ол талап қоюшының көзқарасы бойынша оның құқығын бұзған немесе дау бойынша құқығы мен заңды мүдделеріне дауласады. Процесте тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының соттарында құқық туралы даулар қаралуға тиіс болса шетелдік құқық субъектілері де (шетелдіктер азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар), халықаралық ұйымдар) тараптар болуы мүмкін. Азаматтық процеске бірнеше тараптар мен бірнеше қатысушылар қатыса алады. Сонымен, азаматтық процесс -- бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, оның әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар -- бұл азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен процесс қатысушыларының бірінің арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары. Құқықтық жалпы теориясының жалпы таныған жағдайына сәйкес құқық қатынастарының пайда болуының алғышарттары деп аталатыны анықталған, заңды түрде бекітілген шарттарды қолда барында пайда болады.
Сол алғышарттар екі түрге бөлінеді: жалпы (абстрактілі) және арнайы (нақты).
Жалпы алғышарттарға жатады: а) құқық нормалары; б) құқық субъективтілігі.
Арнайы алғышарт болып құқық қатынасының пайда болуының тікелей негізі танылады: заңды факт (әрекет, әрекетсіздік, оқиға, жағдай) немесе заңды фактілердің жиынтығы.
Сондай-ақ, азаматтық іс-әрекет құқық қатынастарының пайда болуы үшін келесі 3 алғышарттар қажет:
- азаматтық іс-жүргізу құқықтарының нормалары;
- іс-жүргізу құқық қатынастарының қатысушыларының құқық субъектілігі;
- заңды факт (заңды құрам)
- Азаматтық іс-жүргізу құқығының нормалары әділеттігін орындау кезіндегі сот пен процесс қатысушыларының мінез-құлықтарының жалпы түрде міндетті ережелері.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары сәйкестендірілген іс-жүргізу норманың тек қолда бар кезінде пайда болады. Азаматтық іс-жүргізу құқығының ғылымындағы аксиома болып келесі жағдай болып табылады: іс-жүргізу нормасы жоқ - іс-жүргізу қарым-қатынасы да жоқ.
Азаматтық іс-жүргізу құқығының нормалары үшін анықталған белгілер мінезді. Сол нормалар:
* тек қана мемлекетпен құрылады;
* жалпы түрде міндетті болып табылады;
* тек азаматтық сот өндірісі саласында ғана қатынастарды реттейді, қысқаша айтқанда азаматтық істерді қарау және шешумен және олар бойынша шығарылған сотық актілердің орындалуымен байланысты пайда болатын қатынастар;
* оларды бұзу кезінде мемлекеттік күш қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.
Іс-жүргізу қатынастарының қатысушыларының құқық субъектілігі құқық қабілеті мен әрекетке қабілетсіздігін біріктіретін түсінік болып табылады.
Азаматтық іс-жүргізудің құқық қабілеті - азаматтық іс-жүргізу құқықтары мен іс-жүргізу міндеттерімен ие болуға қабілеті. Ол тең шарада метиралдық құқықтық субъектілері болып табылатын барлық азаматтармен және ұйымдармен танылады (АІЖК-нің 45 б.). Азаматтық іс-жүргізудің құқық қабілеті азаматта оның туылу кезінен басталады және оның қайтыс болу кезінен бастап аяқталады. Заңды тұлғаның құқық субъектілігі оны құру кезінен бастап (заңды тұлға ретінде заң бойынша тіркеу) пайда болады және заңды тұлғаның әрекетінің аяқталуымен байланысты аяқталады (бірігу, бөліну, жаңадан құру формасындағы жою немесе жаңадан ұйымдастыру).
Құқық қабілеті және әрекетке қабілесіздігінің пайда болу мен аяқталу кездері заңды тұлғада сәйкес келеді.
Азаматтық іс-жүргізудің әрекетке қабілетсіздігі өз әрекеттерімен өз құқықтарын қорғау мен міндеттерін орындауға, өкілге істің жүргізілуін тапсыруға қабілеті (АІЖК 46 б.1бөлігі).
Әрекетке қабілетсіздігі өзінің жеке әрекеттерімен өз іс-жүргізу құқықтарын іске асыру, және міндеттерін орындап өзбетінше жауапкершілік әкелуді білдіреді.
Азаматтық іс жүргізуге әрекетке қабілетсіздігі оның жасы мен психикалық жағдайына байланысты. Іс-жүргізуге әрекетке қабілетсіздігімен толық көлемде 18 жасқа жеткен азаматтар, және де 18 жасқа жетпей некеге түскен тұлғалар ие болады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және әрекетке шектелген қабілеттілігі бар деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңға қызығушылығы сотта өз заң өкілдерімен - ата-аналарымен, асырап алушыларымен қорғалынады. Бірақ сот осындай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке шектелген қабілеттілігі бар азаматтарды тартуға міндетті. Азаматтық, отбасылық, еңбектік, кооперативтік, әкімшілік және басқа құқық қатынастарынан және тапқан айлығын орналастырумен немесе кәсіпкерлік әрекеттен түскен табыстармен байланысты мәміледен шығатын істер бойынша, заңмен қаралған жағдайларда, 14 жастан 18 жасқа дейін кәмелетке толмағандардың сотта өз құқықтары мен заңға қызығушылығын жеке қорғауға құқығы бар. Осындай ітерде оларға көмектесу үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін қатысуға тартуы соттың қарауына байланысты (АІЖК 46 б. 2 мен 4 п.)
Келтірілген нормалар АІЖК 63 б. 1 п. Нормаға қарсы болып келеді, онда әрекетке толық қабілеті жоқ тұлғалардың құқықтары, бостандықтарымен заңға қызығушылығын сотта олардығ ата-аналары, асырап алушылары қорғайды деп белгіленген. АК 22 б. 2 мен 4 п. Келесі ережелер бекітіледі: 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өз айлығын, шәкіртақысын, басқадай табыстарын және олармен құрылған интелектуалдық мүлік құқығының объектілерін өзбетінше бөлуге, және де тұрмыстық мәміле жасауға құқығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастар туралы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Құқықтық қатынастар
Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Құқық қатынастары туралы
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Пәндер