Генетика негіздері. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары


Генетика негіздері.
Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары.
Генетика-тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Оның қалыптасуы 1900 жылдан басталады.
Генетиканың негізін қалаушы - Грегор Иоганн Мендель. (1822-1884)
Генетика ғылымының негізгі мақсаты-тұқымқуалаушылықпен өзгергіштікті зерттеп, тіршілктің негізгі заңдылықтарының сырын ашу, анықтау. Оның медицина, ауыл шаруашылығындағы салалар үшін маңызы өте зор. Адам ауруларының көбісі тұқым қуалайды. Ағзалардың тұқымқуалаушылық қасиеті ертедегігрек оқымыстыларынан белгілі болған, бірақ олар оның мәнін дұрыс түсіндіре алмаған. Олардың болжамдары бойынша ұрпақтың белгілері, қасиеттері атасы мен анасынан тұқымқуалаушылық материалдарының өзара қосылуынының нәтижесінде қалыптасады.
Осы сияқты болжамды Чарльз Дарвинде дамытқан. Ол өзінің эволюциялық ілімін генетикалық тұрғыдан түсіндіру үшін «ПАНГЕНЕЗИС»теориясын ұсынған.
Пангенезис теориясы.
Бұл болжам бойынша ағзалардың әрбір мүшесі, ұлпалары ерекше зат-жыныстық жасушалар “пангендер” бөліп шығарады, ал олар қан арқылы жыныс жасушаларына жеткізіліп, ұрықтанған кезде өзара қосылады.
1865 жылы ечх ғалымы Г. Мендель тұқымқуалаушылықтың
ТӘУЕЛСІЗ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ теориясын қалыптастырды.
Бұл теория бойынша ата-аналарының тұқым қуалаушылық факторлары(гендері) жыныстық жасушалар қосылған кезде бір-бірімен өзара араласпайды, керісінше олар дербес, дискретті таза күйінде болады. Ата-аналарының белгілері ерте ме, кеш пе ұрпақтарға байқалып, қайталанып отырады.
Мендельдің заңдылықтары.
Мендель Заңдары - тұқымқуалау белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілу заңдылықтары. Ата-аналарынан ұрпақтарға жыныс клеткалары арқылы тұқым қуалау факторларының берілуі мен түсіндіретін бұл теорияны Г. И. Мендель тұжырымдады.
Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе Мендельдің бірінші заңы, бірінші ұрпақтың барлық дараларында белгілердің бірдей болып көрінуін айқындайды. Ата-аналық организмдердегі балама жұп белгілердің тұқымқуалауын оларды будандастыру арқылы зерттейді.
Мендельдің бірінші заңы- біркелкілік немесе доминанттылық заңы.
Таза іріктемелер будандастырылғанда гибридті 1-ші ұрпақтың барлығының фенотиптері бірдей болады. Бұл бірден фенотипте болады.
Көрінген белгіні Мендель доминантты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті белгі деп атады
Мендельдің екінші заңы - ажырау
заңы. Г. Мендель зерттеулерін жалғастырып, гибридтер болып табылатын 1-ші реттік ұрпақтарды (Ғ1) өзар будандастырды. Алынған
Ғ2
ұрпақта Ғ1-де көрінбеген белгі қайта көрінген ж/е
Ғ2
доминантты белгі мен рецессивті белгінің арасында белгілі математикалық арақатынас байқалған. Алынған Ғ2 ұрпақтың ¾ -і сары тұқымды(доминантты), ¼-і жасыл тұқымды(рецессивті) еді. Яғни фенотип б/ша ажырау арақатынасы қалыпты болған. (3:1) .
Менделидің үшінші заңы - белгілердің тәуелсіз ажырау заңы.
Томас Гент Морган
(1866-1945)
Америкалық генетик. Алғаш рет өз зерттеулерінде жеміс шыбыны дрозофиланы пайдаланды. Морган өз қызметкерлерімен бірігіп, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашып, гендердің хромосомаларда орналасатындығын дәлелдеді. Нобель сыйлығының лауреаты
Тіркесу.
Бір хромосомада орналасқан гендердің айқаса алмай, бірігіп тұқым қуалауын гендердің тіркесуі деп атайды. Яғни, олар бір-бірінен тәуелсіз ажырап кетпей, бірге тұқым қуалайды. Алғаш рет бұл құбылысты 1905 жылы У. Бэтсон ж/е Р. Пеннет хош иісті бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибелерінде ашқан болатын. Бұл заңдылықтың теориялық тұжырымдамасын жасаған ж/е терең зерттеген ғалым Т. Морган болды. Бір жұп хромосомада бірнеше мың ген болады. Бір хромосомада орналасқан гендерді тіркескен гендер деп атайды. Ол гендер тіркесу тобын құрайды. Жасушаның мейоздық бөлінуі кезінде тіркескен гендер бір гаметаға түседі. Т. Морган тіркесу құбылысын анықтау мақсатында зерттеу нысаны ретінде жеміс шыбыны - дрозофила меланогастерді алады.
Кроссинговер .
Табиғатта толық емес тіркесу гендердің бірге тұқым қуалау сипатына байланысты жиі, кейде сирек көрініп отырады. Т. Морган гомологтік хромосомалар жұбында гендер үнемі алмасып отыратындығын көрсетті. Мысалы, денесінің түсі сұр, жетілген қанатты дрозофила шыбынының аналығын, денесінің түсі қара, жетілмеген қанатты аталығымен будандастырғанда, ұрпақтарында белгілердің фенотип б/ша ажырауы мынадай қатынаста болады. Былай болу себебі, тиісті гендері бар гомологтік хромосомалардағы сәйкес бөліктердің алмасу процесі хромосомалардың айқасуы н/е кроссинговер деп аталады. Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметаларды кроссоверлі деп, кроссинговерге ұшырамаған гаметаларды кроссоверлі емес гаметалар деп атайды.
Қортындылай келе , генетика - белгілердің мұраға берілу заңдылықтары туралы ғылым. Бұл заңдылықты табуға тұңғыш рет Г. Мендельдің қолы жетті. 1900жыл генетика ғылымының ресми түрде жарыққа шыққан жылы деп есептелінді. Мендельдің негізгі сіңірген еңбегі сол, ол тұқым қуалау бастамаларының еш уақытта қосылмайтынын ж/е ата-аналарынан ұрпағына жеке бөлшектер түрінде берілетінін дәлелдеді. Сондай-ақ дараларда жұп күйінде болатын бұл бөлшектер келесі ұрпаққа аталық ж/е аналық гаметалар арқылы әр жұптан бір-бір бөліктен берілетінін көрсетті. 1909 жылы дания ботанигі Иогансен ол бөлшектерді ген деп атаса, американдық генетик Морган 1912 жылы олардың хромосомаларында орналасқанын дәлелдейді.
Қолданылған әдебиеттер
- Биология шың, Алматы 2009.
- Медициналық биология және генетика, Алматы 2012
- Интернет желісі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz