Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Қаржы кафедрасы
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Қаржыға кіріспе
Орындаған: МҚ - 11 тобының студенті,
Құрбан Ерсұлтан Талғатұлы
Жетекшісі: Қаржы кафедрасының доценті, э.ғ.к,
Бұлақбай Жанат Муханбетжановна
Нұр - Сұлтан, 2019 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Қаржы саясатын жүргізудегі қаржылық механизмнің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Қаржылық механизмнің құрылымы және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1.3 Қаржылық механизм іс-әрекетінің әдістері мен формулалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
2 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМНІҢ ЭКОНОМИКА МЕН ӘЛЕУМЕТТІК СФЕРАҒА ӘРЕКЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржы саясатының қазіргі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Экономиканы реттеуші қаржылық механизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартудағы қаржы механизмдерінің қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Мемлекеттің қаржы жағдайын жақсартудағы қаржы механизмін қалыптастыру мәселелер ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Экономиканы еркін бәсекеге негізделген қаржы механизм арқылы реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .
КІРІСПЕ
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар -- қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері -- экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады.
Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм -- бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
Механизм термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс-қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндет терімен анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен өте байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динами касын) анықтаушы неғүрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.
Қаржы механизмі -- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау максатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қаты настарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке белімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды.
Мысалы, мемлекет каржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сөйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр алуандылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығын, орталықтандырылған және орталыктандырылмаған ақша қорларын, қаржыны жоспарлаудың (болжаудың) әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін баскарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптігі оларды (элементтерді) ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.
1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕХАНИЗМ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қаржылық саясатын жүргізудегі қаржылық механизмнің рөлі.
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржылық саясат маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі бір құралы болып табылады.
Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің және басқа экономикалық агенттердің іс-шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының кұрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржылық саясатына негізделеді.
Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржылық саясат қондырмаға жатады, ал қаржылық саясатта білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржылық қатынастар базистік болып табылады.
Қаржылық саясат қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі болып табылады.
Таңдап алынған қаржылық саясаттың дұрыстығы, сөзсіз, елде қалыптасып отырған экономикалық жағдайды сыни бағалауға, экономикалық теорияның алтын ережесін сақтауға - болжамдар мен ұсыныстарды әзірлеу кезінде экономикалық жағдайды объективті бағалауға байланысты болады.Оның үстіне бұл аса маңызды, өйткені дамудың жалпы үрдісі қаржы жүйесі арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бағдарламаларға, табыстардың орташа деңгейін қолдауға, денсаулық сақтауға, т.с.с. жұмсалатын мемлекеттің басым шығыстары арқылы ұлттық экономиканы реттеуде мемлекеттің жоғары рөлі болып табылады.
Қаржылық саясатты жасау үдерісінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Тап сондықтан қаржылық саясат экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады. Демек, қаржылық саясат қаржылық ресурстарды іздестірудің, шоғырландырудың және жинақтаудың және экономикалық саясатпен жасалынатын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы жалпы экономикалық категория ретінде абстракцияның аз дәрежесі болатын (салықтардың, бюджеттің және т.б.) жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесімен саясаттың түрлерін: салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргізуші субъектілер, мемлекеттік қарыз алу саясатын және оларға сай келетін салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік кредиттік, қаржылық жоспарлау, қаржыны басқару, қаржылық құқықтық, сақтық механизмдерін бөлуге болады.
Мемлекеттің каржылық саясаты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып ажыратылады және олар қаржылық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.
Қаржылық стратегия - экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржылық саясаттың ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық үдерістер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржылық саясаттың мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығылық үнемі анықталып отырады.
Қаржылық стратегияны мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау үдерісінде қаржыны дамытудың негізгі үрдістері болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржылық саясатта мақсатты бағдарламаларды жасау қаржылық ресурстарды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржылық тактика қаржылық байланыстарды ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржылық ресустарды қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.
Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, өңірдің, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржылық стратегияның біршама тұрақтылығы кезінде қаржылық тактика орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржылық саясаттың стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржылық байланыстарды ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды өте аз жұмсап, қаржылық стратегия белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржылық саясат - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық саясатын, қаржы рыногының, сақтандырудың саясатын қоса алғандағы саясаттың жалпы бағыты.
Қаржылық саясат мемлекет қызметінін. салық салу және экономикаға ықпал ету мақсатымен мемлекет шығыстарының кұрылымын реттеу саласындағы (фискалдық саясат) және бюджетті реттеу саласындағы екі өзара байланысты бағыттарынан тұрады. Қаржылық саясаттан фискалдық саясат - яғни мемлекет- тің салықтық-бюджеттік саясаты бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттің салыктық-бюджеттік саясатының және экономикалық үдерістерде оны іске асыру механизмінің кешенді ұғымы деп түсінілетін фискалдық саясат термині батыс теориялық тұжырымдамалары мен практикасынан алып пайдаланылған. Фискалдық саясатты ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен байланысты. Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, қоғамдық тауарларды өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақшалай қаражаттардың трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу және қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды (жұмыстылықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты немесе кіріктірме тұрақтандырғыштың (кіріктірме тұрақтылық) іс-әрекетін қажет етеді. Бұлай деп экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы - өрлеу немесе кұлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылады.
Қаржылык саясаттың бағыттары экономикалық үдерістерді реттеумен бай- ланысты болатын экономикалъщ саясатты да кіріктіреді. Сондай-ак бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатты айырады (бұл мәселелер оқулықтың 14 және 20 тарауларында толығырақ баяндалған).
Қаржылық саясат экономикалық қатынастардан туындайды, өйткені қоғам қаржылық саясатты жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржылық қатынастар дамуының өзінің айрықшалықты заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады: экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржылық саясаттың өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде ұзақ және таяу перспективаларға арналған қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау;
экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржылық саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
қойылған мақсаттарға жету үшін белгіленген практикалық іс-қимылдарды қаржылық механизм арқылы (экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның (бөліктің) бірлігі мемлекеттің қаржылық саясатының мазмұнын анықтайды. Егер бұл буындардың ең болмағанда бірі жоқ болса, онда қаржылық саясат қазіргі жағдайларды қанағаттандыра алмайды.
Қазақстан жағдайларындагы қаржылық саясаттың мақсаты іс-шаралар әзірлеу және оларды индустриялық-инновациялык дамудың, ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың, елдің экономикасын әлемдік шаруашылыққа ұтымды біріктіру жолымен сыртқы экономикалық қызметті жандандырудың негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету, әлеуметгік бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм аркылы іске асыру болып табылады. Бұл ретте қаржылық саясат пен қаржылық механизм рыноктық үдерістерде инфляциядан, жұмыссыздықтан, табыстарынан айырылудан халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстан Республикасында тиісті қаржылық саясатты және оны жүзеге асыру механизмін жасау мен айтылған бағыттарды кіріктіретін рыноктық реформаларды тереңдету жөніндегі бағдарламаларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz