Латын әліпбиіне көшу: рухани жаңғыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\User\Downloads\aiu-logo.png

Латын әліпбиіне көшу - рухани жаңғыру талабы

Орындаған: Бортебаев М. Д

Мамандығы: екі шет тілі

Нұр-сұлтан 2019 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты . . .

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі - қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу - белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол - ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.

Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз - білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т. б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі - Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А. Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз - жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын. Бұл - ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу - жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ . . .

Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл - кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы болатын. Ал рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті жайт.

Былтырғы жылы Түркия мемлекетінде студенттерге дәріс беріп қайттым. Сондағы байқағаным, түріктермен, ондағы қырғыз, өзбек, ажербайжан ағайындармен аудармашысыз-ақ түсінісіп кетуге болады. Себебі - бәріміздің түбі бір түркі тілінде сөйлейміз. Мені қинағаны - ойларымызды қағаз бетіне түсірсек, кімнің не жазғанын оқи алмай, аман-саулықтың өзін ағылшын тілінде жазуға мәжбүр болғанымыз. Түркілерге ортақ әліпбидің жоқтығы туысқан халықтардың интеграциялануына қаншалықты кедергі болып тұрғанын өз басымнан өткердім десем болады.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі өткен ғасырдың 90-жылдары көтерілді де тез басылып қалды. Тілші ғалымдар латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтарын жан-жақты дәлелдеп берген болатын. Солардың басты-бастыларын атап көрсетейік:

  • шет елдердегі (Қытай, Монғолия, Түркия т. б. ) қазақтармен мәдени, рухани байланысты нығайту үшін қажет;
  • қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды мүмкіндіктер туады, ол өз кезегінде тіл үйренушілерге жеңілдіктер береді;
  • қазақ тілінің әуезділігі, орфоэпиялық заңдылығы қалпына келеді;
  • түркі тектес мемлекеттердің интеграциялану үрдісіне оң ықпал етеді;
  • ағылшын тілін меңгеру оңтайлана түседі;
  • Кеңес заманында жазылған, қазіргі заманға қажетсіз дүниелерден арылу үшін, қажетті рухани жәдігерлерді елеп-екшеп алуға мүмкіндік туады.

Латын әліпбиіне көшудің ұтымды жақтары бұл айтылғандармен шектелмесе керек. Оны уақыттың төрелігіне қалдырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын әліпбиіне көшу: рухани тәуелсіздік және тіл бірлігін нығайту
Латын әліпбиіне көшу: проблемалар мен перспективалар
Латын әліпбиіне көшу: тіл тазалығы, халықаралық ықпалдастық және әдістемелік аспектілер
Рухани жаңғыру және білім беруді жаңғырту: Smart education, цифрландыру және латын графикасына көшу
Латын әліпбиіне көшу: тиімді және тиімсіз тұстары
Латын әліпбиіне көшу: қазақ жазуының тарихы, тиімділігі мен қиындықтары
Қазақ жазуының тарихы мен латын әліпбиіне көшу негіздері
Латын тілінің диахрониясы мен синхрониясы, жазу таңбаларының тарихы және Қазақстандағы латын әліпбиіне көшу (1929-1940)
Латын әліпбиіне көшу: қазақ жазуының графикасы, фонетикасы және ұлттық-тілдік реформаның мәні
Кеңестік Қазақстандағы латын әліпбиіне көшу реформасы: ХХ ғасыр басындағы саяси, мәдени және лингвистикалық аспектілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz