Түркі әлемінің ұлы мирасы
Түркі әлемінің ұлы мирасы
XX ғ. соңғы мен XXI ғасыр әлемдік қауымдастықта өмірдің барлық салаларын қамтыған терең жаһандық өзгерістермен ерекшеленді. Қазіргі таңда әлемдік жаһандану үрдісі, қоғамның әр саласындағы ғылыми прогресс, білім мен технологияның күн санап артуымен, бұл үрдістің тиімді жақтарымен қатар, тиімсіз тұстары да қатар дамып, қоғамда орнығуда. Жаһандану бір жақты емес, қайшылықтарға толы үрдіс болғандықтан, оның теріс жақтары да баршылық. Бұл үрдістің теріс ықпалы, ұлттық құндылық, ұлттық мәдениет пен тарих түсінігі де жаһандану дәуіріне жұтылып кету қаупі бары шындық. Себебі, ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденген өз тегі мен шығу тарихын жақсы білген, өз ұлтының рухани қазынасымен, өнегелі дәстүрлерімен сусындап өскен жас ұрпап ғана өз ұлттық құндылығын сақтай отырып, әлем даму көшіне ілесе алмақ.
Бұл үрдіс туралы ой қозғауымыздың басты себебі де жоқ емес. Қандай ұлы алпауыт империя болсын, кіші мемлекет болсын әр ұлттың қалыптасу, құрылу, даму тарихы бар. Осының барлығы уақыт өте тарихқа, ұлттық болмысына айналатын құндылықтар. Президент Н. Ә. Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, Ұлы даланың жеті қыры мақаласының басты мән мағынасы да ұлттың болмысын сақтай отырып тарихты қайта жаңғырту еді. Елбасы өз мақаласында ... .Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды деп, әлемдік көшке ілесу үшін де адам өз тарихын, тегін, өз Отанының түп негізінің қалану тарихын жоғары деңгейде меңгеріп ғана қоймай, одан рухани сусындап, ұлт болып, ел болып қалыптасудың сырын ұғынуын, жас ұрпақ санасына орнықтыруды міндет етіп тапсырған еді. Өйткені еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани тұғыры берік жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты екені белгілі.
Түркі ойшылдарының ең мәшһүрі, Әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым - Әбу Наср Әл-Фараби Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын деп, үш сөзбен тарихтың асыл құндылық екенін айшықтап берген болатын. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласында ... Бұл - тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.. деп, ұлы бабаларымыздың тың тарихы туралы терең ой қозғай отырып, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық көшке ілесе алатын, зерек зиялы тұлға тәрбиелеудің маңыздылығын ұғындырғандай болды.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, бүгінде өз іргесін тіктеп, әлемдік аренада өз деңгейіне шыға алған барша түркі тілдес халықтардың алтын бесігі, ұлы мәдениеттің рухани орталығы қазақ даласы болғаны тарихтан белгілі. Олардың ата қонысы, шыққан тегі де бірдей болғандығын, сондай-ақ, генетикалық, антропологиялық және мәдени туыстығы бір этно мәдени қауымдастыққа жатқандығын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр. Қанша мың жылдық алтынмен апталып, бүгінгі күнге дейін, қаз қалпында сақталып жеткен, Алтын адам, тек қазақ қоғамы үшін емес, бұл барша түркі тектес ұлт пен ұлыстың ортақ мәдени мұрасы екендігін ұмытпауымыз шарт.
Бұл ұлы мирастың тарихи маңыздылығы соншалық, түркі жұртының, оның тарихы мен қолөнердің ерте кезеңнің өзінде даму көкжиегіне жеткендігін көруімізге болады. Материалдық мәдениет, өнер, мифология тұрғысынан мол дерек ұсынған Алтын адам сол дәуірдің өзінде Сақ тайпалық бірлестігініде өркениеттің ертеден қалыптасқанын бір дәлелі.
Қанша ғасыр отарлық қыспақта болған қазақтың тарихы қанша бұрмаланып жазылса да, тарихи дерек бұл заңдылыққа бағынбайтынын тағы бір дәлелдеді. Кейінгі жылдары табылған бұл тарихи жəдігерлер біздің түп негізіміздің өз заманындағы ең озық, технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін көрсетіп отыр.
Алтын адам тарихына қысқаша тоқталар болсақ, Алтын адам (V ғ.) - Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауынан ерте темір дәуіріне жататын, алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі табылған болатын. 1969-1970 жылдары археолог Б. Нұрмұханбетов тауып, ғалым К.А. Ақышев әлемге жария етті. Сақ қорымы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Бұл тарихи жаңалық ең алғаш рет Комсомольская-Правда газетінде жарияланды. 1973 жылы 24 қаңтарда Лениншіл жас газетінде Ы. Кененбаевтың "25 ғасыр бұрын жазылған хат" атты тақырыпта Алтын адам туралы алғаш қазақ тілінде мақаласы жарияланған болатын. Мақалада мұндай тарихи қорғанның Кеңес Одағы бойынша алғаш рет табылғандығын және бұл ашылуға балама болатын жалғыз археологиялық қазба Мысырдағы перғауынның қабірлері болуы мүмкін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz