1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

СӨЖ № 8
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау

Орындаған: Кеңесбекұлы А.
Тексерген: Карабаева З.М.

Алматы, 2019
Қазақстандағы саяси геноцид (репрессия)
Жоспары:
1. Репрессия сөзіне жалпы түсінік.
2. Сталиндик режим.
3.1937-1938 жылдардағы саяси репрессия
4. Қазақ еліндегі түзету лагерьлері
Репрессия дегеніміз - [лат. repressio - басып-жаншу] - толықтай жою, басып- жаншу мұратында жүргізілетін жазалау істері (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз адамдарын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратады.
Сталиндік геноцидтің қайғылы жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар қазақтарды сталиндік жүйе алпауыт əлеуметтік эксперимент жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға халықтар достығының зертханасы деген мәлімет беріледі.
1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің семинарында И.Сталиннің айтуынша: Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50 - 100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет, -- деп мəлімдейді. Бүкіл халықтар көсемі осы жүгіріп өтуге қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл көздегенге жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен, жауыздығымен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз көздегеніне жетеді. 1930 жылдардың соңында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен елдерді қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатал репрессияға тап болып, ауыр кезеңдерді бастан кешті.
1937 - 1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке индивидтерге қарсы жасалған қуғын-сүргін шараларының бой көтерген кезеңі болады. Ол бірнеше себептердің, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде большевиктердің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл шайқаста И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы жауларын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі рөл атқарады.
Бұл жерде жасырын экономикалық құпия да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы, жері бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ тарихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор жерді алып жатқан, ауа райы жайлы, табиғи ресурстарға өте бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте тиімді болды. И.Сталин үшін жетіп алып, озып кету, жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.
Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты халық жауларын табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын партия мен халыққа бөтен элементтер арасынан іздеу көзделеді. Мұндай бөгде элементтер ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің басқаша ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.
1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И.Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар, ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И.Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде Халық дауысы айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.
Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстардың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932 жылы тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті (əрі қарай -- ОАК) И.Сталин қол қойған Социалистік меншікті нығайту туралы Заңды мақұлдайды. Заңға сəйкес колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жастан асқан азаматтар кемінде 10 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс болады. Ал, мұнан кейін шыққан сталиндік заңдар сериясы сталиндік кезеңнің заңнамалық базасы болып табылады. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірқатар өзгерістер енгізіледі. 1934 жылы 8 шілдеде Отанды сату туралы, 1934 жылы 1 желтоқсанда Террористік актілер туралы, 1937 жылы 2 қазанда
Зиянкестік пен диверсия туралы Заңдар жарияланады. Нəтижесінде, Кеңес үкіметке қарсы террористік ұйымдар мен террористік актілерді тергеу істеріне 10 күннен аспайтын мерзім белгіленеді; 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариатының (əрі қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) жоспары. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, басталуы мен себептері
1937-1938 жж Қазақстандағы жаппай репрециялау шаралары және оның салдары: ұлттық интелегенцияның қиын тағдыры құжаттары
Экономикалық дамудың кластерлік принципі - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Пәндер