Академик Р. Сыздық және әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлері
Амангелді Айдана Асланбекқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Сейталиева Қарлығаш Орынқызы
Академик Р.Сыздық және әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлері
Өз ісінің шебері Рәбиға Сәтіғалиқызы ана тілі дәрежесін биік шыңға көтеріп, оның дәстүрлі эстетикалық, поэтикалық құндылығы мен әдеби тіл нормаларын жүйелеудегі орны ерекше. Тіл білімінің бірнеше саласында өнімді зерттеулер жүргізген академик ізденістерінің көп бөлігін қазақ әдеби тілінің теориясына және әдеби тілдің негізгі аспектілері мен бағыттарын талдауға арнаған. Фактілік негіз ретінде төмендегі тіл маманы А. Исламованың диаграммасынан Р. Сыздықтың әр саладағы сүбелі еңбектерінің пайыздық көрсеткіштерін, оның ішіндегі ең жоғарғы 22%-ды құрайтын қазақ әдеби тілінің тарихы екендігін байқауға болады.
Р. Сыздық зерттеулерінің пайыздық көрсеткіші
Академиктің көпжылдық зерттеулері нәтижесінде 1984 жылы Мектеп баспасынан XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы атты моно-графиясы жарық көрді. Аталған еңбектің фактологиялық тыңғылықтылығы, терең ойлылығы қайран қалдырады: әдеби тіл жөнінде талас тудырып жүрген мәселелер және сол туралы автордың пікірі айтылып, әдеби тілдің статусы анықталады. Әдеби тілдің мазмұны мен сипаты жөнінде отандық лингвистика-да айтылған пікірлерді орыс тіл білімімен салыстыра отырып, ...әдеби тіл деген ұғымға тиянақты бір анықтама берілмей келеді. Жалпы күні бүгінге дейін қазақ әдеби тілі, қазақ жазба әдеби тілі, кітаби тіл, қазақ ауыз әдебиеті тілі, жалпыхалықтық тіл дегендер бір-бірінен ажыратылып, әрқайсысы нақты мағынаға ие болған жоқ, - деп жазады [1;7]. Расымен де, қазақ тіл білімінде әдеби тіл деген ұғымға берілген анықтама әлі күнге дейін нақты емес. Орыс тіл білімінің белгілі маманы О.С. Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігіндегі анықтамаға қарағанда, Әдеби тіл дегеніміз - белгілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей міндетті және дұрыс деп қабылданған нормасы бар тіл. Осы анықтаманы негізге ала отырып, орыс әдеби тілінің әр дәуірдегі сипатына келгенде, әр зерттеуші оның басты белгілерін толықтырып не азайтып отырады. Яғни бұдан біз әдеби тіл категориясының тарихи құбылыс екендігін, оның әр кездегі даму дәрежесінің бірдей болмайтындығын, соған сай оның негізгі белгілерінің де құбылып отыратындығын байқаймыз [2;8]. Ал Қазақ әдеби тілінің анықтамалығында бұл терминге мынадай түсініктеме берген: Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі бір жүйеге түскен, ауызша және жазбаша әдебиеттің негізінде қалыптасқан, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті тіл [3;32]. Осында аталған ауызша және жазбаша әдеби тіл жөнінде ғалымдардың көзқарастары бір арнада тоғыса бермейді. Бірқатар мамандар (М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, Қ. Жұмалиев, т.б.) әдеби тіл - жазба тіл деген концепцияны басшалыққа алып, жазу-сызумен тікелей байланыстырады. Алайда әдеби тілді бұл категорияға жатқызбай, жазуды тек әдеби тілдің шартты белгісі және тілдің жазба түрі әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі бола алмайтындығын айтады. Қазақ әдеби тілінің тарихы оқулығының авторы академик С. Исаев әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрі - олардың тек өмір сүру формалары ғана, -деп көрсетеді. Р. Сыздықова да жазуды әдеби тілдің негізгі шартты белгісі деп қарайтын ғалымдардың пікіріне қосылмайды және қазақ топырағында ұлттық әдеби тіл қалыптасқанға дейін де екі әдеби тіл болғандығын айтады: оның бірі - ауызша әдеби тіл, екіншісі - жазба әдеби тіл. Сондықтан әдеби тілді ұлттық кезеңге дейінгі және ұлттық әдеби тіл деп бөліп қарастырғанды жөн санады, яғни:
І. қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі (XV-XVIII ғасырдың І жартысы). Әдеби тіл эволюциясының кезеңдерін көрсетуде экстралингвистикалық факторды есепке ала отырып, қазақтың ауызша әдеби тілінің тарихын XV ғасырмен байланыстырады [4;17] , яғни Қазақ хандығының құрылып, қалыптасқан кезі. Осында даулы сұрақ туындайды неліктен ауызша әдеби тілінің тарихы ХV ғасырдан басталады? деген. Бұл сауалға академик Р. Сыздық былайша жауап береді: Бұл кезең - қазақ хандығын құраған ру-тайпалардың өз алдына дербес халық болып топтана бастаған, яғни қазақ деген этнонимнің тарих сахнасында орын ала бастаған тұсы. ...Сөз жоқ, бұған дейін де қазақ тілінде (яғни кейін қазақ тілі болып қалыптасқан тіл типінде) сөйлеген ру-тайпалар сан ғасырлар бойы өмір сүріп келген және олардың жақсы дамыған ауызша көркем әдебиеті, дәстүрі болған [1;26]. Айтылған тұжырым санаға қонымды: XV ғасырда өмір сүрген Асан қайғы мен Қазтуған жыраулардың жоқ жерден сөзге шешен, өнерлі тұлға болуы феномендік құбылыс емес. Бұл - өздерінің (жыраулардың) өмір сүрген дәуіріне дейінгі ғасырлардың жемісі, яғни ауыз әдебиеті үлгілерінің халықтан халыққа жетуі. Ал қазіргі күнге дейін бізге жеткен жыраулар толғауы сол поэзия дәстүрін жалғастырушы екендігін дәлелдейді.
Р.Сыздық XV-XVIIІ ғасырдағы авторлы көркем сөздің үлгілерін - ақын-жыраулардың өлең-толғауларын стильдік-жанрлық жіктелісіне қарай былайша топтастырады:
-арнау өлеңдер;
-ақыл-кеңес беретін дидактикалық толғаулар;
-жоқтау өлеңдер.
Жыраулық туындылардың негізгі жанры дидактикалық толғаулар болғандықтан, олардың лейтмотиві - елді, жерді қорғау, жақсы мен жаманды айыра білу, өз жұртын бірлікке шақыру. Сонымен қатар, Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа сынды жыраулар өз шығармашылығында сол тұста ел билеген қожалары мен хан-төрелеріне арнау өлеңдер айтады. Мысалы, Асан қайғының 39 жолдан тұратын Әй, хан, мен айтпасам білмейсің... толғауында Жәнібек ханды, Шалкиіз би Темір әміршісін, ал Жиембет Еңсегей бойлы Ер Есімді және Марғасқа Тұрсын ханды атап толғауының тақырыбы етеді. Келесі ақыл-кеңес беретін дидактикалық толғауларда жырау өз ой-толғамдарын аналогиялық амал арқылы түйіндейді. Р. Сәтіғалиқызы мынадай мысал келтіреді: Асанқайғы бір нәрсенің қадірін соған қатысы бар адам білер деген философияны айту үшін суда жүрген қоңыр қаздың қыр қадірін білмейтінін, қырда жүрген дуадақтың су қадірін білмейтінін келтіріп, дәлелдейді [5;33]. Мұндай аналогиялар тек дидактикалық толғауларда ғана емес, арнау толғауларда да кеңінен ұшырасады. Жыраулар осындай параллельдер жасау үшін айналасындағы болмыстан, табиғаттан алады. Сол себептен аталған кезеңдегі жыр-толғауларда аң-құс, мал, жан-жануарлар, өсімдік атаулары, тіпті жер бедеріне қатысты атаулар да кездеседі. Өлең толғауларының үшінші түрі - жоқтау өлеңдері XVIII ғасырдағы жыраулар шығармашылығында (Ақтамберді, Үмбетей, Көтеш, Тәтіқара, Бұқар жырау және Шал ақын) кеңінен таралған. Мысалы, Үмбетей Тілеуұлының ең ұзақ екі өлеңінің бірі - Бөгембай өліміне жоқтауы, Бұқар жыраудың қалмаққа қарсы күресте аты шыққан Жасыбай батырдың ерліктерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz