Химиядан үздіксіз білім берудің өзіндік ерекшеліктері


Химиядан үздіксіз білім берудің өзіндік ерекшеліктері
Елімізде болып жатқан терең ѳзгерістер қоғамның барлық тіршілік сала- ларына, оның ішінде білім жүйелеріне де әсерін тигізіп отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, білім салаларына мемлекеттік саясатты кѳрсетіп, осы жүйедегі ѳзекті проблемаларды реформалауды анықтады. Білім беру - қоғамның ѳсіп келе жатқан әр жеткіншектеріне ѳзінің жолын таңдау аясын кеңейтуде, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған процесс ретінде сонымен бірге білім мазмұнын жақсарту мақсатында принциптерді іске асырады.
Үздіксіз білім беру табиғаты күрделі де кѳпқырлы. Ол мәдени, саналы педогогикалық мазмұнға ие. Үздіксіз химиядан білім беру, ең алдымен пәндер жиынтығының негізінде құрылған, ѳзекті химиялық проблемалар деп аталады: мысалы, іс жүзінде машина жасау, аспап жасау және басқа ѳнеркәсіптік салаларда пласмассаны ѳндіру проблемасы, металдарды коррозиядан қорғау проблемасы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған ролі былайша кѳрсетілген: « педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына кѳзделген деңгейден тѳмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабылеттерінің кѳрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» .
Қазіргі кездегі қоғамды ақпараттандыру жағдайында маман даярлаудың жалпы мақсаты-ақпараттық-компьютерлік технология құралдарының барлық мүмкіндігін қолдану қабылеттігіне даярлау арқылы үздіксіз білім беру бағытын қалыптастыру, тұлғаның білім беруді ақпараттандыру саласынан білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Қазіргі жағдайда техника саласы үшін мамандарды дайындау сапалығына қойылатын талаптар, жоғары білімнің мемлекттік үлгісіне сәйкес инженер кадрлардың дайындық деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп инженерлік-техникалық үздіксіз білім беру жүйесінің жақсаруы туралы мәселені жаңаша қояды. Мұнда студенттердің сұранысы мен жоғары оқу орнының талаптары ескеріліп, болашақ инженердің тұлғасын жасаудың жаңа жолдарын тауып, оның жеке тұлғалық нақты сапаларының, ѳз бетінше білім алу қабылетін, ѳзінің кәсіптік әрекетін творчестволықпен әрі жауапты түрде іске асыруының мақсатты түрде қалыптасуына кѳңіл бѳлінеді.
Қалыптасқан жаңа жағдайда, мемлекеттік білім беру саласындағы саясатты тәрбиелі де ѳнегелі, парасатты да салмақты, рухани ішкі дүниесі бай, адамгершілік түсінігі мол, әрі ұлттық және дүние жүзілік жетістіктерді қоғамдық ѳмірдің кез-келген саласында дамытуға қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталуы тиіс. Өйткені ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі, сапалы, әрі жаңа заманның талаптарына сай білім беру жүйесі.
Қазіргі зерттеліп отырған жаңа сипаттарға үздіксіз білім берудің қарастырылып отырған мәселесін кеңірек, жан-жақты талдау тән. Бұл оның уақытша, мазмұнды әрі әлеуметтік аспектілеріне де қатысты. Ол оқыту бағыты мен оқушылар категориясына үздіксіз сипат береді. Уақытша аспектілерге келетін болсақ, бұрын үздіксіз білім беру адам ѳмірінің бір немесе басқа шектеулі кезеңіне ( біліктілігін үздіксіз арттыру, үздіксіз кәсіби дайындық т. б. ) байланысты болса, соңғы жылдары бұл адам ѳмірінің еңбекке жарамды кезін ғана емес, сонымен қатар балалық шағынан қартайған кезіне дейін адам ѳмірін қамтитын үрдіс ретінде қарастырылуда.
Қоғамдық ѳмірге үздіксіз оқыту үрдістері елеулі ықпал етеді. Ертеңгі қоғамдық ѳміріміздің қажетін қанағаттандыру үшін қажетті қор құру мақсатымен қоғамдық ѳндірісті жетілдіру үрдісінің ѳзара диалектикалық байланысы, жаңа техника, технология мен еңбекті ұйымдастырумен үздіксіз білім беруді енгізу, тұлғаның білімділігін тереңдетіп, кеңейтудің маңызы артуда.
Химиядан үздіксіз білім берудің ѳзіндік ерекшеліктері, ол педагогикалық ғылым және оқу пәні болғандықтан, қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы орта білім беру және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Химиялық материалдарды оқып-үйрену барлық пәндерге ортақ педагогикалық қағидаларға сүйенеді. Химиядан үздіксіз білім беру ғылым ретінде дидактиканың аса маңызды қорытындылары мен ұстанымдарына заңдылықтарына сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың аса маңызды міндеттерін шешеді. Материалистік диалектика негізінде химияны оқытуға қойылатын негізгі талаптардың бірі заттар мен құбылыстарды жеке күйінде емес, маңызды байланыстары және негізгі қарым қатынастары тұрғысынан үйрену болып табылады.
Затты тереңірек зерттеп танудағы алғашқы басқыш- заттың молекулалық құрылысымен танысу. Заттың молекулалық құрылысы туралы алғашқы қарапайым мәліметтер- заттардың ѳзара байланысы және ѳзара тәуелділігі, оның құрамы мен құрылысы жѳніндегі сипаттамалар. Барлық заттар ѳзгеріске ұшырайды, табиғатта ѳзгермейтін зат жоқ екені арқылы адамдардың дүние танымдық материалистік кѳзқарастары қалыптасады.
Адам әрекетінің не нәрсеге бағытталғанына қарамастан, қосымша тағы бір нәтижеге - адамның қайта тәрбиеленуіне қол жеткізуге болады. Сондықтан қажеттіліктің артуы тікелей зертеуді қажет етіп, тұлғаның жан- жақты даму, оның жоғары интелектуалы мен рухани мәдениетінің қалыптасу құралы ретінде қарастырылады.
Үздіксіз білім берудің мақсаты-физикалық әрі әлеуметтік- психологиялық қалыптасуы, гүлденуі, қажетті күш-мүмкіндіктерінің жетілуі кезеңінде, сондай-ақ жоғалтқан күш-қуат, мүмкіндіктерінің орнын толтыратын қартайған шағындағы тұлғаның дамуы болып табылады.
Кең рухани ѳндіріс механизмі ретіндегі үздіксіз білім беру адамдардың жаңа экономикалық, қоғамдық-саяси, ғылыми, техникалық ақпаратты жүйені меңгеруін, олардың интелектуалды да мәдени деңгейінің ѳсуін қамтамасыз етеді. Қоғамдағы жеке адам үшін үздіксіз білім беру тұлғаның дамуына қажетті, оған жаңа сипат беретін қажеттері мен сұраныстарының дамуы мен ашылуы, кѳп қырлы білімділік және рухани сұраныстары мен қажеттіліктерінің қалыптасып, қанағаттандырылу үрдісі мен құралдарының тұтас жиынтығы ретінде кѳрінеді.
Тұтас қоғам үшін үздіксіз білім беру әр адамның, тұлғаның жалпы және кәсіби дамуы үшін қажетті алғы шарттарды жасаудағы мемлекет саясатының арнайы саласы болып табылады.
Үздіксіз білім берудегі негізгі міндеттің бірі -технократтық жүйені жеңу болады. Үздіксіздіктің мәні - уақыты, жылдамдығы бойынша жеке де жан- жақты оқытудағы тұлға мен қоғамның дамып отырған қажеттіліктерін ѳтеу, олардың әрқайсысына білім алудың ѳзіндік жүйесін таңдауға мүмкіндік беру.
Үздіксіз білім берудің ѳзіндік ерекшеліктері - құрамдардың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының кѳпқырлылығы мен икемділігінде, оқытуды гуманитарландыру мен демократияландыруда, бағыты мен мазмұны бойынша оқыту үрдістерінің сараптауында .
Үздіксіз білім берідің гуманистік сипаты оқыту үрдісінің субъектісі ретінде адамға бағытталуымен және оның бірлесе үйрену жағдайында оның шығармашылық қабілетінің дамуына қажетті алғы шарттар жасауымен анықталады.
Үздіксіз химиялық дайындаудың түрі мен мазмұны жоғары оқу орындарында студенттерді дайындаудың берілген оқу жоспарында қарастырылған негізгі пәннің қисынды дамуы деп аталады.
Оқу үдірісінде дәрістер, семинарлар, лабораториялық сабақтар қолданылуы керек, дегенмен, студенттердің үлгерімін бақылау мен есептеу рефераттар және әдебиеттерді шолу, жобалау, лабораториялық және есептеу жұмыстары бойынша, оқу жоспарында қарастырылған арнаулы тапсырмалардағы ғылыми-зерттеулер бойынша есеп беру басым болуы керек.
Үздіксіз білім беру мазмұны қоғамдық дамудың ғылым мен ѳндіріс мәселелерін шешуде, ѳмірге қатысты, мақсатты болуы керек.
Үздіксіз білім берудің түрлі деңгейі мен ұйымдастыру құрылымдарының сәйкестілік принципінің негізі - фундаментальды мазмұн болып табылады. Ол қатынас құралы, дұрыс оқып жазудан бастап, білім және қызмет саласының сәйкес инварианттарына дейін негізгі құрылымда жинақталады. «Негізгі білімді» оқу дағдыларынан игере отырып адам оқудың түрін, мерзімі мен жылдамдығын ѳзі таңдап, білім алу үрдісін жекелендіре алады. Интелектуалды негіз жаңа технологиялық ѳндіріске қажетті қолданбалы білімді игеруге біліктілігін арттырып, қайта даярлануына мүмкіндік береді.
Үздіксіз білім берудің маңызды сатысы - мамандарға кәсіптік білім беретін жоғары білім болып табылады. Оның қызметі жалпы қоғамдық және ғылыми техникалық ѳрлеудің одан әрі даму мәселелерін, жаңа қалыптан тыс міндеттерді шешуге бағытталған. Жоғары оқу орнының түлегі білім жағынан да, дамуы жағынан да тежелмейтіндіктен, ол жоғары негізгі білім ретінде танылады. Дүние танудағы қажетті құралды игере отырып, маман ғылыми негіздерді қолданып ғана қоймайды, сонымен қатар ѳндірістің жаңа технологияларын ойлап шығарып, ѳз шығармашылығын мәдениетімізді ѳркендету арқылы осы негіздерді қайта қарайды.
Жоғары білімді қайта құру бағыттары -білімді, ғылым мен ѳндірісті интеграциялау, маманның шығармашылығын дамытуға және оқу үрдісін компьютерлендіруге қажетті тиімді шаралар жасау болып табылады.
Жоғары мектеп потенциалы мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру үшін еліміздің барлық салаларында, соның ішінде химия ѳнеркәсібінде де қолданылуы керек.
Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жанынан құрылған аспирантура, доктарантура, ізденушілік - үздіксіз білім берудің толыққанды да маңызды саласы болып табылады.
Қазіргі кезде аспирантура жоғары оқу орындары мен мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесіндегі мекемелерде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізетін ғылыми-педагокикалық мамандар даярлайды. Болашақта мұндай қызметті барлық жүйедегі педагогтарды даярлайтын үздіксіз білім берудің арнаулы бѳлімдерін атқаратын болады.
Докторантура мен ізденушілік институтында оқитын кандидаттар «табиғи» жолмен сұрыпталса, аспирантурада контингент таңдауда ұқсас диагностикалық әдістер дайындалады.
Қоғамдық даму қажеттілікттері үздіксіз білім берудің жүйешесі ретінде халық шаруашылығының саласындағы мамандар мен жұмысшылардың біліктілігін арттыру жолдарына кѳптеген ѳзгерістер енгізуді талап етеді. Бұл жүйедегі оқу үрдісін белсенді оқыту, оқу үрдісін компьютерлендіру негізінде қайта қарап, мамандардың ѳз бетінше оқуына жағдай жасап, қуаттап отыру керек. Нәтижесінде, үздіксіз білім беру деңгейінің дискретті сипатына ие болып, шын мәнінде үздіксіз білім алуға жол ашылады.
Әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық ѳрлеудің деңгейіне қарай ғылымның, техника мен технология дамуының соңғы жаңа бағыттары, оларды пайдалану, түрлі қондырғылар, мәшинелер мен құрал- жабдықтардың жаңа түрлерін жѳндеу, құрастыруға байланысты мамандарды қайта даярлау кѳлемі мен мәні күн санап артуда.
Қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың негізгі құрылымына негізгі ұйымдастыру түрлерінің (негізінен жоғары оқу орындары мен жоғары кәсіптік техникалық лицейлер -олардың бѳлімдері) арнаулы бѳлімдер сондай-ақ мақсатқа сәйкес құрылған жоғары оқу орындары жатады.
Үздіксіз білім беру тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуымен шектелмейді. Адамдардың түрлі мәдени-ағарту қажеттіліктері мен сұраныстарын ѳтейтін бағыты мен мазмұны бойынша талаптарға негізделген бейресми оқыту түрі де үздіксіз білім берудің ажырамас бѳлігі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz