Экожүйелер тұжырымдамасы
Экожүйелер тұжырымдамасы.
Экологияда биогеоценоз ұғымымен бірге экожүйе ұғымы қолданылады. Экожүйе ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте экожүйе және биогеоценоз ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде экожүйе ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).
Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мүхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр. a Юджин Одум (1913 -- 2000). В. Н. Сукачёв (1880 -- 1967).
Тіршілік таралған аймақта тірі ағзалар мен өлі табиғат элементтерінің толық өзара әрекеті мен өзара байланысын В.Н. Сукачевтің биогеоценоз тұжырымдамасы көрсете алады.
Биогеоценоз -- бұл үнемі атмосфера, гидросфера және литосфера компоненттерімен ұдайы байланыста болатын өсімдік, жануар және микроағзалардың динамикалық тұрақты қауымдастығы. Үздіксіз зат айналымымен байланысқан, энергетикалық және зат ретінде ашық жүйе -- биогеоценоз биотикалық (биоценоз) және абиотикалық (экотоп) бөліктерден тұрады.
Биогеоценоздарға Күн сәулесі, топырақтың минерал заттары, атмосфера газдары, су түседі. Биогеоценоз жылу, оттек, көмір қышқыл газ, биогендік заттар, шіріген заттар өндіреді.
Биогеоценоздың негізгі қызметі -- біржақты бағытталған энергия ағысы мен заттар айналымы. Кез келген биогеоценоз құрамы мына компоненттерден тұрады: -- абиотикалық бейорганикалық ортаның заттары; -- аутотрофты ағзалар-биотикалық органикалық заттардың продуценттері; -- гетеротрофты ағзалар -- бірінші (өсімдікпен қоректенетін жануарлар) және одан кейінгі қатардағы (ет жейтін жануарлар) дайын органикалық заттарды тұтынушылар (консументтер). -- өліктерді тұтынатын ағза бұзушылар (деструкторлар), яғни органикалық заттарды ыдыратушылар.
Аталған биогеоценоз компоненттері биосферада қоректенудің екі түріне жататын -- аутотрофтар мен гетеротрофтардың негізгі қоректік (трофиктік) байланысына жатады. Аутотрофтар тіршілікке қажет химиялық заттарды қоршаған ортадан алады және Күн энергиясының көмегімен оларды органикалық заттарға айналдырады.
Гетеротрофтар органикалық заттарды көмір қышқыл газына, суға, минерал тұздарға дейін ыдыратып және оларды қоршаған ортаға қайтарады. Сөйтіп тіршілік барысында өмір сүру жағдайына қажет заттар айналымы қамтамасыз етіледі. Мұнда Күн жарығының энергиясы тірі ағзалардың көмегімен энергияның басқа формалары -- химиялық, механикалық, жылуға айналады.
Биогеоценоз экономикасында маңызды рөл трофиктік құрылымды қоректену тізбегіне тиеді, сол құрылым арқылы энергия тасымалданады және зат айналымы жүреді.
Қоректік тізбек трофиктік дәрежелер қатарынан тұрады, ал қатар жүйесі энергия ағысының бағытына сәйкес болады. Энергияның біріншілік көзі Күн сәулесі, оның энергиясы 4,6-1026Джс (1Д1026калс) тең. Жер бетіне осы энергия мөлшерінің 12000000 бөлігі жетеді және тек оның 1-2%-ы ғана өсімдіктерге ықпал береді. Бұл энергияның 30%-дан 70%-ға дейінгісін өсімдіктер өздерінің тіршілігін қамтамасыз ету және органикалық заттар синтездеу үшін пайдаланады.
Өсімдіктер биомассасында жинақталған энергия таза биоценоздың алғашқы өнімін құрайды. Өсімдік биомассасының бірінші қатар тұтынушылары -- өсімдікпен қоректенуші жануарларға энергия алу көзі және қоректену тізбегі бойынша биомасса түзу үшін материал ретінде пайдаланылады.
Тіршілікті қолдауға жұмсалатын энергия мөлшерінің өсуіне қарай келесі дәрежелерде өнім шығымы кемиді. Қоректік тізбекте келесі дәреженің өнім шығымы әдетте алғашқының тек 5-20%-ын ғана құрайды. Сондықтан планетада өсімдіктер мен жануарлардан туындаған биомасса қатынасы, тек жануарлар биомассасы үлесіне 1-3%-ы ғана келетінін көрсетеді. Адамдар үлесіне тиетін тірі заттардың массасы шамамен 0,0002% ғана, планетадағы барлық тірі заттар массасының қосындысымен есептегенде.
Қоректік тізбектегі ассимиляцияланған энергияның төмендеуін экологиялық пирамида құрылымы көрсете алады. Қоректік тізбек -- бұл биосферада эволюция барысында тірі ағзаларда пайда болған, жүйелі түрде бастапқы қоректік заттардан материалдар мен энергияны алушы өзара байланыстағы түрлердің тұрақты тізбектері. Ол биогеоценоздың трофиктік құрылымын құрайды, ол құрылым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz