Адам жане биосфера жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Адам жане биосфера

Адам және биосфера (The Man and the Biosphere Programme (MAB) ) - 1978 жылы ЮНЕСКО-ның 16-Бас сессиясының конференциясында қабылданған халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламасы.

Бұл бағдарламаға 100-ден аса мемлекет қолдау көрсетеді.

A.

Дүние жүзі биосфера қорықтарының картасы

Негізгі мақсаты - жер шарындағы барлық құрлықтарда адам баласының биосфераға әсерін, ықпалын, табиғаттағы күрделі өзгерістердің адам денсаулығына тигізетін зиянын зерттеу, бақылау және оған дұрыс баға беру.
Сондай-ақ оған адамзаттың табиғатқа тигізетін сан қырлы іс-әрекеттері (жерді пайдалану, инженерлі-техникалық жұмыстар, энергия көздерін пайдалану, т. б. ), жер шарының биомдарына (орман, тундра, саванналар, дала, шөл-шөлейттер, т. б. ) әсері және қоршаған ортаға ғылыми-техникалық жетістіктердің тигізетін теріс ықпалы туралы сияқты мәселелерді зерттеу де енеді.
Ірі жобалармен қатар 1000-нан астам «аймақтық, жергілікті» мәселелерді шешуді де (қ. Биологиялық алуантүрлілік конвенциясы) қамтиды.
Оның ішінде ауа бассейнінің ластануына байланысты орман, тоғай экожүйелеріндегі өзгерістер, табиғаттағы ауытқулар, табиғи қорлардың (ресурстар) сарқылуы, жер қорларының құнсыздануы (қ. Климаттың ғаламдық өзгеруі туралы шектемелі конвенция), шөлге айналу фактілері және таулы өлкелердегі туризмнің дамуына байланысты туындап отырған мәселелер жан-жақты қарастырылған. [1]

«Адам және биосфера» жобасында жер шарында ұлттық саябақтар мен биосфералық қорықтар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінген.
Қазақстанда «Адам және биосфера. » шеңберіндегі шараларды жүзеге асыруға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ғылым министрлігі, ғылым академиясының ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары қатысады.

Адам эволюцияның барысында өз тіршілігіне керекті нәрселерді табиғаттан дайын күйінде алумен қанағаттанған жоқ. Ол ақыл-ойы бар саналы жан ретінде өзінің еңбек құралдарын жасау, материалдық және рухани мәдениетті молайту, сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту қабілеттерін пайдалана отырып, тіршіліктің жасанды ортасын жасады. Қоғам ілгері басқан сайын адам үшін бұл жасанды ортаның маңызы мен рөлі арта түсті. Қазір ірі-ірі қалаларсыз, зәулім биік үйлерсіз, телевизор, телефонсыз тағы басқа тұрмыстық техникасыз адамзат қоғамын көз алдына келтіру қиын. Мұның бәрі адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі екенін айттық жоғарыда.

Еңбек пен ақыл-ойдың биосфера шеңберінде планеталық геологиялық күшке айналуының маңызын атап көрсете келе В. И. Вернадский адамзат өсімдіктер мен жануарлардың жаңа мәдени түрлерін жасау арқылы тіршілікті дамытуға қандай зор үлес қосқанын атап көрсетті. Француздың математигі әрі философы Эдуарда Леруа 1927 жылы ғылымға ноосфера ұғымын енгізгенде Вернадскийдің биосфераның биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, биосфераның дамуының қазіргі геологиялық стадиясын сипаттау үшін енгізген болатын. Вернадскийдің пікірін сондай-ақ француздың аса ірі геолог-палеонтологы Пьер Тейяр де Шарден де қолдап, кейін өзінің «Феномен человека» деген еңбегінде ноосфераны дүние эволюциясының бір стадиясы деп анықтады. Адамның өзі сияқты, эволюцияның ол стадиясы да тірі организмдер дүниесінің мыңдаған жылдар бойғы даму тарихының нәтижесі дей отырып, Шарден эвлюцияның қозғаушы күші мақсатты көздейтін сана деді. Ал Вернадский болса, керісінше, сананың шығуы биосфераның дамуының заңды нәтижесі деп санады, бірақ бір кездерде пайда болған сана кейіннен адамның еңбек қызметінің арқасында биосфераға барған сайын күшті әсер ете бастайды.

Сонымен, ноосфера-біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс . Адам ноосферада тұңғыш аса ірі геологиялық күшке айналады. Адам өзінің еңбегі және ақыл-ойы арқылы өз тіршілік саласын қайта құра алады және қайта құруға тиісті, бұрынғымен салыстырғанда мүлдем басқаша құруға тиісті-деді В. И. Вернадский.

Эволюциялық процестің негізгі бағыты ой-санасы бар тірі жанның қалыптасуы және адамзаттың геологиялық ролін мойындау екендігі туралы алғаш ой-пікірлер айтқан Вернадскийдің бұрында бірқатар ғалымдар болды. Бірақ олар жеке-дара фактілер келтірумен ғана шектеліп, оларды бір жүйеге келтірмеді, теориялық жағынан түсіндіре алмады. Ал Вернадскийдің концепциясы белгілі эпмирикалық фактілер мен мәліметтерді, білімдерді біртұтас жүйеге келтіріп, ол білімдер жүйесі биосферадан ноосфераға өтуге қандай факторлар көмектескенін сенімді түрде түсіндіріп берді. Оның концепциясы адамның іс-әрекетінің, еңбегі мен ақыл-ойының биосфераның эволюциясында және сол арқылы Жердегі геологиялық процестердің өзгерісінде, бүкіл Жер бедерінің өзгерісінде шешуші рөл атқаратынын мойындауға негізделеді. Сонымен қатар Вернадский адам еңбегінің, өндірістік қызметінің биосферада болып жатқан, бүкіл Жер бетінде болып жатқан процестерге тигізетін әсерін зерттеумен шектеліп қана қоймағанын атап көрсету қажет. Еңбек дегеніміз адамның ақыл-ой мен ерік күшіне негізделген мақсатты іс-әрекет екенін жақсы түсіне отырып, ол ноосфера, немесе ақыл-ойы сферасы, барған сайын қоғамдық прогресті ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ бүкіл биосфераның эволюциясын және сол арқылы Жер бетінде болып жататын барлық процестерді де айқындап беретінін атап көрсетті. Сондықтан да оның ақыл-ойды планеталық құбылыс деп сипаттауы тегін емес . Эволюциялық процесс , - деді ол, әлеуметтік адамзаттың ғылыми ойлауы сияқты жаңа геологиялық маңызға ие болды. Ғылыми ойдың және адам еңбегінің ықпалымен биосфера жаңа күйге- ноосфераға өтеді.

Адамның сыртқы ортаға әсер етуінің дәрежесі ең алдымен қоғамның техникамен қарулану деңгейіне байланысты. Адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде техникамен жарақтану өте аз болды. Қоғам ілгері басқан сайын, оның өндіргіш күштері өскен сайын жағдай мүлдем өзгерді. ХХ-ХХІ ғасырлар- ғылыми-техникалық революция ғасырлары: ғылымның, техника мен технологияның арасында өзара жаңа сапалық қарым-қатынасының тууы қоғамның табиғатқа тигізетін әсерінің аумағын бұрын болып көрмеген мөлшерде арттырды, адмзаттың алдына бір қатар жаңа, бұрын болып көрмеген аса шиеленісті проблемаларды ұсынды.

Техниканың биосфераға және табиғатқа тигізетін әсерін зерттеу жалпы алғанда тек практикалық міндеттерді ғана қойып отырған жоқ, сондай-ақ терең теориялық талдау жасауды да талап етіп отыр. Биосфераның негізін құратын тірі заттар дүниесімен аналогиялық салыстыру жасай отырып, техносфера ұғымының мазмұнын құратын техникалық заттар жайлы, яғни қоғамда бар барлық техникалық құралдар мен системалардың жиыны жайлы, олардың табиғатқа тигізіп отырған әсері жайлы көп әңгіме жасауға болады.

Алайда, бұл мәселелер жайлы келесі тақырыпта жеткілікті көлемде әңгіме болғандықтан, біз бұл жерде мынаны ғана айтуды жөн көрдік. Планетаға тигізетін ықпалының күш-қуатының мөлшері жағынан алғанда, технозаттар системасы тірі заттар дүниесінен кем әсер етпейді деуге болады. Техниканың бұдан былайғы дамуы техникалық заттардың құрамдас системаларының өзара әрекеттесуінің ең үйлесімді варианттарын және олардың табиғатқа тигізетін әсерін, ең алдымен биосфераға игізетін әсерін есептеп шығаруды талап ететіні сөзсіз.

«Техносфера» ұғымы техникалық құрылыстар мен системалардың жиынымен бірге адамның техникалық қызметін және ақыл-ойын да қамтиды. Оның құрылымы айтарлықтай күрделі, өйткені ол техногендік заттарды, техникалық системаларды, тірі заттарды, жер қыртысының жоғарғы бөлігін және гидросфераны да қамтиды. Ал космостық ұшулар дәуірінің басталуына байланысты техносфера биосфераның шеңберінен тыс шығып, енді Жер айналасындағы космосты да қамтитын болды, ал бұл ноосфера аспан әлеміне де аяқ басты деген сөз.

Ноосфераның аспан әлеміне тарауына байланысты ғалымдар космостың Жердегі түрлі тіршілік процестеріне тигізетін әсерін жан-жақты зерттей бастады. Мысалы, Вернадский биосфераның дамуына әсер ететін факторлардың қатарына космосты да қосқан болатын. Ол космос сәулесінсіз, оның ішінде Күннің сәулесінсіз Жердегі тіршіліктің мүмкін еместігін атап көрсетті. Тірі организмдер космос сәулелерін биосфераның өмір сүру қажетіне қарай жер энергияларына айналдырып өзгертеді.

В. И. Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің аса маңызды бір жағы сол, ол адамның сыртқы ортаны белсенді түрде өзгертуге бағытталған бүкіл іс-әрекеттерін зерттегенде, жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарын бірлікте қарастыру қажеттігін бірінші болып түсініп, оны жүзеге асыруға әрекет жасады. Оның пікірінше, ноосфера-биосфераның жаңа сапалық сатысы, тек табиғатты ғана емес, адамның өзін де түбірлі өзгертуге байланысты жоғарғы сатысы. Бұл жоғарғы техника деңгейінде адам білімін жай қолдану сферасы емес. Бұл үшін «техносфера» ұымы да жетіп жатыр. Әңгіме адамзат тіршілігінің ерекше кезеңі туралы, атап айтқанда, адамның сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған қызметі айналада болып жатқан барлық процестерді нағыз ғылыми тұрғыдан, ақыл-оймен түсінуге және «табиғат мүдделерімен» міндетті түрде санасуға негізделген кезеңі туралы болып отыр. Ноосфераның структурасын құратын барлық жақтарын үйлесімді пайдалану оның өмірі мен дамуының сенімді негізі болып табылады.

Адам, қоғам табиғатпен айырғысыз байланысты, өйткені олар табиғаттан тыс және оның ішінде өзін тікелей қоршаған табиғи ортадан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Адамзат-тірі табиғаттың дамуының жалғасы.

Адамның қоршаған ортамен байланысы әсіресе материалдық өндіріс саласынан айқын көрінеді. Табиғат байлықтары, әсіресе қазба байлықтар материалдық өндірістердің және жалпы алғанда қоғам өмірінің табиғи негізі болып табылады. Сондықтан адамзат тіпті «табиғаттан жоғары» тұрса да, бірақ материалдық өндірістің, өндірістік еңбектің нәтижесі болып табылатын өнімсіз өмір сүре алмайды. Табиғат адам мен жалпы қоғамныңтабиғи негізі болып табылады.

Адам табиғат пен биосфераның географиялық орта деп аталатын бөлігімен әсіресе тығыз байланысты. Географиялық орта дегеніміз табиғаттың адам бөлігі (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, су, топырақ, Жердің атмосферасы) . Ол адам өмірінің алуан түрлі салаларының дамуына, оның ішінде әсіресе материалдық өндірістің дамуына әсерін тигізеді. Табиғаттың көп салалығы еңбек бөлінісінің (аң аулаудың, балық аулаудың, егіншіліктің, мал бағушылықтың, пайдалы қазбалар өндірудің) табиғи негізі болады. Адамның іс-әрекеттерінің нақты бағыттары, атап айтқанда, түрлі елдер мен аймақтарда белгілі бір өндіріс салаларының дамуы географиялық ортаның ерекшеліктеріне тәуелділікте болады.

Табиғаттың нақты географиялық ортасының түрлі халықтардың тарихи дамуына тигізетін әсері алуан түрлі, мәселен, ол ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін қолайлы жағдайлардың болу-болмауынан және басқа жағынан көрінеді. Бұл айырмашылық адамзат қоғамының алғашқы даму кезеңдерінде әсіресе көп болды, өйткені ол кездерде адамдар табиғат нәрселерін өңдеп, өзгертіп пайдаланғаннан гөрі дайын өнімді пайдалануға бейім еді, себебі еңбек құралдары әлі нашар болатын. Қолайсыз табиғат жағдайлары қоғам дамуына көп кедергі жасады. Сол себепті де алғашқы мәдени өркениет Ніл, Ефрат, Тигр, Инд өзендерінің жағалауларындағы оңтүстік елдерде дамыды, өйткені қолайлы табиғи жағдайлар, атап айтқанда, жылы климат жылы баспана мен киімді, азық-түлік өндіруді көп қажет етпеді. Еңбек бөлінісін дамытуға, қосымша өнім өндіруге т. б. оңтүстік елдерде мүмкіндік көп болды.

Алайда, қолайлы табиғат жағдайлары оңтүстіктегі елдердің дамуына тек адамзат тарихының бастапқы кездерінде ғана жағдай жасады. Бұл қолайлы жағдайлар тарихи даму ілгерілеген жағдайлар сайын өзінің қарама-қарсылығына айналды, яғни кері тартатын факторға айналды, өйткені өндірісті жетілдіруге ынталандырмады. Сол себепті де оңтүстік аймақтардағы халықтардың тарихи дамуы Орта-ғасырлық дәуірден бастап кенжелеп қалды.

Егер адам өз тіршілігі үшін қажетті нәрселерді табиғаттан дайын күйінде табатын болса, онда өндірісті дамытуға оның ынтасы болмайтыны, соның салдарынан оның адамдық қабілеттері де дамымай қалатыны түсінікті. Олай болса, өндіріс үшін қолайлы табиғат жағдайларының болуымен қатар олардың жетіспеуі де қоғам дамуына белгілі дәрежеде игі әсерін тигізеді екен. Мысалы, сондай елдердің біріне Жапонияны жатқызуға болады. Табиғат-биосфера-адам системасының құрамдас бөліктерінің өзара диалектикалық әрекеттесуінің мәні осында жатыр.

Табиғаттың адамға тигізетін әсерін, адамның табиғаттан тәуелділігін мойындай отырып, бірақ сонымен бірге оны асыры дәріптеуге де болмайтынын ескерткен жөн. Географиялық ортаның қоғам дамуындағы ролін асыра бағалау ғылымда географиялық детерминизм деп аталатын бағыттың тууына әкеп соқты. Бұл бағыттың өкілдері (Платон, Аристотель, Ш. Монтескье, Г. Т. Бокль, Л. Н. Мешников т. б) адамзат қоғамының дамуының ең шешуші күші географиялық (табиғи) факторлар деп санады. Олалдың пікірінше, халықтардың дамуын ең алдымен анықтаушы географиялық ланшафт-жер бедері, топырақ, су, климат, өсімдіктер т. б. дүниесі. Мысалы, француз ғалымы Ш. М. Монтескье ( XVIII ғ. ) : климаты ыстық жерлердің халықтары қарттар сияқты жасқаншақ, ал суық жерлердің адамдары жастар сияқты ержүрек келеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат - тірі табиғаттың дамуының жалғасы
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
Экология ғылымы туралы
Экологиялық білім беру туралы
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәнінен лекциялар жинағы
Биосфераның құрамдас бөлігі
Экология
Өндірістік экология туралы жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz