Арнайы сыныптардағы мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Факультеті: Филология және әлем тілдері

Пән атауы: Инклюзивті білім беру

казну.gif

МСӨЖ

Тақырыбы : Арнайы сыныптардағы мүмкіндігі шектеулі

балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Орындаған: ҚТӘ 304-топ студенті - Тұрсын М. К

Қабылдаған: Абшенова Л. У

Алматы 2019 жыл

Арнайы сыныптардағы мүмкіндігі шектеулі балалармен

оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

ХХ ғ басында дәрігерлер мен психологтардың бай тарихи тәжірибесі, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың ұйымдастыру және мазмұны мәселесіне әртүрлі ыңғайда келу мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру мекемесін құруға себеп болды.

Соңғы 10 жылда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастыру формасы мен әдістерін жүзеге асыру мақсатында мамандардың күші белсендендірілді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде ақыл-ой кемістігі бар

балаларды еңбекке баулудың мақсаты оларда өмірге және еңбекке қажетті

білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектепте

еңбекке баулу әдеттегі еңбек ұжымы жағдайында жаппай өндірістік

кәсіпорындарда күрделі емес жұмыс түрін өз бетімен және кәсіби деңгейде

орындауға қабілетті физикалық еңбек қызметкерлерін даярлауға бағытталған.

Еңбекке баулу, басқа оқу пәндері сияқты оқушыларды жан-жақты дамыту

міндеттерін шешеді. Ол физикалық, ақыл-ой, эстетикалық және адамгершілік

тұрғысынан дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Бірақ еңбекке баулудың негізгі

міндеті - мектеп оқушыларына белгілі мамандық бойынша жұмыс істеу үшін

қажетті бастапқы кәсіптік білім беру, яғни оларға қолжетімді техникалық және

технологиялық білім беру, кәсіби білігі мен дағдысын қалыптастыру.

Физиолог, психолог, дефектолог, педагогтардың бақылауы негізінде 1 сынып балаларының арасында жаңа жағдайға бейімделуі қиын, жалпы мектеп бағдарламасын аздап немесе мүлде меңгермейтіндері кездеседі. Олар оқу темпін игермейді, белгілі уақыт аралығында бағдарлама материалын меңгере алмайды. Оқуда қиындық көретін балалар саны өсуде.

Қандай да бір себептермен оқудағы қиындық жалпы мектептің бастауыш, сынып оқушыларының 15 - 40 % кездеседі, үлгермейтін оқушылардың 50%, көбіне церебральды - органикалық түрдегі балалар.

Бұл балалар оқу, жазу, санауды меңгеруде қиналады, сондай - ақ мәтінді түсінуде, меңгеруде, логикалық ойлауда қиналады. Мектептегі үлгермеушілік ойлаудағы адамдармен қатынасты қиналтады. Мұның барлығы ассоциальды тәртіпке әкеп соқтырады, бұл әсіресе жасөспірім кезеңде байқалады. Балалар ауруларына байланысты кемістікті немесе шектеуді жүректеріне жақын алады. Олар қалыпты балаларға тән және тұлға қалыптасуына қажет әрекет түрлеріне қатыса алмайды.

Арнайы мектепте ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін теориялық

ережелер қарапайым түрде беріледі. Оның бүкіл көлемі емес, тек, онсыз еңбек

әрекетін саналы меңгеру, еңбек технологиясын ойлау мүмкін болмайтын ең

бастысы ғана айтылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың көпшілігінде күрделі емес еңбек операцияларын орындаудың жоғары автоматтандырылған дағдылары қалыптасуы мүмкін.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру жүйесі көп, онда оқыту, тәрбиелеу үшін жағдай жасалған жалпы мектепте арнайы сыныптар ашылған. Бірақ бұл балалардың біраз бөлігі, сонымен қатар жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім ала алады, бірақ оқытудың дәстүрлі жүйесі бойынша бұл балалар үлгермейтін немесе 2 жылға қалғандар болып табылады.

Жалпы ережеге сай үйден оқыту денсаулығы бойынша, яғни емдік, денсаулық сақтау ұйымы арқылы үйден оқыту ұсынылады.

Үйден оқыту жалпы білім беру мекемесі болып табылады. Ол бір мезгілде түзетудің арнайы міндеттерін шешеді. Ол 16 жылға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу және қоғамға бейімделу мәселесін қарастырады.

Мектепке балалар денсаулық сақтау ұйымының жолдамасымен қабылданады.

Үйден оқитындардың білім мазмұны бағдарламаға сай жасалады, бұл жерде балалардың психофизиологиялық дамуы ескеріледі.

Сабақ мектеп жағдайында да және балалардың үйінде де ұймдастырылуы керек.

Оқушылардың білім алу жүктемесі денсаулығына байланысты болады, 1 - 3 сыныпта аптасына 8 сағаттан кем емес, 4 - 8 сыныпта 10 сағат, 8 - 9 сыныпта 11 сағат болады.

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Оқу жылы 1 сыныпта - 30 апта, 2 - 11 сыныпта - 34 апта.

Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалар санының, әлеуметтік девияцияның өсуі салдарынан қоғамда дефектолог мамандардың санының өсуіне де қажеттілігі туындады.

Педагог - дефектологтың қызметі денсаулығында кемістігі бар балалар оқитын жерде жиі кездеседі. Педагог дефектологтың міндеті педагогтар және ата - аналарды балалардағы қауіп жағдайымен, оның мінезімен таныстыру таным әрекеттеріндегі кемістікті жою. Педагогикалық зерттеуден кейін балалардың ары қарай оқуына байланысты әртүрлі жағдайлар туындайды. Дефектолог ең алдымен баламен жұмыста неге көңіл болу қажеттілігін айқындайды.

Бір баланың жалпы қимыл белсендігін дамыту керек болса, ал басқа балалардың ырықты зейінін қалыптастыру қажет . Сонымен қатар ойлау әрекеті, сөйлеу әрекетін дамыту жұмысын да жүргізу керек.

Дефектолог ата - аналардың, балалардың сөйлеу және ойлау әрекетін дамытуына жүйелі түрде назарларын аудару қажет. Бұл мақсатта қолайлы ойын тапсырмалары, арнайы жаттығулар ұсынылады.

Әрбір нақты жағдайда баламен жұмыстың мазмұны және әдістемесін дефектолог баланың психофизиологиялық дамуына орай анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру мектептерінде білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың негізгі шарттары
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Инклюзивті білім беру жaғдaйындa есту қaбілеті зaқымдaлғaн мектепке дейінгі оқушылaрғa көмек көрсету жолдары
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы
Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Интеграция жүйелі білім беру ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz