Алаш ардақтысы


Кабанова Анар Бухарбековна
Группа БТ 18-1
Факультет ФИТ
КарГТУ
Кафедра русского языка и культуры
Алаш ардақтысы
Әрбір адам өзінше бір дүние, жұмбағы ашылып болмаған қазына. Соқтықпалы, соқпақты тар жол тайғақ кешулі ғұмыр кешіп, Алаштың аспанынан ағып түскен жарық жұлдыз - Сәкен Скйфуллин. Сәкен - өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Заман өзгерді, адам өзгерді, қоғам өзгерді. Халқымыздың басынан қиын - қыстау күн туған шақта, сын сағатта халқының сөз бастаған шешені, топ бастаған көсемі Сәкен еді. Үлкен ақын, дарынды әнші - кқмпозитор, талантты қоғам және мемлекет қайраткері, биік парасат иесі, арлы азамат. Халқының бақыты үшін басын бәйгеге тікті. Осы кезеңге дейін Сәкен скеілді күрделі тұлғаға біржақты кесім де, шешім де айтуға болмайды. Әлі күнге дейін Сәкенді еске алғанда қоғам пікірі екіге айырылады. Бір жағы Сәкен туралы кереғар, алып қашты сөздер айтылса, екіншіден оны шығармашылығы мадақталып жатады. Мұхтар Әуезов Сәкеннің тұлғасы мен шығармашылығы туралы былай айтқан: «Сәкеннің ақиқатттығы жүрек пен сананы оятқан, қанаттандырған. Ол сенім туралы айтса - ол шынайы сезім, ол шындық туралы айтса - бұл рухтың азабын шеккен шындық. Сондықтан осы тұлғаның өткен жолы ерекше. Жолында самғау да болды, жығылу да болды. Сәкен Сейфуллиннің жолы - шынайы жалынды ақынның жолы».
Сәкен Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. Сәкен - ең алдымен халқының ұлы, уақыттың перзенті.
Бар - жоғы 43 жас қана өмір сүрсе де, өмірін талас - тартыста, халқының бақыты үшін толассыз күресте өткізген. Көзінің тірісінде - ақ аты мәшһүр болып, халқының, оқырмандарының жүрегіне берік ұялаған.
Сәкеннің достарының бірі, орыстың белгілі қаламгері Галина Серебрякова: « . . . Қазақстанда барлығы да шетсіз - шексіз, ұлан - ғайыр, құнарлы жері де, мыңқырған малы да, таусылмас қазынасы мен арқырап аққан өзендері де, ең бастысы - табиғат дарынды аямай берген адамдары да - ғажайып.
Мен Сәкен Сейфуллинді осы Қазақстанның кішкене бір бөлігі деп ұқтым. Және өз халқы мен еліне жан - тәнімен берілген үлкен азамат екенін білдім» деп тебіренеді.
Осы керемет теңдеуден - ақ орыс қаламгерінің кісі парқын білетін жан екенін көруге болады. Сегіз қырлы, бір сырлы сұлу Сәкен еліне сіңірген еңбегімен де, қайталанбас дара тұлғасымен де, тіршіліктегі үлгі - өнегесімен де, артына қалдырған мол мұрасымен де осы теңеуге әбден лайықты.
Сәкен жаңа өмірдің болашағына, оны орнатушылардың жасампаздығына кәміл сенді. 1914 жылғы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты алғашқы жыр жинағы жарық көргеннен бастап оның ғұмыры, қайраткерлік жолы, шығармашылық асулары бәрі жұрттың көз алдында өтті. Қайраткер тұлға ретінде қалыптаса бастауы 1917 жылғы Қазан төңкерісімен тұспа - тұс келді. 1918 жылы ақпанда Коммунистік партияның қатарына өтеді. Ол ұлтшылдарға қарсы батыл - күрес жүргізіп, қазақ еңбекшілеріне әділет, шындық жолын түсіндіреді. Үлкен қоғамдық - саяси жқмыс пен әдеби творчествосын қанаттастыра жүріп, Сәкен жиырмасыншы жылдардың өзінде аса көрнекті совет ақыны болып қалыптасты. Ол 20-30 - жылдары «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс», «Көкшетау», «Альбатрос», «Қызыл ат» атты өлең - поэмаларын жариялады. Проза жанрында «Тар жол, тайғақ кешу» (1927) мемуарлық романын, «Жер қазғандар» (1928), «Айша» (1922 жылы жазылып, 1935 жылы өңделіп басылған), «Жемістер» (1935) атты повестер мен көптеген әңгімешілер жариялады.
Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиеті нұсқаларын жинақтаушы және зерттеуші есебінде де елеулі қызмет атқарды. Орта және жоғарғы мектепке арнап әдебиет оқулығын жазуға қатысты.
«Өткен күндер» жинағына кірген бірқатар өлеңдерде Сәкен надандық пен ескі феодалдық әдет - ғұрып заңдары езіп, тоздырған қараңғы қазақ қауымының күн көрісіне налығандық білдіреді, халық тағдыры туралы ойланады.
«Түс» деген өлеңінде ақын ескі өмірді қорғансыз бақша күйінде, қазақ халқын сол юақшадағы қураған ағаштар есебінде бейнелейді.
Мұндай сүреңсіздіктің есебін ол халықтың қараңғылығынан, ел билеушілерінің ынтымақсыз, алауыздығынан, ел қамын ойламайтындығынан деп түсіндіреді. Елді болашаққа сүйрер күшті - жастар бойынан танып, оларды сол бақшадағы көк шыбыққа теңейді. Көк шыбықтар көбейсе, тал боп жетіп, Көркейер сонда бақша қайғы кетіп, - дейді. 1922 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағына Сәкен «Асау тұлпар» деген атты тегін таңдамаған. Асау тұлпар - революциядан бұрынғы мешеулік пен меңіреу тыныштық басқан қазақ даласын ұйқысынан оятқан, оған жаңа дүниенің дүбірін жеткізген өзгеріс үні. Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ!» өлеңі мен Сәкеннің «Асау тұлпары» ұқсас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz