ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛЕШЕКТЕГІ ДАМУЫ


УДК 338:38 М. Б КУАНДЫКОВА
докторант
Университет «Туран»
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛЕШЕКТЕГІ ДАМУЫ
Түйін сөздер: агроөнеркәсіп, ауылшаруашылық, өндіріс факторлары, агроөнеркәсіп кешені, шикізат, инновация, кластер.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, экономикамыздың жан-жақты дамып, құлдырауына да біз куә болдық. Сонымен қатар халқымыздың жағдайы біршама жақсарып, экономикалық көрсеткіштер де қарқынды дамып келеді. Экономикамызыдың қарқынды дамуының негізгі себебі - халқымыздың еңбек етіп жүйелі түрде жақсы нәтижелерге жетуін сипаттайды.
Еліміздің экономикалық тұрғыда дамуының себептерінің бірі ол - агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі уақытқа сай дамуы. Яғни, агроөнеркәсіптік кешен экономикалық жүйе кешенін өзіне бағындырады, даму барысындағы үрдістерді қамтиды. Себебі қоғам өмір сүруі үшін өндіріс үздіксіз болуға тиіс. Өндірістің 4 фаторлары: еңбек, жер, капиал, кәсіпкерлік қабілет және 21 ғасырдағы маңызды ресурстардың бірі ол- ақпарат, агроөнеркәсіптік кешенінде оз орындарын алды.
Еліміздің экономикалық дамуында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды. [1]
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету. АӨК құрамында үш негізгі буын бар: АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды; бұл ауыл шаруашылығы; тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады. Агроөнеркәсіп кешені - экономиканың бар саласы тоғысатын алып жүйе. Ал, агроөнеркәсіптің өзі шикізатты-минералды базаларды алмастыруға мүмкіндігі зор. Бұл кешен қарқын алса, қазба байлықтағы пайдадан кем түспек емес. Сондықтан да, Мемлекет басшысы аграрлық сектор - экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиістігін қадап айтқан-тын. Сол үшін ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау да күшейді. [2]
Ауыл шаруашылығының даму динамикасы мен қарқыны көбінесе оған өндіріс құралдарын дайындайтын өнеркәсіп салаларының өндіріс деңгейімен анықталады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының дамуы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсететін өндіріс пен салалардың іс-әрекеттерінің тиімділігімен тығыз байланысты. Бұған бірінші кезекте техникаларды жөндеу, ауыл шаруашылығы объектілерінің құрылысы, өндіріс құралдарымен жабдықтау, материалдар мен өнімдерді тасымалдау салалары жатады.
Жалпы, аграрлық салада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы толыққанды іске асырылуда. Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру арқылы оларды тауарлы өндіріске тарту, сауда-логистикалық инфрақұрылымды және экспорттық саясатты қалыптастыру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды және аграрлық қайта өңдеуді, сондай-ақ, сумен қамтамасыз мәселесін шешу арқылы дамытуды көздейді. Осы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында аймақта АӨК салаларына көрсетілетін мемлекеттік қолдау 11958, 1 млн. теңге шамасында. Мұның ішінде, мал шаруашылығына тиесілі қаржы - 3941, 3 млн. теңге, өсімдік шаруашылығына - 2419, 1 млн. теңге, республикалық бюджеттен (инвестициялық субсидиялау, қайта өңдеу) - 5597, 7 млн. теңге көлемінде. [3]
Ауыл шаруашылығы кооперацияны дамыту мақсатында бірқатар несиелеу бағдарламасы бар. Оның қатарында ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек өнімдері мен мал-азығын дайындау, тасымалдау және сату бойынша - «Ынтымақ» бағдарламасы, отбасылық мал бордақылау алаңдарын құру бойынша - «Береке», ауыл шаруашылығы мал мен құсты көбейту бойынша - «Игілік» және отбасылық сүтті-тауарлы ферма құруды көздейтін «Ырыс» бағдарламалары бар.
2021 жылға дейін азық-түлік өнімдерін экспорттауды 40%-ға ұлғайтуды міндеттейтін нақты тапсырмалар бар. Осы тапсырмаларды орындау үшін әр жылға шағылған нақты индикаторлар белгіленген. Ағымдағы жылда экспортты 10% ұлғайту көзделіп отыр. Су және жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмалар аясында: 41 апаттық жағдайдағы су шаруашылық жүйесін және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау, 22 жаңа су қоймасын салу, жер суару инфрақұрылымын және дренаждық жүйе құрылысын қалпына келтіру бойынша шаралар жүзеге асады. Жоғарыда белгіленген шаралар Елбасының 600 мың гектардан аса жерді тұрақты суландыра отырып, 2021 жылы оның көлемін 2 млн. гектарға жеткізу туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарлама аясында, тыңайтқыштарды субсидиялау механизмін қарастыру тыңайту көлемін 376 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді [4] .
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Молдашева А. Б. Ауыл шаруашылығындағы ылғал сақтау технологиялары. АльПари, №1, 2017
- «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар // http://www. akorda. kz/
- Программа по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013-2020 годы (Агробизнес - 2020)
- Абишев Г. Чиновники ждут плодов стимулирования АПК //Бизнес и власть. -Алматы, 12. 11. 2014.
РЕЗЮМЕ
Бүгінде агроөнеркәсіп кешені экономиканың тұрақты дамып келе жатқан секторларының бірі ғана емес, сондай-ақ бизнес үшін экономикалық тұрғыдан тартымды сала болып табылады.
Дамыған агроөнеркәсіптік кешен бүкіл елдің байлығы болып табылады. Осы тұрғыда агроөнеркәсіп кешенін қолдау, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларынан бұл мәселе тұрақты көтерілуде. Атап айтсақ, бiз елiмiздегi аграрлық бизнестi мемлекеттiк реттеу мен қолдау жүйесiнің негізiн қалыптастырдық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz