СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ.

Жантасова Ақерке Нұрланқызы

Балалар әдебиеті - қазақ әдебитінің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Қазақ заманымызда балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Жалпы айтқанда, қазақ балалар әдебиеті жөнінде де сыншылдар мен зерттеушілер, ғалымдар мен ақын-жазушылар және мұғалімдердің ықыласы ерекше болды. Балалар әдебиетінің ерекшеліктері жайында әр кезде алуан пікірлер айтылды. Бұл ретте С. Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтің, М. Әуезовтың, С. Ерубаевтың, С. Мұқановтың еңбектерін атап өтуге тиіспіз. Осылардың ішінде ерекше атап айтатын болсақ, қазақ балалар әдебиетіне орасан зор үлесін қосқандардың бірден-бірі Сәкен Сейфуллин.
Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысынын Жаңаарқа ауданында шағын дәулетті, орта шаруаның отбасында туды. Сәкеннің ата-анасы ауыл арасына қадірлі, меймандос, адал ниетті, ақ жарқын, сонымен бірге өнерлі кісілер болды. Сәкеңнің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыкқой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.
Сәкен Сейфуллин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Оның Біздің жақта (1919), Далада (1922), Балалар (1925), Келіншектің бесік жыры (1926), Ананын хаты (1925), Анаға жауап (1926), Тар жол тайғақ кешу (1927) деген реализм әдісімен жазылған өлең-әңгімелері үкіметтің алғашқы орнаған жылдарынан бастап-ақ өзінің жаңашылдығымен балалардың сүйіп окитын шығармаларына айналды. Сәкеннің бұл шығармалары -- балалар әдебиетінің реализм жолымен қайта дамыған жаңа дәуірінің бет ашары болды.
Сәкен Сейфуллин өзінің Жұмбақ айтысу, Жаңылтпаш, Балалар ойыны, Жастық ойын, күлкі өлең тақпақтары деген еңбектерінде бастан-аяқ балалар ауыз әдебиетіне тән мұраларға ,ғылыми талдау жасаған. Жұмбақ айтысу - хат жазу білмеген көшпелі елдің жастарының, балаларының жас басынан өз әлінше зейінлерін тапқыштыққа үйретіп беретін, тәрбилейтін, тілін шеберлейтін сөзді үйлестіріп, ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді болған дейді ол. С. Сейфуллин балалар ауыз әдебиетін әрі жинаушы, әрі зерттеуші болды.
Сәкен жайында ойшылдар, ақын-жазушылар, ғалымдар түрлі ой-пікірілер айтылған еді. Соның ішінде:
Сәбит Мұқанов: Сендер мені осы уақытқа шейін қазақ әдебиетінің бастаушысы деп білдіңдер. Енді шындықты біле жүріңдер, сол әдебиеттің негізін қалаушы, алғашқы туын көтеруші - Сәкен Сейфуллин. Сондықтан мен көптің бірімін, ал Сәкен - қазақ әдебиетінің атасы
Ғабиден Мұстафин: Өзіңіздей халық ұлдарымен қол ұстаса, елді бастай ілгері кеткен Сәкенді біз бүгін бағалағанда алдымен қазақ әдебиетінің атасы дейміз. Атадан бала аса береді. Бізден де асып жатыр. Бірақ, қанша асса да, Сәкендей арнадан асқан қайсысы бар? Сондықтан Сәкен қазақ әдебиетінің тарихында белгілі биік бәйтеректердің бірі болып қалып қояды. Сондықтан оған біз түгіл, бізден кейінгі ұрпақтар да бас иеді, оның сонынан салған жолын кеңейте береді
Ғафур Ғұлам: Сәкен Сейфуллин шығармалары өзінің идеялық - көркемдік құнын еш уақытта жоғалтпақ емес. Одан дүйім оқушы рухани азық алады, қаламгерлер не туралы, қалай жазу керек екендігін үйренеді. Міне, Сәкен Сейфуллин творчествосы сол үшін де баршамызға қымбат
С.Мұқанов: Қазақ әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллин барлық жанрда да елеулі еңбек атқарып, бәрінің де алғашқы бұлжымас берік қадасын қағып берді
Міне, осындай айтылған сөздерден-ақ Сәкендей жазушы, ақын, қайраткеріміздің қазақ әдебиетіне деген қосқан үлесі орасан зор екендігін байқаймыз. Оның өнер жолы - өшпес жол. Асыл өнердің ғұмыры адамның жеке басының өмірімен өлшенбейді. Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұялатса, ол мәңгі өмір сүреді.
Осындай құдіретті күші бар үлкен өнер - Сәкен Сейфуллиннің туындылары. Өз авторының рухани өмірін ұрпақтан - ұрпаққа соза түсетін де, үлкен дарынның зор тұлғасын бұдан да гөрі тұлғаландыра түсетін де осы туындылар.
Сәкеннің публицистикалық шығармаларының дені халық ағарту мәселесіне арналған. 1921-1925 жылдарда жазған мақалаларының жалпы рухы, әсіресе аттарының өзі-ақ көп жайды аңғартады. Әр қазақтың жадында оқу болсын, Зор міндет, Барлық күш оқуға , Оқушы жастарға үлгі , Екі мың, Орынбарда, Қазақ арасында сауатсыздықты жою, Жас азамат, әскери мектепке даярлан! деп аталған мақалалардың айтпағы анық. Үкіметтің алғашқы жылдарында халық ағарту ісін жүйелі насихаттап, практикалық тұрғыдан шешіп отырған Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа мәдениетінің күннен-күнге қуатты қарқынмен өркендеп келе жатқанына қуанды. Сәкен кейінгі жылдарда жазған шығармаларында оқуға үндеуді халықтың сауаты ашылған кезде білім арттыру, ғылым тереңіне бойлау, асқар биікке қол сермеу, мәдениеттену мақсатымен сабақтастырып жіберді.
Сәкен - күшті романтик ақын. Романтикасыз поэзия да, ақын да болмайды. Ал романтик ақындардың жан сырлары қат-қабат терең. Сәкеннің тілімен айтсақ заңғар таудың шыңында кілттеулі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Сәкен Сейфуллин шығармашылығының зерттелуі
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ фольклористикасы - Сәкен Сейфуллин
ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ ЖАЙЛЫ
Сәкен Сейфуллин және қазақ мәдениеті
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Сәкен Сейфуллин (1894—1938)
Сәкеннің сыршыл әлемі
Қазақ балалар драмасының шағын түрлері
Пәндер