ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Досхожина Асыл

ИЯК-1702 тобы

«Шет тілдері, әсіресе ағылшын тілі қазіргі - заманның қажеттілігі. »

Н. Ә. Назарбаев.

Аннотация: В данной статье описаны игровые технологии для улучшения разговорного навыка учеников средних классов. Способы применения игровых технологии и их актуальность в наши дни. Описываются мнения разных педагогов, изучающих эту технологию.

Ключевые слова: Английский язык, игровые технологии, разговорный навык, грамматика, мотивация, фонетика.

 Abstract : This article describes the using game technologies to improve speaking skills of pupil’s of the middle classes. Methods for using game technologies and its relevance nowadays. It describes the opinions of different teachers, who study this technology.

Key words : English language, gaming technology, speaking skills, grammar, motivation, phonetics.

1. Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап шетел тілдерінің мәртебесі жоғарылады. Еліміздің шет елдермен халықаралық қатынасы, дүниежүзілік мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас үрдісінің дамуы арқасында өркендеуде. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің өзара ынтымақтастық бiрлiгiн өркендету нәтижесінде тiл білудің мәнін күн сайын арттыра түсуде. Ғылым мен техниканың өркендеп дамыған ғасырында әлемнің көшбасшы елдері мен алпауыт мемлекеттеріне бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарын ұстау мақсатында Елбасының үш тілдік бағдарламасы дұрыс қадам.

Шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін жетік меңгеру бүгінгі күні үлкен қажеттілік туғызып отырғаны мәлім. Әрбір студент - ертеңгі күннің жас маманы болғандықтан, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін жетік меңгеру мақсатын алға қойғандары белгілі. Себебі, бүгінде ағылшын тілі -халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, экономика мен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарын бастап келе жатыр. Сондықтан орта мектеп оқушыларының өздерінің уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, әрі келесі жас ұрпақтың ағылшын тіліндегі сөйлеу дағдысын ойын технологиясының арттыруын қарастырамыз.

Көрнекті ғалымдар (И. Л. Бим, С. С. Полат, Е. И. Пассов және т. б) студенттердің ойын оқыту әдістерін қолдана отырып, шет тілін үйренуге деген ынтасын арттыру мәселелерімен айналысты. Шет тілін оқыту әдістемесінде ойын технологиясы жаттығу ретінде қарастырылады, дегенмен, оларды нақты жағдайларда қолдану мүмкіндігі ретінде болады.

2. Негізгі бөлім

Тілді меңгерудің қуатты ынталандырушысы - ойындар. Ойын технологиясы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады және топтық жұмыс істеу қабілетін арттырады, оны сабақта шебер қолдану оқушыларды ойнауға және сөйлесуге дайындайды. Ойын сабақты ұйымдастырудың формасы ретінде келесі тапсырмаларды атқарады:

  • Оқушыларға дұрыс сөйлеу түрін таңдауға үйретеді;
  • Тілдік бірліктерді қайталауына ықпал етеді;
  • Күнделікті өмірде сөйлеу қарым-қатынасына психологиялық дайындығын қалыптастырады.

Сонымен, практикалық сабақтарда шет тіліндегі ойын технологиялары қаншалықты орынды? Ойын әр оқушы үшін мүмкін. Тілдік дайындығы әлсіз оқушы ойындарда алғашқы орындарда болуы әбден мүмкін: зеректілігі мен тапқырлығы нәтижесінде. Теңдік әсері, ынта мен қуаныш атмосферасы, тапсырмалардың орындалу мүмкіндігі - осының бәрі оқушыға ұялшақтықты жеңуге мүмкіндік береді, бұл олардың сөйлеу барысында шет тілінің сөздерін еркін қолдануына жол береді, қателіктерден қорқуды азайтады және оқу нәтижелеріне жағымды әсер етеді.

Сабақта ойын технологиясын қолданудағы мұғалімнің негізгі міндеттері - оқулық материалдарын шығармашылық түрінде жоспарлау; белгілі бір топқа немесе сыныпқа қиындықтарды болжау қабілетіне негізделген қосымша дайындық жаттығуларын жасау және енгізу; ойын технологиясын қамтитын интерактивті түрде шет тілі сабақтарын әзірлеу және өткізу.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта ойын сәттерін қолдану оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыруға ықпал етеді, олардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойындар тапқырлық пен зейінділікті дамытады, тілді байытады және оқушылардың сөздік қорын біріктіреді, олардың мағыналық реңктеріне назар аударады. Ойын оқушыға өткенді еске түсіруге, білімдерін толықтыруға көмектеседі.

Орта кәсіптік білім беру ұйымдарында маңызды ойын технологияларының арасында мыналарды атап көрсетуге болады:

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) стол үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Мысалы: «Алфавит ойыны». Бірінші оқушы: «Apple-pie . . . » деп, «А» әрпінен басталатын сөзді айтады, келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, «В» әрпінен басталатын сөз айтады (ex : box), келесі оқушы екі сөзді де қайталап, алфавиттің келесі әрпіннен басталатын сөз айтуы тиіс.
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе алатын ойын түрі.
IV. Іскерлік ойындар .
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V. Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, тапқырлыққа, зеректікке» бейімделген тапсырмалар - ребустар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау қажет:
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы маңызды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық инновацияларды лақап новаторлардан қорғау
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
«Сөйлеуді жетілдіру жолдары»
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz