Экологиялық мәселелер жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Лекция 1. Тақырып “Экология туралы түсінік, оның тұрақты даму концепциясын орындаудағы ролі»

Лекцияның мақсаты - экологияны ғылым ретінде және оның қоғам мен табиғаттың тұрақты дамуы үшін ролі туралы түсінікті қалыптастыру.

Түйінді сөздер - экология, аутэкология, демэкология, синэкология, биосфера, табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, қоғам, табиғат, экологиялық дағдарыс, тұрақты даму.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Экология пән ретінде, оның мақсаты, міндеттері және басқа ғылымдармен байланысы.
  2. Экологиялық мәселелер, олардың қазіргі экономикалық, саясаттық тенденциялары.
  3. “Тұрақты даму” түсінігіне анықтама және экологияның Тұрақты даму концепциясын орындалуындағы ролі

Экология -(грек. oіcos-үй, мекен logos-ғылым, білім) - сөзбе-сөз аударғанда - тіршілік мекені туралы ғылым.

Экология - организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейді.

“Экология” терминін 1866 жылы неміс биологы (зоолог, эволюция туралы зерттеуші), Ч. Дарвиннің ілімін жалғастырушы Эрнест Геккель ұсынған .

Экологияның мақсаттары:

1 Тіршіліктің ұйымдастырылу заңдылықтары. соның ішінде табиғи жүйелерге және жалпы биосфераға антропогендік әсерлерге байланысты:

а) тірі организмдерді кеңістікте орналасуын зерттеу;

б) организмдердің санының өзгеруін зерттеу;

в) тірі организмдердің қатысуымен өтетін тірі жүйелер арқылы энергия ағымын, заттар айналымының заңдылықтарын зерттеу.

2. Биологиялық ресурстарды пайдаланудығ ғылыми негізін құру, адамның іс-әрекетінен табиғаттың өзгеруін болжау; биосфералық процестерді реттеу; адамның және барлық тірі организмдердің тіршілік ортасын қорғау;

3. Зиянкес организмдермен күресу үшін қоладанылатын химиялық препараттарды аз пайдаланатын жүйелерді дамыту

  1. Тірі организмдердің санын реттеу;
  1. Табиғи орталардың ластануын және жағдайын экологиялық индикациялау.

Экология бөлімдері. Бір түрге жататын дара (жеке) организмнің немесе организмдер тобының қоршаған орта жағдайларымен қарым-қатынасын зерттейтін экологияның негізгі бөлімі - аутэкология (грек. autos-сам) түрдің экожүйедегі орны мен маңызын, түр тіршілігінің экожүйе құрамына кіретін өзге түрлермен байланыстарды анықтайды.

Популяциялық экология - демэколгия . Жекелеген түрлер популяцияларының құрылымы мен динамикасын зерттеумен айналысады. Синэкология (биоценология) - экологияның негізгі бөлігі. Ол бір-бірімен және органикалық емес тіршілік ортасымен тығыз қарым-қатынастағы өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің қауымдастықтары туралы ілім. Бұл экожүйелер туралы ғылым деп айтуға болады. Оны құрлық биоценоздарына қатысты биогеоценология деп атайды.

Қауымдастық орналасқан табиғи тірі (жизненное) кеңістік - биотоп (грекше биос- жизнь, топос-место) . Биотоп қауымдастықпен бірге жоғарыда айтылған экожүйе құрайды. Онда ұзақ уақыт табиғаттың тірі және тірі емес элементтер арасында тұрақты қарым-қатынас қалыптасады. Экожүйелер шекаралық бөлінуі мүмкін (мыс. көл, орман), бірақ көбінесе шекара белгіленбейді. Жер бетінің ең үлкен экожүйесі - биосфера (грекше биос-жизнь, сфера-шар) .

Биосфераны зерттеумен - глобальдік (әлемдік) экология шұғылданады.

Экология - табиғи-іргелі ғылым, оның өзі зерттейтін нысаны, мақсаты әдістері бар. Бұл ғылымның маңыздылығы жоғары, сондықтан да оның заңдылықтарын, түсініктерін, терминдерін дұрыс қолдану қажет.

Экология биология ғылымдарына жатады, сондықтан негізі биологиямен тығыз байланысты екені айқын. . Сонымен қатар басқа да табиғаттану ғылымдарымен байланысты. Мысалы, химия, физика, география, математика, геология, гидрология, топырақтану т. б.

Адамзат қоғамының өмірінде экологиялық білімнің маңызы әрқашанда зор болған. аң аулап, өсімдік жинап қоректеніп жүрген кездің өзінде, жазу әлі болмаған кезде-ақ адамдар ұрпақтан ұрпаққа жануарлардың тіршіліктері туралы білімдерін ауызша жеткізіп отырған. Одан кейін жерді игере бастаған кезден, жер туралы мәліметтер жинап, егін егетін, егін жинайтын кезеңдердің қолайлы уақыттарын анықтау үшін - топырақ және тыңайтқыштар қасиеттері, өсімдіктердің бір-біріне әсері, жануарлардың қоректік қасиеттері, т. б. жағдайлар туралы сұрақтар қызықтыра бастады. Бірақ ол мәліметтер ғылыми түрде негізделмеген еді. Экология ғылымы қалыптаса бастағаннан кейін бұл мәселелер басқаша қаралды. Табиғи қорларды дұрыс пайдаланып, қоршаған ортаға зиян келтірмеуді ойлады.

. Экология - іргелі ғылым және оның идеялары маңызды екенін ұмытпау керек. Оның заңдарын, түсініктерін, терминдерін дұрыс пайдалана білу қажет.

Адамның іс-әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға көптеген зардаптар тигізілді. әсіресе біздің Қазақстанда бұл айқын байқалады (Арал, Балқаш, Семей проблемалары, тың, жайылым жерлердің деградациясы т. б. ) .

  • Ағзаның бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
  • Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;
  • Табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
  • Адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу:
  • Биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
  • Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру;
  • Көпщілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық мәдениетін, әдет-ғұрпын қалыптастыру;
  • Экологиялық қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

Басқа ғылымдар сияқты экологияның да заңдылықтары да бар.

1974 жылы Гарри Коммонер өзінің «Тұйық шеңбер» кітабында экологиялық заңдылықтарын тұжырымдаған. Олар: «Барлығы да бір-бірімен байланысты» заңы, «Барлығы бір нәрсенің қажетіне жарауы тиісті» заңы, «Табиғат - әділ сыншы» заңы, «Ешнәрсе артық емес, бәрінің есебі бар» заңы, «Шындық жеңеді» заңы.

Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері, құрылымы.

Экология биология ғылымының негізінде ХІХ ғасырдың ортасында айқындала бастаған. Экология ғылымының өз деңгейіне көтерілуі ХІХ ғ-дың аяғында, ХХ ғ- дың басы болып саналады. Алғашқы экологиялық зерттеуінің элементін көне дәуір оқырмандары Гипократ, Аристотель еңбегінен көрінеді. Табиғат құбылыстарын зертеушілер өсімдіктер мен жанурлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушліктерді оның қоршаған табиғат ортасына тәуелді екендігін экологиялық тұрғыда қарастырады.

Экология ғылымының қалыптасу кезеңдерін 3-ке бөліп қарастыруға болады:

  1. Биоэкологиялық зерттеулер кезеңі, бұл кезең ХVІІ ғасырдың басымен ХVІІІ ғасырдаң аяғын қамтиды. Мысалы:К. Линей, Ч. Дарвин, Э. Геккель т. бтабиғат зерттеуші биологтар, систематиктер өз еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық көргенЖ. Б. Ламарктың «Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясы», Ч. Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі», Докучаевтың «Ландшафтар, табиғат зоналары» туралы ілімі т. б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған.
  2. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу, даму кезеңі. Бұл кезең ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Осы кезеңдердегіА Генелидің «Экожүйелер туралы» ілімі, Сукачевтың «Биоценоз», Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі»еңбектері экология ғылымының негізігі ядросын қалады. Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өз зерттеу салаларын, мақсаты мен міндеттерін айқындай түсті. Экология ғылымы жіктелебастаы. Мысалы:су организмдер экологиясы, топырақтағы организмдер экологиясы, өсімдіктер экологиясы, жанурлар экологиясы, т. б. Осы кезеңде экология ғылымының түрлі салалары бойынша теориялық, фундаментальды ғылыми еңбектер жарық көрді. Мысалы: Ч Эвтонның «Жануарлар экологиясы», Ю Одумның « Экология, экология негіздері» т. б.
  3. Экология ғылымының өрлеу кезеңі . Қазіргі заманғы экология бүкіл әлемдік ғылымдар мен бірге әлеуметтік, экономикалық проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының қолданбалы экология, адам экологиясы, экологиялық педагогика, көпшілікке экологиялық білім, тәрбие беру, этноэкология бағыттары дамып жатыр.

Экология ғылымының биоэкологиялық зерттеу бағыттары. Экология бөлімдері.

  1. Аутэкология -жеке организмдер арасындағы қатынастыры оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни жеке организмдерге экологиялық факторлар қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді. Организмдердегі морфологиялық, физиологиялық өзгерстер туралы мәселелер қарастырады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп биохимиялық, генетикалық сипат алады. Нәтижесінде, жеке организмдердің биоэкологиялық қасиеті арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орныны, роліне, маңызына айнала қоршаған табиғи ортаның өзгерісі мен ластану деңгейіне, адамдардың қоршаған табиғи ортаға әсері туралы жан -жақты сипаттама береді.
  2. Демэкология -бір түрге жататын организмдер тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, бір түрге жататын организмдердің топтасып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуімен ауылшаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырады.
  3. Эйдэкология- түр мен оның популяцияларын организмдер дің дүниедегі дамуының жоғарғы деңгейі тұрғысында қарастырады. Сондықтан эйдэкология особь - популяция - түр - биоценоз - биогеоценоз - экожүйе деңгейдегі қатынатар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
  4. Синэкология- «бірлестіктер экологиясы» - ретінде түрлі түрлерге жататын популяциялар жиынтығын ( өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қатынастары, энергия және зат алмасуы сандық және сапалық өзгерістер, биологиялық өнімділігімен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан- жақты мәселелер қарастырады.
  5. Геоэкология- экологиялық жүйелердегі биосфералық деңгейде қарастырады . Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қатынастар мен байланыстар географиялық ландшафтар бойынша экожүйенің құрылымы бірлестіктері, тұрақтылығы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі, экожүйелер өнімділігі, агро және антропогендік факторлар олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.
  6. Ғаламдық экология- табиғи және адамның іс- әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мысалы: экологиялық апаттар, климаттардың өзгеруі, шөлейттену, ядролық қауіп -қатер, қатерлі эпидемиялар т. б. Осы бағыттағы бүкіл әлемді қамтитын проблемаларды қарастырады.
  7. Адам экологиясы- ауыл, қала тұрғындарымен дүние жүзілік халықтың сандық, халықаралық ққатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, олардың экологиялық құықтарын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттейді. Сонымен бірге адам экологиясы жер шары тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.
  8. Нооэкология- адам, қоғам, табиғат арасындағы әлеуметтік экономикалық, экологиялық жағдайларды қатынастарды бір -бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл -ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Нооэкология биосфера шегіндегі тұрақты дамудың жоспарын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.

Макроэкологияның құрылымы.

  1. Жалпы экология-теоретикалық экология, математикалық экология, экологиялық жүйедегі процестерді модельдеу эксперименттік экология.
  2. Биоэкология -организмдердің, систематикалық топтардың экологиясы. Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялар экологиясы. Табиғи биожүйелердің экологиясы, , түрлер экологиясы, популяциялық топтардың экологиясы, биоценоздардың, биогеоценоздардың экологиясы, экологиялық факторлардың эволюциясының экологиясы.
  3. Геоэкология -геосфера экологиясы. Организмдердің тіршілік ететін ортасының экологиясы. Табиғаттық климаттық зоналарының экологиясы, ландшафтар экологиясы.
  4. Адам экологиясы-адамдар биоэкологиясы, қазіргі антропогенез және эволюциялық экология.
  5. Әлеуметтік экология -жеке семьялардың экологиясы, әлеуметтік топтар экологиясы, демографиялық экология.
  6. Қолданбалы экология -инженерлік, өндірістік, құрылыстық, транспорттық экологиясы, ауылшаруашылық экологиясы, биоресурстар экологиясы, коммуналды экология, урбаэкология, медининалық экология.

Бақылау сұрақтары:

  1. Экология нені зерттейді.
  2. Экологияның негізгі міндеттері.
  3. Экологияның негізгі бөлімдері.
  4. Экологияның басқа ғылымдарымен байланысы.
  5. “Тұрақты даму” деген не.
  6. Қоғамның тұрақты дамуында экологияның ролі.

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Новиков Ю. В. Экология, окружающая среда и человек. М., “ФАИР” -ПРЕСС” 2003
  2. Колумбаева С. Ж., Білдебаева Р. М. Жалпы экология. Алматы, “Қазақ университеті”, 2005

Лекция 2 Тақырып «Особьтар экологиясы - аутэкология. Экологиялық факторлар. »

Лекцияның мақсаты -организмдерге ортаның факторларының әсерінің заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастыру.

Түйінді сөздер - экологиялық факторлар, абиотикалық, биотикалық, антропогенді, шектеуші факторлар, толеранттық, стенобионтты эәне эврибионтты организмдер, тіршілік орталары, минимум және толераннық заңдылықтары

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны ,

  1. Тірі жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері.
  2. Экологиялық факторлар және оларды жүйелеу.
  3. Либихтің минимум және Шелфордтың толеранттық заңдылықтары

Э. ф. дегеніміз организмдерге әсер етуші сыртқы ортаның факторлары. Қандай да болсын организм өзінің тіршілік ортасында әртүрлі әсерлерге шалдығады: климаттық, эдафикалық (топырақтың) және биотикалық (тірі организмдердің әсері)

Экологиялық факторлардың жіктелуі.

1сурет. Экологиялық факторларды жүйелеу

(Г. В. Стадницкий, 1996)

Шектеуші фактор туралы түсінік. Экологиялық факторлардың артықшылығы да жетіспеуі де организмдерге едәуір әсерін тигізеді. 1840 жылы неміс агрохимигі Ю. Либих әртүрлі факторлардың өсімдіктерге және дақылдардың өніміне әсерін зерттеді. Оның зерттеуі бойынша өсімдіктердің өсуі топырақтағы ең аз (минималды) мөлшердегі элементтерге байланысты екенін көрсетті. Бұл заңдылың Либихтің минимум заңы деп аталады. Минимум зңңы - бір экологиялққ фактордың кем болуы - организмнің тіршілігіне кедергі болып тиеді.

Организмдердің экологиялық факторларға қажеттілігін екі көрсеткішпен - экологиялық минимум және экологиялық максимуммен сипаттауға болады. Осы екі аралықтағы диапазон - толеранттық диапазоны деп аталады. Максимумның шектеуші әсерін Шелфордтың (1913) толеранттық заңдылығы деп атайды. Қорыта келгенде оптимум заңын былай айтуға болады: әр организмнің әрбір экологиялық факторлар бойынша белгілі таралу шегі болады (толеранттық шегі) . Факторлардың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік етуі үшін ең қолайлы жағдайлар туады. Бұл жағдайларды оптималды деп атайды, ал оған тиісті аумақ - оптимум деп аталады. Факторлардың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің де тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі, соған байланысты қалыпты (нормалды) тіршілік ету аймағы анықталады (2 сурет) . Толеранттық шегінде организмдердің жүдеу аймағы орналасқан, ол жерде популяциялар тығыздығы төмендейді. әр түрдің экологиялық фактор бойынша таралуы өзінше, ал заңдылық бір. Айырмашылығы - өзіне тән оптимумы болады.

новый-3 новый-3

2 -сурет Организмнің тіршілік етуіне факторлардңң әсері

(В. А. Радкевич, 1998)

. Шектеуші факторлар заңына сәйкес, организмнің төзімділігі оның экологиялық мұқтаждықтарының ішіндегі ең осал буынына тәуелді. Факторлардың ішінде қай фактор төзімділік шегіне жақынырақ тұрса, соның әсері күштірек болады.

  1. Экологиялыќ факторлар деген не?
  2. Экологиялыќ факторлардыњ жіктелуі ќандай принциптерге негізделген?
  3. Абиотикалыќ, биотикалыќ, антропогенді факторлардыњ ерекшеліктері ќандай?
  4. Минимум зањы, толеранттыќ зањы, олардыњ мањызы.
  5. Ќолайлы жєне шектеуші факторларѓа ќандай факторлар жатады?
  6. Эврибионтты жєне стенобионтты организмдер.
  7. Экологиялыќ факторлардыњ єсерлерінен болатын уаќыттыќ жєне кеңістік өзгерістер?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Новиков Ю. В. Экология, окружающая среда и человек. М., “ФАИР” -ПРЕСС” 2003Колумбаева С. Ж., Білдебаева Р. М. Жалпы экология. Алматы, “Қазақ университеті”, 2005

Лекция 3 Тақырып «Негізгі тіршіліктің орталары және олардың сипаттамасы»

Лекцияның мақсаты -Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамалары жайлы түсініктерді қалыптастыру.

Түйінді сөздер - Су, құрлық, топырақ, тіршілік ортасы, гидробионттар, пелагиаль, бенталь, температуралық режимі, жарық режимі, биолюминесценция, гелиофиттер, сциофиттер, пойкилотермді, гомойотермді, микробиотип т. б.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны ,

  1. негізгі тіршілік орталары.
  2. Су тіршілік ортасы
  3. Құрлық тіршілік ортасы.
  4. Топырақ тіршілік ортасы

Тіршілік ортасы - организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Жер шарында негізгі төрт түрлі тіршілік орталары бар: су, құрлық-әуе, топырақ және организмдердің өзі.

Су - тіршілік ортасы

Су (гидросфера) - Жер шарының 71%-ын алып жатыр. Оның 98% мұхиттар мен теңіздердің, тек 0, 46% ғана тұщы сулардың (көлдер, өзендер, батпақтар) үлесіне тиеді. Сулы ортада 150 000 жануарлар түрі (жалпы жануарлар түрінің 7%) және 10 000 өсімдіктер (8%) түрі тіршілік етеді. Үнемі суда тіршілік ететін немесе тіршілік циклының бір бөлігі суда өтетін (инелік, маса личинкалары) организмдерді гидробионттар деп атайды.

Әлемдік мұхитты 2 экологиялық облысқа бөледі: бүкіл су қабаты - пелагиаль, су түбі - бенталь.

Су - өзіне тән ерекшеліктері бар ерекше тіршілік ортасы. Бұл ортаның негізгі ерекшелігі - тығыздығы. Әуе ортасынын 800 есе тығыз. Дистилденген судың тығыздығы 1 г/см 3 -ке тең. Тұздылығы артқан сайын тығыздылығы да артып 1, 35 г/см 3 -қа дейін жетеді. Сондықтан онда тіршілік ететін организмдерге үлкен қысым әсер етеді. әрбір 10 метр тереңдікте қысым 10 атмосфераға көбейеді. Кейбір организмдер, мысалы, шаян тәрізділер, погонофоралар, теңіз жұлдыздары және т. б. үлкен тереңдікте, 400-500 атм. Қысымда тіршілік етеді.

Су ортасының өзіндік бенталь.

бар. Суда оттегі атмосферамен салыстырғанда 21 есе аз. Судың температурасы, тереңдігі, тұздылығы артқан сайын ондағы оттегі мөлшері азайып, ал судың ағысы қатты болған сайын оттегі мөлшері көбейеді.

Басқа орталармен салыстырғанда судың температуралық режимі біркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай аймақтарда тұщы сулардың температурасы 0, 9 0 -25 0 С аралығында (ыстық су көздерін есептемегенде, онда су температурасы 100 0 С-қа дейін жетеді), тұщы сулардың терең қабатында температура 4 0 -5 0 С-ты құрайды.

Су ортасының жарық режимі әуе-құрылық ортасынан айырмашылықтары көп. Су бетінен шағылысуына және су ішінен өтуі кезінде сіңірілетін болғандықтан суда жарық аз болады. Сондықтан терең суларды үш аймаққа: жарық, алакөлеңке және толық қараңғы бөліктерге бөледі.

Мұхиттың қараңғы, терең бөліктерінде гидробионттар көру үшін тірі организмдерден бөлінетін жарықты пайдаланады. Мұндай құбылыс биолюминесценция деп аталады. Мысалы, кейбір балықтардың арқа жүзу қанаттарының алғашқы сәулесі жоғарға жақ сүйегіне жақын майысқан, қармақша тәрізді болып орналасқан. Осы қармақшаның ұшында шырышты жарық беретін бактериялары бар. Оттегімен бактерияларды қамтамасыз етуі арқылы жарық беріп, қорегін өзіне еліктіреді.

Әуе-құрылық ортасы

Эволюция кезінде әуе-құрылық ортасы сулы ортадан кейін тірі организмдермен игерілді. Бұл орта үшін температура, жарық, ылғал, ауа құрамы маңызды факторлар болып табылады.

Тірі организмдер үшін әсіресе көруге болатын (орта толқынды) жарықтың маңызы зор. Жарықтың әсерінен хлорофиллдердің түзілуі және биосферадағы аса маңызды процесс - фотосинтез жүреді. Күн энергиясының Жер бетіне түсуі жылдық маусымға және тәулік ұзақтығына байланысты. Организмдердің жарықтың тәуліктік ырғағына реакциясы, яғни тәуліктің жарық (күн ұзақтығы) және қараңғы (түн ұзақтығы) мезгіліне ара қатынасы фотопериодизм (грекше photos - жарық, peridos - шеңберлі, айналым) деп аталады. Қоңыржай және полярлық ендіктерде ұзақ күнді өсімдіктер (қара бидай, бидай, зығыр), субтропика жақта қысқа күнді өсімдіктер (темекі, хризантема, күріш, тары) кең таралған.

Фотопериодизм жануарларда да байқалады: жұп құру, түлеу, қысқы ұйқыға кету, миграция күн ұзақтығына байланысты.

Жер бетінде жарық режимі әртүрлі. Кей жерлерге күн сәулесі көп түсетін болса, ал басқа бір жерлерде жарық мүлдем аз түседі. Сондықтан өсімдіктерде табиғи сұрыпталу процесі кезінде жарықтың әртүрлі жағдайларында өсуге бейімделушіліктері пайда болады. Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі: гелиофиттер - жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер - көлеңке сүйгіш өсімдіктер және факультативті гелиофиттер - көлеңкеге төзімді өсімдіктер.

Гелиофиттер - күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер. Мысалы үшін оларға көптеген шабындық, дала, шөл және шөлейт өсімдіктері, орманның биік ағаштары жатады.

Сциофиттер - жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық (Oxalis acetosella), құсықшөп (Asarum europaeum), жасыл мүктер, плаундар жатады.

Факультативті гелиофиттер - жарықтың көп мөлшерінде де және аз мөлшерінде де өсе беретін өсімдіктердің үлкен тобы. Оларға жөке (Tilia cordata), мойыл (Podus racemosa), бүлдірген (Fragaria vesca) және т. б. жатады.

Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктерін салыстыра отырып олардың анатомиялық, морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтарын көруге болады.

Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің өзіне тән кейбір белгілері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің маңыздылығы
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан халықаралық шарттары
Экологиялық мектептердің қалыптасуы.Осы күнгі экологияының негізгі бөлімдері.Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Қ.р-ның білім және ғылым министрлігінің экологиялық білім және тәрбие беру басындағы жасалып жатқан идеялары
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Ғаламдық экологиялық мәселелер (Арал және Семей аймақтары)
Экологиялық мектептердің қалыптасуы туралы
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz