Мұсылмандық құқықтық жүйе туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мұсылмандық құқықтық жүйе

Орындаған: Акимова Айжан

Тексерген: Мұғауова Айнұр

Ізғалиқызы

Мұсылмандық құқықтық жүйе - ислам діні және шариат ережелерін бұзған адамға қолданатын жаза-шаралардан тұратын 7 - 10 ғасырларда Араб халифатында қалыптасқан құқықтық жүйе. Негізгі қайнар көзі - Құран Кәрім. Сондықтан мұсылмандар әрбір әрекетке Алланың қатысы бар деп санап, ислами қағида-ережені бұзбауға тырысады. Мұны мұсылман елдеріндегі түрмелердің бос тұрғанынан көруге болады. Мұсылмандық құқықтық жүйенің ендігі бір қайнар көзі Мұхаммед пайғамбардың (ғ. с. ) айтқан уағыздары мен шешімдерінен тұратын хадис және оның өмір салты үлгілері қамтылған сунна. Сондай-ақ алғашқы төрт халифа шығарған шешімдер мен ережелер жиынтығы, Иджма және Қияс аталатын ережелер мен шешімдер жиынтығы да мұсылмандық құқықтық жүйенің қайнар көзі болып табылады. Қияс деп жоғарыда аталған қайнар көздерден таралатын мәселеге лайықты үлгі табылмаған жағдайда тәжірибе мен ақылға салып шығарған шешімдер мен үкімдерді айтады. Бұл қайнар көзге байырғы қазақ билері де көп жүгінген. Мұсылмандық құқықтық жүйе шариат, кәләм деген екі тармақтан тұрады. Шариғат тұрмыс-тіршілікке қатысты заңдардан құралған. Ал кәләм адамгершіліктің мәнін түсіндіреді және оны бұзған адамға шара қолдану туралы ережелерді қамтиды. Мұсылмандық құқықтық жүйеде адам әрекеті бес санатқа жіктеледі. Олар: парыз (орындалуы міндетті әрекеттер), мандуб (міндеттелмеген, бірақ орындалуы дұрыс саналады), мубаһ (әркімнің өз еркіндегі әрекеттер, жасалмағаны дұрыс), мәкруһ (қолдамайтын әрекеттер), һарам (тыйым салынған әрекеттер) . Мұсылмандық құқықтық жүйе - әлемдегі үш құқықтық жүйенің біреуі. Ағылшын-саксондық және роман-германдық құқықтық жүйелерге қарағанда мұсылмандық құқықтық жүйе өзінің тұрақтылығымен, жинақылығымен, көпшілікке қолайлылығымен, әсерлілігімен, әділеттілігімен ерекшеленеді. [1]

Мұсылмандық азаматтық құқық - шариат заңы негізінде азаматтық қарым-қатынасты және содан туындайтын мәселелерді реттейтін қағида-ережелер жиынтығы.

Ондай қағида-ережелер фикһ ілімінің ең үлкен тармағын құрайды. Азаматтық құқық негізінен Ақудат, Айқаат, Ахкәм бөлімдерінде қарастырылған. Ондағы отбасы мен неке, сату мен сатып алу, қарыз беру мен қарыз алу, сақтауға беру, жалдану, кепілдік, үжіре, серіктестік, тапсырыс, жерді жалға беру, уақып, өсиет айту, татуластыру, банкроттық ең маңызды міндеттемелер қатарына жатады. Шарт талабы мүлтіксіз орындалуға тиісті міндеттемелер Ләзім тобына, ал бір тарап ұсынысымен шарт талаптарының жойылуы ықтимал міндеттемелер Жаиз тобына жатады. Ақудат өзара келісу арқылы жасалатын шарттарды қарастырады. Шарт жасасу үшін тараптардың ақыл-есінің бүтін болуы, өз ісіне жауап беру қабілетінің болуы, куәлердің қатыстырылуы талап етіледі. Екі жақтың келісімін талап етпейтін шарттар Айқаатта қарастырылған. Ондай шартты жасауға да, жоюға да екі жақтың келісімі талап етілмейді. Бірақ басқа ақудаттық талаптар сақталады. Айқааттың аясына ажырасу, ант ішу, нәзір (Алла жолына жақсы іс істеу), кафарат секілді бір жақты қабылданатын міндеттемелер кіреді. Мұсылмандық азаматтық құқықта барлық азаматтық құқықтық қатынастар қамтылған және бүкіл қағида-ережелер тек адамгершілік пен әділетке негізделген.

Дүние жүзі мемлекеттерінде ислам діні кең тараған елдерде қалыптасқан жүйе ретінде Сауд Арабиясында кең көлемде және барлық талаптарға сай орныққан. Ливия, Тунис, Йеиен, Біріккен Араб Эмараттары, Иран, Пәкістан, Ауғанстан, Индонезия сияқты мемлекеттерде қалыптасқан. Мұсылман құқығының пайда болуы ислам дінінің негізін салушы, Мұсылман сенімімен Құранның уағызы бойынша, Алланың жердегі елшісі, ұлы Пайғамбар . Мұхаммедтің (570. 632) есімімен тікелей байланысты. Алланың сөзі өлмес өсиет ретінде Қасиетті Құран Пайғамбарымызға аят беру арқылы түсірілген, онда мұсылмандардың барлық мінез . құлықтары реттелген.
Мұсылман құқығына тән мынадай ерекшеліктер бар:
1. Құқықты жасаушы, жаратушы болып табылады, оны қабылдау, орындау бәріне міндетті. Құқық бұзыушылыққа бару, Алла қойған талаптарға қарсы шығу болып саналады, Алла алдында кешірілмейтін күнә.
2. Мұсылман құқығының қайнар көздері ретінде құран, хадис, иджма, тәфсир, қыяс танылады.
Құран адамдарға Мұхаммед Пайғамбар арқылы түсірілген Алла сөзі «Жәннаттан бәріңде түсіңдер, . деді. сендерге менен тура жол (кітап, расул) келеді. Кімде . кім сол жолмен жүрсе, оған қауып. қатер жоқ және олар ешқашан өкінбейді. Ал, аяттарымызға күпіршілік келтірушілердің және оны өтірікке шығарушылардың орны тозақ. Олар тамұқта мәңгі қалады». Құран Алла сөзі ретінде адамдарға жазылған заңдар.
Хадистер (сунна) . жаңалық, хабар. Мұхаммед Пайғамбарымыздың өз аузымен айтқан ұлағатты сөздері мен істерін баяндайтын, суниттер аса құрмет тұтатын, ереже, қағидалардың жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Мұсылман құқығының қалыптасуы
Мұсылман құқығының жалпы түсінігі
Қоғамның құқықтық жүйесі
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы
Мұсылмандық құқықтың жүйесі
Құқықтық жүйелер
Социалистік құқықтық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz