Діріл, шу, инфра және ультрадыбыстың адам ағзасына әсері


Діріл, шу, инфра және ультрадыбыстың адам ағзасына әсері. Дірілден, шудан, инфра - және ультрадыбыстан қорғау
12. 1 Жалпы мәліметтер
Техникалық және технологиялық жабдықтардың барлығы дерлік дірілмен қатар шуды да тудырады. Әр түрлі жиіліктегі, қарқындылықтағы және әр түрлі күштегі дыбыстар ең алдымен есту органдарына әсер ете отырып, адам ағзасына әсер етеді. Айналатын юөлігі бар технологиялық жабдықтар, индуктивті катушкалы болат өзгешесі бар электр техникалық жабдықтар шу шығарумен қатар, өздері де үнемі шулы жағдайда тұрады. Фундаменттің негізгі барлық құрлымдық бөліктері, бекітпелі бөліктері, құрылғы бөліктері діріл әсеріне бейім келеді. Бұл сияқты дірілдейтін жабдықтарда немесе сол жабдықтарға жақын жерде жұмасйтын адам діріл қалпын сезінеді. Шу мен діріл ағзаға зиянды әсер етіді және жұмысшылардың еңбек жағдайын нашарлатады. Шудың ұзақ уақыт әсер етуінен адамның зейіні төмендейді, көру және тындау қабілеті бұзылады, қан қысымы көтеріледі. Күшті және ұзақ уақыттық шу мен діріл орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, жүрек қантамырлары жүйесінің, тіректі-қозғалтқышты аппараттың функционалдық әрекетін бұзады. Шудың әсері бастың жансыздануымен қатар жүреді. Дірілдің ұзақ уақытты әсері дірілдік ауруға әкелуі мүмкін және оны алғашқысатыларда емдеу қажет.
Дыбыс дегеніміз - тындау органдарымен қабылданатын, серпімді ортада - газда, сұйықтарда және қатты денелерде таралатын тербеліс екені физика курстарынан белгілі.
Тербелістің көзі қоршаған ортаға дыбыстық толқын энергиясын тарататын тербелмелі дене болып табылады. Дыбыстық толқынның жиілігі әр түрлі болуы мүмкін. Адамның құлағы 15 Гц-тан 20 Гц аралығында дейінгі жиілікті қабылдауға қабілетті. Аталған жиіліктегі механикалық тербелістерді дыбыстық немесе акустикалық деп аталады. Басқа жиіліктегі дыбыстар адам құлағымен қабылданбайды, бірақ ағзаға биологиялық әсерін тигізеді. Жиілігі 15 ГЦ-қа дейінгі тербелісті инфрадыбыстар және 20 кГц-тен 1ГГц-қа дейінгі арлықтағы ультрадыбыстар да қабылданбайды. Инфрадыбыстардың тербелісі есту аймағынан төмен орналысады, ал ультрадыбысты тербеліс - естудің шегінен асады. Ультрадыбыс - жоғары жиілікті серпінді дыбысты тербеліс болып саналады. Инфрадыбыс - адам құлағымен қабылданатын жиіліктен төмен деңгейлі жиіліктегі дыбыстық тоқындар. Жоғарғы және төмен жиілікті дыбыстық тербелістер естілмейді, бірақ есту қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Шу - әр түрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстардың ретсіз үйлесімі.
Тербеліс жиілігі (ГЦ), дыбыстық қысым (Па), дыбыстың қарқындылығы (Вт/м 2 ) - дыбыстың басты физикалық сипаттамалары болып саналады. Ауа тепературасы t=20˚С болғанда дыбыстық толқындардың таралу жылдамдығы v=344 м/с. -қа тең.
12. 2. Дыбыс сипаттамалары.
Дыбыстық қысым дыбыс көзінің тербелісі нәтижесінде туындайды және атмосфералық қысым астында болады. Дыбыстық қысым шамасымен есту шегімен анықталады, бұл - белгі бір жиектегі дыбыс адам құлағымен қабылданатын дыбыстық қысымның минималды шамасы. Есту шегі дыбыс жиілігіне тәуелді. Шудың өзара басқа дыбыстық тітіркендіргішиер әсерінен есту шегі берілген дыбыс үшін жоғарлайды. Есту шегінің жоғартылған мәні кедергі келтіретін факторлар жоғалғаннан кейін де білгілі бір уақыт аралығында сақталады, ал содан кейін біртіндеп өзінің бастапқы деңгейіне қайта келеді. Әр түрлі адамдар үшін және бір адамның әр түрлі уақыттығы есту шегі әр түрлі болады. Ол адамның жасына, физиологиялық жағдайына, машықтануына байланысты болады. Өлшеу шегінің шамасы дыбыстық қысым нөлдік деңгеәде болған кезде 2∙10 -5 Н/м 2 немесе 1 кГц жиілікте 20∙10 -6 Н/м 2 деп қабылданады және децибельмен (дБ) өлшенеді.
Ортадағы дыбыстық немесе акустикалық қысым дегеніміз - дыьыстық тербеліс болған кездегі ортаның берілген нүкиесіндегі қысымның лездік мәні мен дыбыстық тербеліс болмаған кездегі сол нүктедегі статистикалық қысымның лесздік мәнедерінің айырмымы. Басқаща айтқанда, дыбыстық қысым ортада акустикалық тербелістерден туған айнымалы айнымалы қысым ортада акустикалық тербелістерден туған айнымалы қысым болып табылады. Айнымалы акустикалық қысымнық жоғарғы мәні бөлшектердің тербеліс амплитудасы арқылы есептелуі мумкін (12. 1) :
(12, 1)
мұндағы Р - максимады акустикалық қысым Н/м 2 ; (Па) - торап жиілігі, Гц; с - ультрадыбыстың таралу жылдамдығы, м/с; р - ортаның тығыздығы кг/м 2 ; А - орта бөлшектерінің тербіліс амплитудасы.
Дыбыс қаттылығы дыбыс күшін субъективті қабылдау (дыбыстық сезудің абсалютті өлшемі) . Дыбыс қаттылығы ең бастысы дыбыстық қысымнанан, амплитудадан және дыбыстық тербелістердің жиілігінен тәуелді және де дыбыс қаттылығына оның спектральді құрамы, кеңістікте локализациялануы, тембрі, дыбыстық тербелістің ұзақ уақытты әсері адамның есту анализаторының индивудуалды сезімталдығы және басқа факторларға әсре етеді.
Дыбыс қарқындылығы - тарату аймағына дыбыстық тербелістерді таситын құатпен сипатталатын өлшем. Бірлік ауданша арқылы дыбыстық энергияның уақыт бойынша орташа ағысы сандық жағынан дыбыс қарқындылығына тең. Тегіс толқындар үшін дыбыс қарқындылығы дыбыстық қысымның амплидтудасы р 0 және тербеліс жылдамдығымен u сипатталуы мүмкін,
мұнда = p c - ортаның меншікті акустикалық кедергісі.
Адамның есту құрылғысымен дұрыс ажыратылмайтын минималды дыбыстық қысым және минималды дыбыстардың қарқындылығын шекті деп атайды. Әр түрлі жиіліктегі дыбыстарға адамның есту құрылғысының сезімталды бірдей емес. Ол жиілігі 2000-5000 Гц болғанда көбірек. Ең тиімді деп 1000 Гц жиіліктегі дыбысты қабылдауға болады. Қарқындылық бойынша осы жиілікте есту шегі І 0 = 10 -12 вт/м 2 тең, ал соған сәйкес дыбыстық қысым =2∙10 -5 Па тең. қабылданаиын дыбыстардың жоғарғы шегі ауру түәсігінің қарқындылық шегімен І max = 10 Вт/м 2 тең болуы астыңғы шекті 10 13 не артырады.
Дыбыстық қысымды және дыбыстық қуатты әр түрлі жиілікті қосынды синусойдалды тербеліс ретінде қарастыруға болады. Бұл құраушылардың орташа квадраттық мәнінің жиіліктен тәуелділігі шудың жиіліктік спекторы деп атайды. Егер шуда естілетін болса, онда ол үндестікті дыбыс деп аталады. Жеке лүпілдер (соққылар) ретінде қарастырылатын шулар лүпілді деп аталады.
Жиіліктік спекторды кесте нмесе график түрінде көрсетеді. Спекордың түріне байланысты шуды келесідей түрлрге бөледі: төменгі жиілікті, орташа жиілікті және жоғары жиілікті. Дыбыстық қысымның масимумы төмен жиілікті шуларда 400 Гц-тан төмен жиілікті диапазонда, ал отраша жиілікті шуларда дыбыстық қысымның максимумы 400-1000Гц диапазонында және жоғары жиілікті шуларда 1000 Гц-тан жоғары. уақыттық сипаттама бойынша шуды тұрақты және тұрақсыз деп бөледі. Тұрақсыз шуларды тербелмелі, үзілмелі және лүпілді деп бөледі. Тербелмелі шуда дыбыстық деңгейі тоқтаусыз уақыт арқылы өзгереді, ал үзелмеліде - дыбыстың деңгейі фондық шу деңгейіне кенеттен тез түседі, ал лүпілді шуда - шу ұзақтығы бір секунд болатын сигналдардан тұрады.
Барлық шу түрлері үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа жүйке жұйесінде тітіркендіргіш ісер ететін, бірақ есту жүйесінде тітірендіргіш әсер ететін, бірақ есту жүәесіне зиянды әскр тудырмайтын шуды жатқызады. Бұндай шудың күштік дыбысы 80 дБ жетеді. 85-95 дБ аралығынан 130-135 дБ ауру сезімталдық шегіне дейін қарқынжылығының ауытқуын шудың екінші тобына жатқызуына болады. Шулы жағдайда жұмыс жасайтын екінші топта аздаған деігейде есту төмендейді, бір екі тон жоғары шумен ұзақ аралығынада мәнді деңгейдегі саңырауқұлақтылық пайда болады. Екіншіден, жоғары механикалық қарқындылық бойынща шудағы үшінші топ жаңа сапалы қасиетке ие болады. Тіпті, қысқа уақытты оның әсері естудің түрақты төмедеуін тудыруы мүмкін.
Шу әсерінің ұзақтығы өте маңызды. Күнделікі 75 дБ куммулятивті тиімділіктегі шудың жеті сағаттық әсерінен есту шегінің төмендеуі көптеген айларда және жылдарда пайда болады; үздіксіз әсер барысында мұндай өзгерістер оныншы тәуләкте байқалады.
Шудан қорғау
Шудан қорғаудың бір шарасы шуды нормалау болып табылады. Бұл - күнделікті жұмыста бүкіл жұмыс өтілімінің аптасына 40 сағаттан аспайтын уақыт барысында денсаулық жағдайының ауытқуларын немесе аурулар тудырмайтын шудың шекті рұқсат етілетін деңгейін (ШРД) орнату. Шудың ШРД шартын сақтау аса сезімтал тұлғалар денсаулық жағдайларының бұзылуын жоққа шығармайды.
Шудан қорғау бойынша ұйымдастырылған және техникалық шаралар әзірленеді. Ұжымдық қорғау тәсілдері мен құралдарын қолдану, шуға қауіпсіз техниканы жасау, сонымен қатар дара (дербес) қорғаныс құралдарын қолдану шудан техникалық қорғау шараларына жатады.
Ұжымдық қорғаудың тәсілдері мен құралдары акустикалық, сәулет құрылыс, ұйымдасқан техникалық болып бөлінеді. Акустикалық құралдармен шудан қорғау дыбысты оқшалау, дыбыстың жұтылуы, шуды өшіруге саяды. Акустикалық құралдарға дыбысты оқшалау кабинасының, қабының, қоршаудың құрылғылары және акустикалық экрандарды орнатуды жатқызуға болады. Дыбыстың жұтылуы бір дана дауысты жоятын эәне дыбыс жоятын қаптамаларды қолдануымен орындалады. Сонымен қатар, арнайы шуды сөндіргіштер қолданылады, олар обсорбционды, реактивті және құрамдастырылған.
Нысандарды жобалау кезінде сәулет жоспарлау әдісін қолдану қажет. Ғимаратты рационалды акустикалық жоспарлау; ғимараттарды технологиялық жабдықтарды, машиналарды және механизмдерді орнату; транспорт қозғалысы аймағын жоспарлау; адамдар жүретін жерлерде шудан қорғайтын аймақтарды құру.
Ұйымдастырылған техникалық шараларға келесі шараларды жатқызуға болады, олар: техникалық процестің өзгеруі; қашықтықтан басқару және автоматты бақылауды орнату жабдықтардың жоспарлы алдын алу жөндеуін өз уақытында жүргізу, еңбек және демалудың рационалды тәртібі. Егер шуды техникалық шараларымен қалыпты деңгейге дейін азайту мүмкін болмаса, онда жекелеген қолданыс, құралдарын қолдану қажет. «Беруші» талшықтарынан жасалған бір реттік қолдануға арналған жапқыштарды қолдану, эбонитты резинадан, пенопласттан, конус, саңырауқұлақ жапырақ түріндегі көп реттік қолданылатын шуға қарсы жапқыштарды қолдану. Олар орта және жоғары 10 . . . 15 дБА жиіліктегі шуды төмендету үшін тиімді. Құлақ тығындағыштар дыбыс қысымдылығының деңгейін 125 . . . 8000 Гц жиілік диапазонында 7 . . . 38 дБ-ға азайтады. 120 дБ жалпы деңдейдей шу әсерінен және одан да жоғары болғанда шлемофон, басқа жапқыштар, каскалар қолдану ұсынылады, олар 125 . . . 8000 Гц жиілік диапазонындағы дыбыс қысымы деңгейін 30 . . . 40 дБ-ге азайтады.
Діріл - . . Дірілкөзі - . А(м), 0 (мс2), тербелужиілігімен f (Гц) (м/с) сипатталады. тепе-. МемСТ 17770-72 мен (12. 3) .
Тербеліс жылдамдығының әрекет ету шамасының деңгейі (12. 4) бойынша 0 ₌ 5-8 м/с шекті мәніне қатысты анықталады:
Адамға өндірістік дірілдің әсері физиологиялық жағымен қатар адам организмінің функционалды қалпына өзгеріс алып келеді. Ағзаның функционалды қалпының өзгеруі шаршаудың ұлғаюы, қозғалыс пен көру реакциясы уақытының өсуімен, вестибулярлы реакция мен қорғалыс координацисының бұзылуымен білінеді. Осының бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Ағзаның физиологиялық қалпындағы өзгерісі жүйке ауруларының дамуына, жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің бұзылуына, тірек-қозғалыс аппаратқа, бұлшық ет ұлпалары мен буындардың созылуына, ішкі секреция ағзаларының қызметінің бұзылуына алып келеді. Осының бәрін діріл ауруларын туындатады. Дірілдің зияны жұмыс аймағының ауа температурасының төмендеуі бір уақытты әсерімен, шуыл деңгейінің үлкендігі, жұмыскердің қол машинамен жұмысы кезінде қолының салқындауы, ауа шаңды және басқа да жайттарда көтеріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz