АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ SMART CITY ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
УДК 338.242.4

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ "SMART CITY" ЖОБАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

С.А. Жұбаназаров
M071 - Мемлекеттік және жергілікті басқару
мамандығының 1 курс магистранты,
Экономка және құқық факультеті,
Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ., Ақтөбе қ.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., профессор Б.А. Жүнісов

Қазіргі таңда өркениет биігіне ұмтылған дамыған елдерде ақылды қала тұжырымдамасын (Smart City) қалыптастыру әлемдік үрдіске айналған. Бұл үрдісті ұстанған елдердің басты мақсаты - кең жолақты интернет желісін таратудың, бірыңғай инфрақұрылымы қалыптасқан бейнебақылаудың, көлік қозғалысын реттеудің, жасыл энергияны қолданудың, қалалардың әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін барынша дамытудың, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, барлық қалалық қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы тұрғындардың өмір сүру дәрежесін биік деңгейге көтеру болып табылады. Ақылды қалалар қатарына экономикалық, экологиялық және әлеуметтік деңгейлері тұрақты, қызмет көрсету инфрақұрылымы дамыған қалалар жатады.
Ақтөбе қаласы халқының саны Қазақстан Республикасы бойынша бесінші (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды) орынды иеленеді. Халық санының өсуіне байланысты, билік қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобасын және қаланың бас жоспарына бірқатар түзетулер енгізілді. Бұл шаралар Ақтөбе қаласының миллион тұрғыны бар қала мәртебесіне қол жеткізуге бағытталған және бұл жоба кезеңі 2040 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі күні Ақтөбе қаласындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы біртіндеп жақсаруда. Ақтөбе қаласы да Қазақстан-2050 стратегиясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды сияқты қалаларымен бірге ірі агломерациялық орталыққа айналады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтар Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан халқына жолдауында экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған бес негізгі басымдықты ерекше атап өтті. Олар:
Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Елімізде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарыта отырып, цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету болып табылады.
Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ете отырып, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру.
Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық. Ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. Банктердің балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету.
Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлін өзгерту және білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөліп, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту.
Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз ету және жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізу жағдайдағы даму бағыттары жөніндегі өз көзқарасын жеткізді. [1]
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Әл Фарабидің бақытқа ұмтылу және оған жету жолдарын іздеуге негізделген идеялары
Қолма-қолсыз есеп айырысу жайлы
SMART технологиясының білім берудегі тиімділігі
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Электрондық есеп айырысу мәні мен механизмі
ЦИФРЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
Пәндер