Биологиялық мембрананың өткізгіштік механизмі. Иондық каналдар және тасымалдаушылардың құрылысы мен функциясы. Электрогенез механизмі
Қазақстан-Ресей медицина Казахстанско-Российский
медицинскии университет университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Биологиялық мембрананың өткізгіштік механизмі. Иондық каналдар және тасымалдаушылардың құрылысы мен функциясы. Электрогенез механизмі.
Орындаған: Сарсенов И
Тобы: 103 Б Фармация
Қабылдаған: Уразакынов.Д.К
Жоспар
I . Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1.Биомембраналар құрылысының, қызметтерінің жалпы сипаттамасы;
Мембрана липидтері,мембрана ақуыздары.
Мембрана арқылы (трансмембраналық) заттардың өткізілуі.
2.Жасушадағы заттар ағыны туралы түсінік.
-жауша ішілік визикуалдық тасмалдау
-трансмембраналық тасымалдау;
3.Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі:;
-жай диффузия
-жеңілдетілген диффузия;
-белсенді тасымалдау;
III. Қорытынды.
Биомембраналардың бәрінің құрылысы Жалпы алғанда ұқсас жоба күйінде.
Биомембраналардың негізгі қызеттері мен қасиеттері.
Биологиялық мембрана -- жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 -- 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымы мен ерекшелігі туралы нақты ғылыми мәліметтер 20 ғасырдың басында белгілі болды.
1.Биомембраналар - тұйық құрылымдар, яғни олардың ұштары ешуақытта да ашық болмайды, липидтік қосқабат өздігінен тұйықталып дербес, шектелген қуыстар (компортменттер) пайда етеді. Тек осы жағдайда ғана липидтердің гидрофобтық ұштары сулы ортадан оқшауланған болады.
2. Биомембраналар заттарды таңдамалы өткізу қасиетіне ие, яғни олар заттарды жасушаға не жасушадан сыртқы ортаға түрліше өткізіп, цитоплазманың және органеллалардың ерекше биохимиялық құрылымдарымен қасиеттерін қалыптастырады.
3. Биомембраналар ақпараттардың (сигналдың) жасуша аралық және жасуша ішілік берілуін жеңілдетеді және қамтамасыз етеді. Мембраналар молекулалық ақпараттарды қабылдайтын, оларды өңдеп сыртқа беретін орын болып табылады.
4. Мембраналар түрліше жасуша аралық байланысу арқылы ұлпалардың түзілуін қамтамасыз етеді.
Гликопротеиндер мен гликолипидтердің көмірсу қалдықтары жасушалардың арнайы мембраналық антигендерін қалыптастырады (мыс. қан топтарының антигендері, гистоүйлесімділік антигендері) және мембрана беттерін өте жоғары иммунногенді етеді.
5. Биомембрана қабаттарының қозғалғыштығы.
Биомембраналар тұйық болуына қарамастан қатып қалған құрылымдар емес, динамикалық болып табылады. Мембрана компоненттері (липидтер, ақуыздар) өз қабаттары жазықтығына да белсенді түрде латериалды (бүйірлі) қозғалады, әсіресе липидтер. Мысалы, массасы 100 000 Да болатын ірі ақуыз молекуласы 10 секундта 2,5 мкм қашықтыққа, ал липидтер осы уақыт ішінде 5,5мкм ге дейін жылжып қозғалады. Молекула өлшемдерімен салыстырғанда бұл өте үлкен қашықтық болып табылады. Бір қабат жазықтықта латериалды (бүйір) қозғалу мен бірге, кейбір мембрана ақуыздары мембрана беттеріндегі орналасу бағыттарын өзгертіп, айналмалы қозғалыста жасайды. Мысалы, кейбір мембраналық тасымалдаушылар мембрананың бір бетінен (гиалоплазма бетінен не сыртқы бетінен) заттарды байланыстырып, 1800 айналып, екінші бетінде сол заттарды босатып шығарады. Көмірсу компоненттері бар ақуыздар(гликопротеиндер), олигосахаридтердің өте жоғары дәрежеде гидрофильді болуына байланысты, мұндай айналмалы қозғалыс жасай алмайды.
6. Ассиметриялығы. Биомембраналардың сыртқы және ішкі беттері құрамы бойынша ерекше болады:
а) ақуыздардың және липидтердің көмірсу компоненттері әдетте, плазмолемманың (цитоплазма мембранасының) сыртқы бетінде орналасады;
б) көптеген ақыздар барлық уақытта мембрананың тек сыртқы бетінде, ал екіншілері тек ішкі бетінде орналасады;
в) әдетте липидтік қосқабат та бір бірінен ерекше болады.
Мембрана липидтері.
Мембрана липидтерінің негізінен 4 түрі белгілі:
1)фосфолипидтер (ФЛ);
2)сфинголипидтер (СЛ);
3)гликолипидтер (ГЛ);
4)стероидтар - холестерин (ХЛ).
Фосфолипидтің, сфинголипидтің және гликолипидтің схемалық құрылысы.
Фосфолипидтер.
Фосфолипидтердің (ФЛ) бас бөліміне бір бірімен байланысқан азоттық негіз қалдығы (холин не серин), фосфат тобы және глицериннің 3 атомдық спиртінің қалдықтары кіреді. Бұлардың бәрі полярлы топтар, сондықтан да олар гидрофильді болады.
Гидрофобты құйрықтардың құрамына кіретін май қышқылдарының (МҚ) қалдықтары глицеринмен байланысқан. Қаныққан май қышқылы ретінде пальметин қышқылы, ал қанықпаған май қышқылы ретінде - олеин қышқылы кездеседі.
Кейбір мембраналар құрамында құрылысы жоғарыдағыдан өзгеше фосфолипидтер де (ФЛ) кездеседі, мысалы, кардиолипиндер - бұлар бір бірімен глицерин арқылы байланысқан 2 фосфатид қышқылы болып табылады. Бұл молекулалардың 4 көмірсутек құйрығы және үлкен гидрофильді басы болады. Плазмалогендерде бір май қышқылының орнына май қышқылының альдегидінің қалдығы кездеседі.
Сфинголипидтер.
Сфинголипидтердің (СФ) фосфолипидтерден (ФЛ) ерекшелігі глицеринмен бір май қышқылының орнына сфингозин - 18С атомды бір қосарланған байланысы бар қосатомды аминоспирт кездеседі, сондықтан да сфингозиннің бастапқы бөлімдері сфинголипидтердің (СЛ) гидрофильді басының құрамына кіреді. Сфинголипидтердің (СЛ) маңызды өкілі - сфингомиелин, мұнда азоттық негіз ретінде холин болады.
Гликолипидтер және холестериндер.
Гликолипидтер (ГЛ) құрамында-да сфингозин болады, бірақ гидрофильді басының құрамына азоттық негіз және фосфат тобы емес бір көмірсу кіреді.Гликолипидтердің екі тобы белгілі: цероброзидтар (көмірсу ретінде галактоза не глюкоза болады) және ганглиозидтер - көмірсу ретінде бұтақталған олигосахарид болады.
Холестериннің (ХС) құрылысы алдыңғы үшеуінен ерекшелеу болады. Холестерин ұзынынан созылған 4 көмірсутекті циклдардан және көмірсутекті бүйір тізбегінен тұрады. Холестерин (ХС) жалғыз гидрокси тобынан (ОН) бөлек, гидрофобты қосылыс болып табылады.
Гидрофобты болуына байланысты холестерин липидтік қосқабаттың ортасында орналасады, тек гидрокси тобы (ОН) амфифильдік липидтердің бас бөлігімен байланысқан.
Амфифильдік қасиеті.
Амфифильдік липидтердің жинақталу әдістері мембрана липидтерінің сулы ортада өздігінен табиғи жинақталу нәтижесі екендігі белгілі. Тәжірибе жағдайында осындай қосқабаттың қалыптасуы нәтижесінде липосома деп аталатын құрылымдар пайда болады.
Липисомалар.
Липисомалар - қабырғасы липидтік қосқабаттан тұратын дөңгелек көпіршіктер. Липосомалардың ішкі және сыртқы беттері полярлы болып, ішкі ортасы сулы болады.Амфифильдік липидтер, кейде мицеллаларды да пайда етеді. Мицеллалар-да дөңгелек түйіршіктер, бірақ липосомалардан ерекшелігі бұлардың қабырғасы бір қабат липидтерден тұрады. Липидтердің гидрофильдік бастары сыртқа, ал гидрофобтық құйрықтары ішке, яғни мицелланың ортасына қарай бағытталған. Сондықтан да мицеллалардың ішкі ортасы сулы емес, гидрофобты, яғни майлы болып келеді. 2 құйрықтары бар липидтер (ФЛ,СЛ,ГЛ) формасы цилиндрге ұқсас, яғни олардың бас және құйрық бөлімдерінің көлденең кесіндісі бірдей болады, сондықтан да мұндай молекулалардың ең тиімді жинақталуы - жалпақ қосқабатты пайда ету болып табылады. Осының салдарынан тәжірибе жағдайларында липосома түзіледі.
Мицеллалар.
Ал егер амфифильдік липид молекуласының бір ғана құйрығы болатын болса, онда молекуланың бас бөлімі құйрығына қарағанда едәуір кең болады. Бұл кезде липидтердің жинақталуы - мицелланың түзілуіне алып келеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz