Ядролық қарудан бас тарту мәселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ядролық қарудан бас тарту мәселесі - барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық қару - жалпы адамзаттың соры десек, ядролық полигондар - 20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызатыны бәрімізгі белгілі.

Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір халық болмағанын айтсақ артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың (14)-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері жобалайды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Әлемнің көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан мемлекеті бейжай қарай алмады. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болды. Осыдан 20 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімді қабылдау - болашақты ойлаған қадам. Бұл әрине Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ерен еңбегі деуге болады [1. 1-2].

1991 жылдың 29 тамызында іс жүзінде жаһандық ядро тарихында жаңа дәуір басталды. Әлем жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен, саналы түрде және біржақты негізде бас тартқан ел, Қазақстанды үлгі тұтуға мүмкіндік алды. 1993 жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойып, 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды. Сөйтіп, 1994 жылы еліміз аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталса, келесі жылы бұрынғы Семей ядролық полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. 1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қол қойды. Ал 1997 жылы БҰҰ - ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдап, 2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізетін ең соңғы штольня жойылды. 2001 жылы 29 тамызда XXI-ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды атты халықаралық конференцияда, 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару-жарақ шартына, яғни Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі өз міндеттемесін қуаттады [2. 32-33]

Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу (ЯСЖТС) туралы дайындық комиссиясымен жергілікті жерлерде халықаралық мониторинг және әдіс-тәсілдер жүйесін инспекциялауды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға үлкен маңыз береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде 2008 жылы Семей өңірі аумағында интеграцияланған далалық эксперимент өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ аясында 2011 жылдың қазан айының 12 жұлдызы күні Астанадағы, Тәуелсіздік сарайында Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған шаралар төңірегінде Ядролық қарусыз әлем үшін атты халықаралық форум өткен болатын. Бұл халықаралық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Ресей Федерациясы, Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам және басқа да елдер парламенттерінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.Әлемнің көптеген мемлекет басшылары мен кемеңгер саясаткерлері бас қосқан келелі жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, ендігі жерде сол зардапты ешкімнің шекпеуін қалайтындығын айта отырып, Қазақстан жер бетіндегі қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жақтаушысы екендігін жеткізді. Қазақстан жасаған бұл қадамның маңызы шын мәнінде уақыт пен кеңістікте алдыңғы кезекке шықты. Сондықтан 29 тамыздың біздің бастамамызбен БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялануын заңдылық деп қабылдаймыз, - деді президент. Осындай батыл қадамның нәтижесінде ғасырлар тоғысындағы 20 жыл бойы жаһандық ядролық қарсы тұрушылық қаупі айтарлықтай төмендеді. Оның сақталуы мен жүзеге асуы үшін мынадай белгілердің қабылдануы керектігін ортаға салып, ұсыныстар жасады. Ол біріншіден, Қазақстан өз аумағында ядролық отынның халықаралық банкін орналастыруға дайын. Екіншіден, тұрақсыздықтың негізгі ошағы болып отырған Таяу Шығысты ядролық қарусыз аймаққа айналдырып, оны ретке келтіретін халықаралық келісімнің құқықтық негізін нығайту. Үшіншіден, аса жойқын қуат көздерін әскери мақсатта, қару-жарақ жасауға пайдалануды біржолата тыю қажет десе, төртіншіден, ядролық сынақ атаулыны біржола доғару, ең бастысы, тоқсан ауыз сөздің тоқ етері - жер бетіндегі сынақтарға және жаппай қырып-жоятын қуаты бар қару-жарақтар шығаруға біржола тыйым салынуы керек деп кесіп айтты. Сонымен қатар, Назарбаев Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдауды ұсынды. Мұндай байсалды байлам мен байыпты пікірді саммитке қатысушылардың бәрі дерлік қызу қолдады [3. 56-57]

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол қойса, 154-і ратификациялап үлгерген. Тұтастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар жасалды. Дегенмен, ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес. Оларға Елбасы жекелей тоқталды. Бүгінде Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстағы ядролық қарулануды халықаралық бақылаудың тиімді тетігі жоқ. Атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсуінің қаупі зор.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері ядролық қаруды таратпауға қатысты көптеген шараларды жүзеге асырып келе жатқандығы бәрімізге белгілі. Мысалы, айтар болсақ:

-- 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

-- 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынға КСРО-ның ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.

-- 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды.

-- 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. Нанна-Лугар бағдарламасы деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтажы, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.

-- 1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады.

-- 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі ЯҚТШ-ны бекітті.

-- 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды. ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында күшіне енді.

-- 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды, ал 1999 жылдың 5 тамызында консенсус арқылы Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды.

Қазақстан, химиялық қаруы болмағанына қарамастан химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы және оны жою туралы конвенцияның қатысушысы болып табылады. Қазақстан оған 1993 жылы 13 қаңтарда қол қойды және 1999 жылы 24 маусымда бекітті. Конвенцияның ережелерін орындау үшін ұлттық орган құрылған. Қазақстан өкілдері Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының сессиялары мен жыл сайынғы отырыстарына тұрақты түрде қатысады.

Барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің кепілдігіне алынған және Қазақстанның барлық ядролық қызметі Агенттіктің ережелері мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

-- 1996 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 51-ші сессиясы уақытында Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойды және 2001 жылғы 14 ақпанда оны бекітті. ЯСЖТШ қол қою арқылы Қазақстан Ғаламдық мониторинг Желісін құру тұрғысынан ЯСЖТШҰ Даярлық комиссиясымен белсенді ынтымақтаса отырып, шарт шеңберіндегі верификациялық тәртіпті нығайтуға қомақты үлес қосады. ЯСЖТШ ережелерін тиімді орындау мақсатында ҚР Үкіметі мен ЯСЖТШ Ұйымының Дайындық комиссиясы арасында Ядролық мониторинг құралдарына байланысты іс-әрекеттерді іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан ЯСЖТШ Ұйымының маңызды жұмыстарының бірі болып табылатын Дала эксперименттерін өткізуге маңызды үлес қосты.

-- 2002 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем және заманауи қауіпсіздік түсінігіне қатысты Қазақстанның бастамалары туралы әлемдік БАҚ, Интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдарын талдау
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары
Халықаралық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етілуіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың алатын орны теоретикалық-әдіснамалық мәселелері
Қазақстанға полигон зардабының өтемі қайтарылмады
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі
Қазақстан және ядролық қаруды таратпау жөніндегі саясат
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану
Ядролық қару таратпау саласындағы саясатқа тарихи шолу
Пәндер