Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған.
2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сыныптар жаңа бағалау жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмысымен емес, оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс үлгісімен) эталонмен салыстырылады. Оқыған материалдары негізінде ғана бағалау керек, сондықтан да бағалау критерийлері - оқу мақсаттарының нақты көрінісі.
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету үшін, мүдделі тараптарға оқудың нәтижелері туралы ақпарат беру үшін қолдану ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі ең алдымен балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.
Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.
Барлық жаңа дүние сияқты, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі педагогтердің да, ата-аналардың да тарапынан біркелкі қабылданбады. Сұрақтар жыл бойы туындап отырды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:
- оқыту мен бағалаудың бірлігіне негізделеді;
- білім алушылардың үлгерімі мен жетістігін қамтамасыз етуге тұтастық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған;
- оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту мақсаттарының орындалуын және білім алуы мен дағдыларының дамуы дәлелдемелерін жинауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
- әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың әртүрлі әдістері мен түрлерін қамтиды.
Критериалды бағалау жүйесі оқытудың, оқу мен бағалаудың өзара байланыстарына негізделгенін есте ұстаған жөн. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға ықпал етеді.
Әр сабақ оқу мақсаттарын көрсету мен айтудан және оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыу мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын ала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген, осы немесе басқа оқу материалын қалай игергенін, бұл немесе басқа практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір білім алушының дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.
Әр сабақта мұғалімге бағалау элементтерін қолдану және білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету, оларды оқытудың жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат беру ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесінің ең басты артықшылығы - білім алушыға түсер күйзелісті азайту болып табылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастырады, оқытуда достық ортаны құруға, білім алушылардың оқуға деген ықыласын арттыруға, зерттеушілік және шығармашылық қызметке қатысуға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде білім алушылар іс-әрекеттің субъектісі ретінде әрекет етеді. Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.
Білім алушылар бағалар санын жинақтауға ғана ұмтылмауы керек. Алайда, білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Критериалды бағалау қағидаттары
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
Тиімділікті бағалау критерийлері
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Сабақты оқыту үрдісінде ақпараттық құзыреттілікті арттыру жолдарын көрсету
Бастауыш мектепте жаңартылған мазмұнында білім беруді жоспарлау әдістемесі
Пәндер