АЛИМЕНТ ЖӘНЕ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕ ТҮСІНІГІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 АЛИМЕНТ ЖӘНЕ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕ ТҮСІНІГІ
- Алимент түсінігі
- Қазақстан Республикасы алименттік міндеттеме туралы заңнамасы
- ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде отбасы туралы заңнамалар дамып, жоғары деңгейге жетіп отыр. 2012 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы жаңа кодекс бұрыңғы 1998 жылғы Неке және отбасы заңнамасына қарағанда алименттік қатынастарды реттеу толық қамтылған.
Отбасы - ол «үй». Бір ошақтың басында өмір сүріп жатқан қандастар. Неке және қандас туыстарға негізделген қоғамның шағын тобы.
Отбасы - өмірдегі басты құндылықтардың бірі. Отбасы қоғамнан, қоршаған ортадан алшақ өмір сүрмейді. Отбасы ол құқықтық нормалар мен көрсетілген өзара құқықтар мен міндеттердің бастамасын құрайтын адамдар тобы.
Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан, мемлекет оған бейжай қарамайды. Некеге тұрған, отбасы құрған адамдарға мемлекет бірқатар талаптар қояды. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, заңда көрсетілген тәртіппен екі тараптың келісімі арқылы жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықтық одақ.
Неке шарты - отбасы құрған адамдардың, некеге тұрған кездегі немесе ажырасу жағдайындағы міндеттері туралы келісім.
Дәм-тұзы жараспаған ерлі- зайыптылар екі бөлек кетсе де, бала тәрбиесі мен оны бағып-қағу олардың ортақ міндеті болып қалады. Дегенмен, жауапкершілікті ортақ деп түсінетін азаматтардың қатары қазіргі күнде өте аз. Балалар көбіне анасымен қалатын болғандықтан, бала бағудың бар ауыртпалығы әйел адамға түседі. Баласының алдындағы парызын орындаудың орнына айнала қашатын ер-азаматтарды қатаң жазалауға заң мүмкіндік бермейтін. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтарындағы заңына сәйкес, бала алдындағы берешегі мол әкелер 2 пен 7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін [1]
Отбасы құқығы - туысқандық, неке бойынша туындайтын мүліктік немесе мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық заңнамалар жиынтығы.
Неке және отбасы құқығының негізгі институттарының бірі алименттік міндеттемелер болып табылады. Қазіргі таңда алименттік қатынастар даулы мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан, соңғы жылдары неке және отбасы заңнамаларына түрлі өзгерістер енгізілуде. Отбасы құқығы, отбасы бірлігі, отбасы беріктігі еліміздің көркеюіне септігін тигізеді. Сондықтан, осындау даулы мәселені сотта қарағанда дұрыс әрі әділ шешім қабылдаған жөн.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты - алименттік міндеттемелерді құқықтық реттейтін заңнамаларды қарастыра отырып, олардың алдын алу шараларын анықтау.
Бұл зерттеу жұмысы кіріспе және екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында алимент түсінігі, ата-аналар мен балалардың арасындағы алименттік міндеттемелер, Қазақстан Республикасы алименттік міндеттеме туралы заңнамалары қарастырылған. Екінші бөлімінде Талдықорған қаласының соңғы жылдардағы статистикасы қарастырылған.
Зерттеу жұмысын жазу барысында неке және отбасы құқығы, мемлекет және құқық теориясы, қылмыс құқығы бойынша жазылған еңбектер қарастырылған.
Аталған мақсатқа жету үшін, алдымызға төмендегідей міндеттер қойып отырмыз:
- Алимент түсінігін ашып көрсету;
- Ата-аналар мен балалардың арасындағы алименттік міндеттемелерді анықтау;
- Қазақстан Республикасы алименттік міндеттеме туралы заңнамасына тоқталу;
- Талдықорған қаласының соңғы жылдардағы статистикасы қарастырылған.
- АЛИМЕНТ ЖӘНЕ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕ ТҮСІНІГІАлимент түсінігі
Алимент дегеніміз - (лат. Alimentum деген сөзінен - «тағам, асырап-бағу» дегенді білдіреді) заңда белгіленген жағдайларда отбасының бір мүшесі екінші бір мүшеге төлеуге міндетті ақшалай қаражат. Алимент - бұл асыраудың әр түрлілігіболып табылады. Бірақ бұл асырау белгілі тұлғаға сот шешімі немесе жақтардың келісімі бойынша төленеді. Алименттік міндеттемелердің негізгі мақсаты - отбасындағы еңбекке қабілетсіз немесе көмек қажет ететін отбасы мүшесін асырау болып табылады. Алименттер сот шешімі бойынша сот тәртібімен немесе өз еркімен төлеуге болады.
Алименттік міндеттеме ең алғаш Римнің құқық саласына тән. Римдегі құқық бойынша
Алименттердің неғұрлым таралған жағдайы - баланы асырауға төленетін төлемдер, алайда алименттер балалардың анасына және өздерін асырай алмайтын зайыбына және ата-анасына төленуі мүмкін.
Баланы асырау - ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес.
Қамқорлықта, қорғаншылықтанемесе патронаттық тәрбиеде болатын балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы. Кодекстің 6-бабына сәйкес, балаға алимент ретінде тиісті сома баланың ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне түседі және баланы асырауға, біліміне және тәрбиесіне шығындалады.
Алиметтік міндеттемелердің заңда көрсетілген фактілері:
- Субъектілер арасында отбасылық болғанда;
- Заңда немесе екі жақтың келісімінде көрсетілген алимент төлеудің қажетті жағдайы болғанда;
- Екі жақтың келісімі немесе соттың алимент төлеу бойынша шешімі болу негезінде пайда болады.
Кәмелетке толмаған балаларға алименттер
Ата-аналары кәмелетке толмаған өз балаларын асырауға міндетті, осы асыраудың тәртібі мен нысанын ата-аналардың өздері анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz