Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен


Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 83 510 га, оның ішінде орман алқабы 47 361 га, жер беті сулары 8 493, 5 га. Климаты шұғыл континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура -16, 70С, шілде айының орташа температурасы +18, 60С. Саябақ аумағына Үлкен және Кішкентай Шабақты, Бурабай, Шортан, Қатаркөл, Майбалық т. с. с. он төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты, Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар. Бурабай көлі теңіз деңгейінен 319 метр биіктікте орналасқан. Көл шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған. Бұл таудың келбеті бір жағынан бойжеткенді, екінші жағынан кейуананы бейнелейді. Бурабай өлкесінің ең биік тауы Көкше теңіз деңгейінен 997 метр биіктікте орналасқан. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің 305 түрі бар. Оның 87 түрі сирек кездесетін я жойылуға жақын. Өсімдіктердің 757 түрі кездеседі. Оның 12 түрі Қызыл Кітапқа енген. Жайқалған ағаштардың 65%-ын қарағай, 31%-ын қайың, 3%-ын көктерек, 1%-ын бұталы өсімдіктер құрайды. Тау қыраттарының үгілуі мен желдің әсерінен Бурабайда Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Бүркіт, Түйе, құдыр, Сфинкс сияқты ерекше тас мүсіндер пайда болған. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10 000-15 000 теңгені құрайды. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды. Бұл аймаққа денсаулығын түзету мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай демалыс орындарында спорт кешендері орналасқан, экскурсиялық бағдарламалар жүргізіледі. Көктем айларында балық аулау маусымы басталады. Бурабай көлдері мен өзендерінде балық аулау үшін алдын ала рұқсат қағазын сатып алу керек.
Географиялық орны
Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320, 6 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы
Ұзындығы 4, 5 км, ені 3, 9 км, орташа тереңдігі 4, 5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13, 6 км, су жиналатын алабы 164 км 2 .
Жер бедері, көркем жерлері
Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы - құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т. б. ) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т. б. ), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай шипажайы, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.
1. Бурабай Көлі
Теңiз деңгейiнен биіктігі 320, 6 м
Өлшемі 4, 5 × 3, 9 км
Ауданы 11 км²
Жағалау сызығының ұзындығы 13, 6 км
Тереңдігі 7 м
Орташа тереңдігі 4, 5 м
2. Гидрология
Судың тұздылығы 0, 1-0, 15 ‰
Су алабы
Суды жинау ауданы 164 км²
3. Орналасуы
53°04′30″ с. е. 70°16′26″ ш. б. (G) (O) (Я) Координаттар: 53°04′30″ с. е. 70°16′26″ ш. б. (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
Аймақ Ақмола облысы
Аудан Бурабай ауданы
Бурабай (көл) (Қазақстан) Blue pog. svgБурабай
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Ақмола облысы территориясында орналасқан «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша 2000 жылы 12 тамызда құрылды. Бурабай табиғаты әлемде сирек кездесетін ерекше географиялық орта болып кеңінен танылады. Қазақтың Сарыарқа даласының құрамына кірген Бурабайдың жер бедері орташа таулы алқапты болып келеді. Қазіргі уақытта Ұлттық табиғи парктің жалпы ауданы 83510 га көлемінде, оның ішінде 47, 4 мың га ауданын орманды алқап алып жатыр. Жер беті сулары 8493, 5 га жерді алып жатыр. Ұлттық паркке Қазақ ұсақ шоқылы аймағының (Сарыарқаның) солтүстік-батыс бөлігіндегі Көкшетау қыратының шығыс бөлігінде орналасқан Бурабай таулы орман сілемі кіреді.
Ұлттық парктің құрамында Бурабай, Зеренді, Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды секілді эвтрофты көлдері бар. Мұндағы көлдердің суы негізінен тұщы. Парктің аумағында шағын өзендер мен жылғалар да бар. Бурабай орман сілемінде қылқан жапырақты және аралас жапырақты қалдық ормандар плейстоцен дәуірінен бері сақталып келеді. Қазіргі кезде Ұлттық парк мемлекеттік мекеме болып, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи территориялар жүйесіне кіреді. Ұлттық парктің негізгі мақсаты: экожүйенің тұтастығын, эталонды және бірегей табиғат кешендері мен нысандарды, тарихи және мәдени ескерткіштерді, тарихи мұраларды сақтау және зерттеу. Бүлінген табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды қалпына келтіру. «Бурабай» МҰТП аумағы Ақмола облысының Щучье және Еңбекшілдер аудандарында орналасқан. «Бурабай» МҰТП мемлекеттік мекемесі 7 орманшылықтан құралады: (Ақылбай, Бурабай, Қатаркөл, Золотобор, Бармашын, Мирный, Приозерный) және қосымша өндірістік салаға байланысты қызмет көрсететін орындар бар. Барлық парк аумағы 15 шеберлік бөліктерден және 56 қору аймағынан тұрады. Қазіргі кезде ұлттық парктің аумағында 18 экологиялық туристік бағдарлар, 3 автобустық саяхат, 3 аттылы саяхат үдерісі жетілдіріліп, орнықтырылған. Оған қосымша жаяу, автобуспен, сумен, аттылы біркүндік және көпкүндік экотуристік бағдарлар саяхаты жетілдіріліп келеді. Жаз мезгілінде ұлттық парктің аймағында шатырлы қалашықтар мен жағажай аймағында демалыстар ұйымдастырылады. Ұлттық парк орналасқан аймақта ауа райы континенттік, қысы суық әрі ұзақ, ал жазы қысқа, ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16, 7°С, шілдеде -18, 6°С. Ұлттық паркте республиканың солтүстік аймақтарына тән өсімдіктер мен жануарлардың реликт түрлері де сақталған. Онда өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер (мысалы, ірі гүлді шолпанкебіс, қара қандыағаш, бұғы қынасы, Фукс сүйсіні, т. б. ) . Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі - қарағай. Одан басқа көктерек, тал, ырғай, бозарша, итмұрын, долана, қарақат, т. б. өседі. Реликті түрлерден - қырықжарыпақ, қырықбуын, плаун, қияқөлең, мүкжидек, т. б. бар. Сондай-ақ парктің флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар. Ұлттық парктің фауна құрамы да өте бай. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген. Орманды алқаптарда сілеусін, ақкіс, ақ қалақ, орман сусары, т. б. мекендейді. Парк аумағында балықтардың 6, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6, құстардың 200-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген бүркіт, қарақұс, үкі, т. б. бар. Омыртқасыздар әлемі әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Бірақ қорғауға алынған жәндіктердің кейбір түрлерін: әдемі қызинелік, Сервилдің севчугі, дала сколиясы, карминді поляк сымыры, т. б. кездестіруге болады. Жергілікті тұрғындар мен келуші туристер парк ландшафының ғажайып табиғатына қарап, бұл алқапқа «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеу береді. Мұнда үгілу мен желдің әсерінен ерекше тас мүсіндер қалыптасқан. Мысалы, «Оқжетпес», «Ұйқыдағы батыр», «Бүркіт», «Түйе», «Құдыр», «Сфинкс».
Оқжетпес Көкшетау қыратының ең биік жері Көкше жанында орналасқан. Төңірегінің табиғаты көрікті. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Әулиекөлдің тұнық айдынында тұрған Оқжетпес жартасы туралы ел ішінде көптеген аңыз-әңгімелер тараған. Шоқан Уәлиханов 15-тен аса аңыз-әңгіме жинақтаған. Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» атты лирикалық поэмасында тұтқынға түскен қалмақ қызының қайғылы тағдырын Оқжетпес арқылы суреттейді.
Әулиекөл (Бурабай көлі) жағасында орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы ең танымал жерлердің бірі. Биіктігі 300 метрдей ғана болса да, ол - оқ жетпейтіндей алып, әрі Әулиекөлдің сәні. Бұл тау жайында халық аузында көптеген аңыз әңгімелер айтылып жүреді. Осы аңыздардың біріне сүйенсек, зорлықпен үйленуге көнбеген тұтқын қыз осы таудың үстіне шығып, кімде-кім садағының оғын сол жерге тигізсе, соның жары болуға дайын екенін айтады. Таудың басына ешкімнің оғы жетпеген соң, біреудің күңі болып, не зорлықпен тұрмысқа берілетінін білген қыз таудан төмен секіріп, мерт болады. Қыздың құлаған жерінде Жұмбақтас пайда болады.
... жалғасы…. Жарық дүниенің көзін көріп, Бурабайда ертеректе Оқжетпес деген батыр өмір сүрген. Бала кезінен ақылы мен күшінің зорлығымен айналасына танылған. Күн санап емес, сағат санап өсіп, он жасында бойының ұзын болып өскендігі сонша, өзінің қатар құрдастарының көкке атқан жебесі кеудесіне де жетпейді. Кейін ол батырды жұрттар Оқжетпес деп атап кетеді. Тірі кезінде аңызға айналып, марапат алады. Бойы соншалықты ұзын болғанмен, күші де сондай жойқын еді. Қанша жерден атқа да, есекке де, түйеге де мінсе өзін мен қару жарағын көтере алмайтын. Ол алып пілге мініп жүретін.
Жау атаулы жаулар бейбіт халыққа құдды аш қасқырлардай үйір үйірімен қанталап, маза бермейтін. Оқжетпес олармен теріскей шекарада шайқасып, жауларды әр кезде жеңіп, қуып тастап отыратын. Кезекті шапқыншылық кезде жаулардың көп болғандығы сонша, тіпті санау мүмкін емес еді. Бірнеше күн тынымсыз айқасса да, жау сарбаздарының қатары азаймады, қайта көбейе берді. Мерт болған сарбаздардың екеу, үшеудің орнына төртеулеп, бесеулеп пайда болып жатты. Жерден өніп өсіп жатқандай болды. Қайткенменде Оқжетпес жауды түгін қалдырмай талқандарын шығарды. Олар аяушылық етуді сұрап, қашып жөнелді. Әбден шаршаған Оқжетпес, қанша күн ұйықтамаса да, шаршаса да, соңынан қуалап ұстамады да. Аспан күркіреткен зор дауысымен жаудың соңынан бірнеше рет айғайлап жіберіп, демалып жатты.
Күміс көлдің жағасына отырып, киім сауыттарын шешіп, толқындарға қарап жайғасып отырды. Шипалы суға түсіп, жарақаттарын емдейтін осы көлдің маңайында батырлар.
Бірнеше күн өткен соң жаулар Оқжетпеспен қайтадан шайқасқа түсті. Олар айла тауып шайқасты. Өздерінің жансыздарын жіберіп, алпамсадай Оқжетпесті аңдытып қойды. Тау етегінде ұйықтап жатқаны туралы жауларға хабар келді. Жау сарбаздары ұйықтап жатқан жерге барып, арқанмен байламақшы болып, сол кезде оянып кетіп қолында қаруы болмағанмен, жерден қарағай, қайыңдарды тамырларымен жұлып, жауды ағаштармен ұрып, жайратып жатты.
Жаулар бұрынғысынан 5 есе көп еді. Олар қырылғанына қарамастан үсті үстіне шабуылдай берді. Оқжетпес өзінің ажалын сезіп, өйткені ол таусылмас жау мен толастамас шайқастардан шаршаған еді. Аяғы тасқа сүрінген ол, жерге құлап, жаулар құмырсқадай жабылып, аяқтарын кезекпен кезек жіппен байлай берді. Ол бар таусымен аспанға қарай айғайлап: «Уа, Құдіретті Көк Тәңірі, мені жауларыма қор ете көрме! Өлгенше, жаулардан есемді жібергенше, қарабет болғанымша, ұят! Одан да мені тасқа айналдырсаңшы!» деп айғай салды. Күн күркіреп, лезде жаңбыр жауып, оны шыңға айналдырып жіберді.
Пілі иесінің шайқаста қаза тапқанын көріп, шыңға келіп, төбесіне шығып жатты да, ол да тасқа айналып кетті.
2) …. Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі - Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz