Үштілділік бұл - заман талабы
Үштілділік - заман талабы
Беймбетова Гаухар Рысбайқызы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылы, Ақкөл орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі және гуманитарлық ғылымдар магистрі
Шетел тілін үйрену оңай әрі тез орын алатын шаруа емес, бұл ұзақ уақытты және күшті талап етеді. Қазіргі таңда шетел тілін білу маңыздылығы артып, ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру - білім берудегі ілгері міндеттердің бірі болып отыр. Елбасы бастамасымен Үштұғырлы тіл мәдени жобасын дамытуға басымдық беріліп, соның ішінде қайта жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне үлкен мән берілуде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс [1] деп баса айтып өткен болса, ағылшын тілін оқып үйренемін деушілердің саны да күннен күнге көбеюде. Бұл ағылшын тілінің еліміздің оқу жүйесінде айрықша мәртебеге ие болғандығын көрсетіп, мектептерімізде 1 - ші сыныптан бастап оқыту қолға алынды. Көп тілді меңгеру - мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым - қатынастың аса маңызды құралы. Сол себепті де, білім беру жүйесінді мұғалімдерге қойылатын талаптардың ішінде өмірден өз орнын таба алатын , өзара қарым - қатынаста өзін еркін ұстай алатын, белгілі бір ғылым, білім саласынан білімін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта алатын бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл дегеніміз бізге, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Соған орай, қазіргі заман талабына сай жаңаша әдіс - тәсілдермен, түрлі қызықтыратын тапсырмалармен сабақты түрлендіріп отыруымыз қажет.
Мұғалім - ол педагогикалық сапасымен, психологиялық даярлығыен, қоғамдық белсенділігімен, өз мамандығын сүйетін, жан - жақты, алдыңғы қатарлы адам.[2] А.Байтұрсынов Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек демекші, сабақ барысында белгілі дағды мен қабілет қалыптастыру арқылы балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға, түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы сабақты түсінікті етіп өткізуге болады. Ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде менің мақсатым - балаларға әлемдік экономика мен саясат, халықаралық қатынастар мен бизнес және мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыстағы маңызды орынға ие болып тұрған ағылшын тілінің қажеттілігін оқушыларға түсіндіріп, еркін сөйлеуге үйрету. Осы мақсатқа жету үшін көп ізденіп, тілді оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын ояту көзделеді. Сабақтарымда текстпен жұмыс жасау әдісін кеңінен пайдаланамын, себебі бұл әдіс оқушыларға жаңа сөздермен жұмыс жасауға, жаңадан мәліметтер жинай отырып ерекше заттармен танысуына, сұрақтарға жауап беруге, соның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz