Орталық Азия ұғымының тарихи және географиялық негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Орталық Азия ұғымының тарихи және географиялық негіздері
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3 .Орталық Азия
3.1.Сипаттама
3.2. Тарихы
3.3.*Орталық Азия*ұғымының саяси-географиялық мәні
3.4.*Орталық Азия* ұғымының физикалық-географикалық мағынасы
3.5.Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулерлер фотокөрмесі
4.Қорытынды

Кіріспе:
Орталық Азия - Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр.

Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн. км2-ден асады, халқының жалпы саны 60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгі Ұлы жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әрі Ресей, Қытай және ТМД-ның басқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ, Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіне тән ерекше қасиет - ол ислам әлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші көпір қызметін атқарады.

ТАРИХЫ:
Орталық Азия - Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанжәне Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы - жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты.

СИПАТТАМА:
Аумағы 6 млн. км2. Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т.б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 - 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 - 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар.

Орта Азия.
Қыста жоғары, жазда төмен қысымның ықпалында болуына, мұхиттардан өте қашық орналасуына, тау жоталарымен қоршалып оқшаулануына байланысты климаты тым континенттік және құрғақ. Аймақтың басым бөлігінде жылдық ауа температурасының айырмасы 500С-қа дейін жетеді. Қаңтардың орташа температурасы - 10 - 250С, шілдеде солтүстік пен орталық бөлікте 20 - 250С, Тибет таулы қыратында 100С. Аймақтың 34 бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлш. 100 - 200 мм, тау жоталарында 300 - 500 мм, оңтүстік-шығысында муссонның ықпалымен 1000 мм-ден артық жауын-шашын түседі. Жылдық буланушылық көрсеткіші 2000 мм шамасында. Тау жүйелерінің көпшілігінде мұз басу таралған. Мұз басудың аса ірі орталықтары: Қарақорым (Сиачен мұздығы, ұзындығы 72 км), Тянь-Шань (Оңтүстік Інілшек мұздығы, ұзындығы 57 км), Моңғол Алтайы (Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км) таулары. Ірі өзендері Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі (Моңғолия мен Жоңғар жазығында) мен оңтүстігінде (Тибетте) көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері: Кукунор (аумағы 4200 км²), Убсу-Нур (аумағы 3350 км²), Балқаш (17,7 мың км²); тұщы көлдері: Хубсугул (аумағы 2620 км²), Хар-Ус-Нур (аумағы 1486 км²), Зайсан (1,79 мың км²), Бақырашкөл (аумағы1380 км²), Далайнор (аумағы 1100 км²) .
Орталық Азияға негізінен шөлейт және шөлді ландшафт тән. Солтүстік-шығысында ылғал мөлшерінің артуына қарай дала және орманды дала белдемі тараған. Шөлдің сұр топырағы, сортаң топырақ, тақыр кездеседі, тұйық тұзды көлдер айналасында құрғақшылық әсерінен қалыптасқан кең алқапты сорлар тараған. Моңғолияның солтүстігіндегі тау беткейлерінде таудың қоңыр орман топырағы, Гоби шұраттары (оазис) мен жер асты су көздері шығатын тау алды бөктерлерінде таудың шалғынды қара топырағы, тұрақты ағыны бар өзен аңғарларында шалғынды топырақ түрлері қалыптасқан.

*Орталық Азия*ұғымының саяси-географиялық мәні:
БҮГІНДЕ Орталық Азия ұғымының тар және кең мағынасы бар.Тар мағынасында саяси-географиялық мәнге ие.Қазіргі кезеңде Орталық Азия саяси-географиялық аймақ ретінде бес мемлекетті :Қазақстан,Өзбекстан,Түрікменстан,Қ ызғызстан және Тәжікстанды қамтиды.1991жылы КСРО ыдыраған соң,аталған мемлекеттер мен Ресейде ОРталық Азия ұғымы қолданыла бастады.Саясатта және бұқаралық ақпарат құралдарында Орталық Азияға кейде өзге де мемлекеттер мен аймақтарды қосады
Қазіргі саяси географияда ОРталық Азияға Қазақстан,Өзбекстан,Түрікменстан,Қы рғызстан,Тәжікстан кіреді.
Орталық Азия ұғымының физикалық-географиялық мағынасы
Орталық Азия ұғымының кең ауқымдағы физикалық-географиялық мағынасына Қазақстан мен өзге де ортаазиялық мемлекеттердің ,монымен қатар Моңғолия,Солтүстік-Батыс Қытай,Ауғанстан,Солтүстік-Шығыс Иран,Поволжье,Орал және Оңтүстік Сібір аумақтарын қамтиды.Осылайша оның саяси-географиялық ұғымына қарағанда,әлдеқайда ауқымды кең болады
Орталық Азияның ішкі ағынды және ағымсыз өзен-көл алаптарын біріктіргенеуразияның физикалық-географиялық анықтамасы неге негзі болды.Ішінде ағынды өзендер деп әлемдік мұхитқа құймайтын өзендерді айтады.Олардың қатарына Жайық,Ембі,Әмудария,Шу,Іле өзендері жатады
Физикалық географияда Орталық Азия - Еуразияның ішкі ағынды алабына жататынтүкпірдегі орталық ауданы.

Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулерлер фотокөрмесі
Бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Германия Археология институтының "Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер" атты ашық фотокөрмесі басталды.
"Германияның Қазақстандағы жылы аясында біз археология саласында да ықпалдастықты күшейтуге тырыстық. Германияның ғалымдары Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріндегі әріптестерінің көмегімен археологиялық зерттеулер жүргізді.
Фотокөрменің негізгі мақсаты - Орталық Азия мен Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижелерімен қалың жұртшылықты таныстыру", дейді Германияның Қазақстандағы Елшісі Райнер Шлагетер.
Көрмеде Орталық Азияда зерттеу жүргізген археолог мамандардың еңбек нәтижелерін қамтитын 50-ге жуық бірегей фотосуреттер мен каталогтар ұсынылып отыр.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында табылған 47 құнды жәдігер қойылған.
Германия ғалымдарының Орталық Азия өңіріндегі 5 жылдық археологиялық жұмысының жемісін көрсететін фотосуреттер көрмесі бүкіл Орталық Азия мемлекеттерін шарлап, осыдан бір ай бұрын Алматы қаласына келген болатын.
ИА "Казинформ"
Бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Германия Археология институтының "Орталық Азиядағы археологиялық зерттеулер" атты ашық фотокөрмесі басталды.
"Германияның Қазақстандағы жылы аясында біз археология саласында да ықпалдастықты күшейтуге тырыстық. Германияның ғалымдары Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріндегі әріптестерінің көмегімен археологиялық зерттеулер жүргізді.
Фотокөрменің негізгі мақсаты - Орталық Азия мен Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижелерімен қалың жұртшылықты таныстыру", дейді Германияның Қазақстандағы Елшісі Райнер Шлагетер.
Көрмеде Орталық Азияда зерттеу жүргізген археолог мамандардың еңбек нәтижелерін қамтитын 50-ге жуық бірегей фотосуреттер мен каталогтар ұсынылып отыр.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында табылған 47 құнды жәдігер қойылған.
Германия ғалымдарының Орталық Азия өңіріндегі 5 жылдық археологиялық жұмысының жемісін көрсететін фотосуреттер көрмесі бүкіл Орталық Азия мемлекеттерін шарлап, осыдан бір ай бұрын Алматы қаласына келген болатын.

Орталық Азияда жүргізілген археологиялық зерттеулер тарихы
Археология тарих ғылымының бір саласы болып, алғашқы қоғамнан және ортағасырдан қалған заттай ескерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының тарихын жазады. Ескерткіштерді зерттегенде, археологтар еңбек құралдарына, қару-жарақ түрлеріне, ою-өрнектерге, үй бұйымдарына, мекенжайларға, қоныстарға, қала бекіністерінің құрылымдарына, киім-кешектеріне және алуан санды адамдардың ой-өрісінің, физикалық еңбегінің нәтижесінде пайда болған заттарға айрықша көңіл бөледі. Осындай деректерге сүйеніп, біз ертедегі өткен бабаларымыздың қоғамдық даму деңгейін ғылыми тұрғыдан ұғынамыз. Бұндай ғылыми тұжырымға келу үшін, археологтар басқа да гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін қосымша пайдаланады. Археологиялық атау б.з.д. ІV ғасырда Грекияда пайда болғанымен, оның өз алдына ғылымға айналу тарихы өте ұзаққа созылды. Антикалық дәуірде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Этнография термині
Қазақстанда туристік саланың қалыптасып даму кезеңдеріне сипаттама беру
Қазақстанның туризмін дамыту туралы ұлттық бағдарлама
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
Қасиетті түркі жері - Түркістан
Қауіпсіздіктің тарихи-құқықтық аспекті мен құрылымы
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Пәндер