Лексикологияның салалары. Ономосиология. Семасиология. Фразеология. Этимология. Лексикография



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Лексикологияның салалары.
2. Ономосиология.
3. Семасиология.
4. Фразеология.
5. Этимология.
6. Лексикография.
Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да, құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке алып, түрлі сөздіктер жасауды да, тілдегі тұрақты сөз тіркестерін де, говорлар мен жергілікті диалектілерді де, зат немесе қүбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық аттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де қарастырады. Соған орай лексикология өз ішінен семасио-логия, этимология, лексикография, фразеология, диалектология т.б. көптеген тарауларға бөлінеді.
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі -- сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары -- морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан кдрастырады.
Сөз дегеніміз дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жинақты бейнесінің белгісі. Заттың, құбылыстың бейнесі адамның миына сыртқы түйсік арқылы әсер етеді. Адам тіл арқылы, белгілі сөз арқылы ойлайды. Ойлауға қатысқан сөз мағыналы дыбыстардың жүйелі түрдегі дыбысталуы, айтылуы түрінде болады.

Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда ( жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.

Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүм кін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойына қалыптасуы жәнге дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама лексикологияда "Қазіргі ағылшын тілі", "Қазіргі қазақ тілі" атты пәндердің лексикология бөліміндерінде, аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құруышы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассив ті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолдану аясы және т.б. мәселелер қарастырылады.

Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте-мөте күшті.

Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі жайында
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Фонетиканың зерттеу нысандары
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арнасы
Сөздік қор және сөздік құрам
Түркі тілінен енген кірме сөздер
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының негізгі пәнінен дәрістер
Тарихи лексикография
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Пәндер