Білім берудегі менеджмент ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Білім берудегі менеджмент ерекшеліктері
Бүгінгі күні педагогика ғылымында педагогикалық процесті басқару ғылымы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады.Менеджмент ғылымында басқару - мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Мағынасы бойынша "менеджмент" термині "басқару" терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша "басқару" ұғымынан "менеджмент" ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады. Менеджмент (мanage ағылшын тілінде - басқару, меңгеру, ұйымдастыру) - ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Басқару объектілері - биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелері. Әлеуметтік жүйелердің бірі - білім беру жүйесі.
Әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына бағынғанмен, білім беру жүйесін басқарудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты -- білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.
Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы келесі компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржылық менеджмент, материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, инновациялық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.
· Стратегиялық менеджмент-басты стратегиялық шарттарды құру. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджметке жатады.
-Кадрлық менеджмент - менеджменттің маңызды құрамы. Ұйымның барлық мақсаттары адамда рарқылы жүзеге асады.
-Технологиялық процестерді басқаруда машина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.
-Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімді реттейді.
-Материалдық-техникалық жабдықты басқару шикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдер мен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
-Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.
-Жылжымайтын мүлікті басқаруда эксплуатация, сату, сатыпалу, айырбас, жал жәнежылжымайтын мүлік пен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталды.
-Инновациялық менеджмент дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарлату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістерді жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.
Сапаны басқару нарықтық бәсеке жағдайындағы ұймның бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.
Бүгінгі білім беру мекемесі ашық педагогикалық жүйе және қоғамның ерекше әлеуметтік-экономикалық ұйымы. Білім беру мекемелерінің жаңаруы, дамуы инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.
Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:
- біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;
- екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;
- үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.
Педагогикалық менеджменттің өзіне тән ерекшеліктері бар, өйткені ол адамдардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты. Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Педагогикалық менеджмент маңызы
Мектеп қызметін басқару
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Білім беру мекемелері менеджментінің ғылыми қағидасы
Артпедагогика
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Орта кәсіби оқу орнындағы менеджменттің педагогикалық-психологиялық негізі
Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптысып даму тарихы
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Пәндер