Ұлы жібек жолы. Сауда саттық және тауарлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы жібек жолы
Жоспар:
1.Ұлы Жібек жолы атауы. 2.Сауда саттық және тауарлар 3.Ұлы Жібек жолы өркениеттер көпірі 4.Ортағасырлық Отырар 5.Мәдени мәліметтер
"Жібек жолы"дегеніміз не,ол қашан пайда болып,қандай қадеге жарады,қай жерлерді басып өтті әркімді-ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.Бұтқа табынушы (бұдда дініндегі-ауд) қажы Сюань-цзан 629 жылы "Бұдданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шындап зерттеу үшін"Қытайдан Үндіге сапар шекті.Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға діни мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді. Егер "Жібек жолының"жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 мыңжылдықтарда басталған.Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені,ал Хотон аймағындағы Яркент (Жаркент)-Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит(көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.Біздің дәурімізге дейінгі 1 мыңжылдықтың орта кезінен "Дала жолы" деген жол болғаны белгілі.Егер тарихтың атасы Герадоттың жазбаларына жүгінсек,бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз;Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін,одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске,Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргипейлер еліне қарай созылады.Бұл жолмен былғарылар мен терілер,иран кілемдері,құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдық саналып келеді.Біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге,оның ішінде Батысқа да шығарыла бастады.Жібек жолынан өткен маталардың жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750-100ж оларды талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде-ақ яғни бұдан 5 мың жыл бұрын дерлік,жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастап кешіп үлгергенін көрсетіп берді.Жібек жолындағы ең үлкен қала Талас алқабындағы Джувикат болатын,Таразға сол арқылы жететін.Бұл сонау 6-шы ғасырдан белгілі Қазақстандағы ең ежелгі қала еді.
Жібек жолы алғашында қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті.Сонымен қатар бұл жолмен Рим,Византия,Индия,Иран,Араб халифатынан,ал кейінірек Европа мен Русьтан сол елдерде өндірілген тауарларда тасымалданды.Осы бір қымбат әр алуан зәру тауарлардың түр-түсін тізіп көрсету қиын.Олардың ішінде мирра мен ладан(хош иісті қарашайлар)да,жасмин суы мен амбра да,зынжабыл мен жұпар жаңғағы да,женшень мен аждаға өтті де,кілемдер мен маталдар,бояғыш және минерал шикізаттары да,алмаздар мен асыл шақпақтастар,янтарь мен маржандар да,піл сүйегі мен балық азулары да,күміс пен алтын құймалары,аң терілері мен теңгелер,садақтар мен жебелер де,алдаспан қылыштар мен көксүңгі найзалар да,толып жатқан тағы басқалар бар еді.Жібек жолымен Ферғананың қызу қанды арғымақтары,араб пен нисситліктердің сәйгүліктері,түйелер мен пілдер,мүйіз тұмсықтар мен арыстандар,қабыландар мен еліктер,қаршығалар мен қырандар,тауыстар мен тоты құстар да,тұйеқұс та сатылып жатты.Жүзім,шабдалы,қауын дәмдеуіштер(бұрыш,қалампыр,т.б) мен қант,көкөністер мен жидектер,көк мәуелер тәрізді мәдени өсімдіктер де осы Жібек жолы арқылы кең тарады.Дегенмен басты сауда заты жібек болып қалды.Жібек алтынмен бірдей халықаралық өлшемпұлына (валютаға)айналды,ол падишалар мен елшілерге сыйға тартылды,жалдамалы әскерлердің жалақысы мен мемлекеттік борыштар жібекпен өтелді.Қытай,Орта Азия,Шығыс Түркістан әміршілерінің сарайлары қабырғаларындағы өрнектеп ойылған ақсүйектер бейнелері де жібек киімдер киінуі осы,бір қымбат бағалы бұйымдарға сәйкес сан алуан оюлармен,әлеміштермен,тіпті тігістермен безендірілуі кездейсоқ нәрсе емес.Батыстан шыққан қымбат бағалы бұйымдар ішінде Жетісудан,византиялықтарға еліктеп,крест тәрізді таңба салып шығарылған күміс құмыраларды атап өтуге болады.Құмыраны жасаған шебер оны айна қатесіз византиялық заттай етіп шығаруға күш салған.Күрешкелердің бірінің тұтқасы иілісінде адам басының ежелгі пішіні белгіленген.Зерттеушілердің пікірінше,византиялық үлгілерге еліктеуге бұлайша ұмтылу империялық жұртшылыққа тән сұлулықты қастерлеуден туса керек.Шетелдік бұцымдар Сырдарияның орта ғасырлық қалаларының жұртын,әсіресе жиырма жылға жақын зерттеліп жатқан Отырардың қалдығын қазу кезінде табылуда.Көмбе бұйымдар монғол империясы дәуірінде Жібек жолында жатқан қалалардың өзіндік жеке-жеке қолтаңбасы тәрізді.
Ертедегі ірі мемлекеттердің пайда болуы жолдар мен көпірлердің көптеп салынып,оның бойымен өткен көпестердің сауда керуендерін,елшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін.Орталық Азия халықтарының сауда байланыстары б.з.б 3-2 мыңжылдықтардан тамыр алады.Бұл байланыс жолдарының бірі-көктас(лазурит)жолы болды.Көктас Шығыс елдерінде ертеден асыл тас ретінде жоғары бағаланды.Бадахшан тауынан өндірілген көктас Иранға,Месопотамияға одан әрі Сирия,Египет пен Анатолияға жеткізілді.Б.з.б 1 мыңжылдықтың басына қарай көктас Қытайға да тасыла бастаған.Нефритті өзге елдерге таратуда делдал ретінде юечжилер көп қызмет атқарды.Олар б.з.б 3 ғасырда Батыс Ганьсу мен Шығыс Түркістанның көп жерін алып жатты.Нефрит жолы Шығыс Түркістанды Солтүстік Қытаймен жалғастырды.Нефрит Қытайда үлкен сұранысқа ие болды.Ол мемлекеттік айырым белгілер жасауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолы сораптары
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА
Сауданың сипаты
Ұлы Жiбек жолының даму тарихы
Орта Азиямен керуен саудасы
Қоянды жәрменкесінің тарихы
Ұлы Жібек жолының ежелгі тайпалар өміріндегі рөлі
Кеден органдарының қызметін реттейтін алғашқы үкіметтік құжаттар
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
Пәндер