Канада журналистикасы


Канада журналистикасы
Канада (ағылш. Canada ) - Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы - Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. 2006 жылы жүргізілген санақтың нәтижесі бойынша Канаданың халқының саны 31 612 897 адамды құраған. Канадада мемлекеттік тіл ретінде ағылшын тілі мен француз тілі саналады. Ертеректе канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде ”KANATA” деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы ”қоныс”, ”мекен” деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Солкезден бастап Канада жері бір атаумен аталды. 1545 жылдан бастап еуропалық кітаптар мен карталарда Канаданы ”Канада” деп атау бастау алады.
- Канадада партиялық басылымдар жоқ. Бірақ газеттердің информациялық саясатынан жанама түрде болса да елдегі саяси топтарды, үкіметті, әскери-өндіріс комплекстерін, банктарды жақтайтындығын байқауға болады. Канада газеттерінің ресми түрде партиялық бөлініске бөлінбеуі, олардың кейбір саяси жағдайларда құйтырқылыққа салынуына мүмкіндік беріп отыр.
- Канаданың баспасөз монополияларының иелері өздерінің Солтүстік Америка континентіндегі экономикалық жағдайын жақсарту үшін Америка ақпараттық нарығына орнығуға ұмтылды. Соңғы жылдары АҚШ ақпарат айдынында Томсонмен бірге Торстар, Армадейл, Маклин хантер, Саузем, Холинджер моно-лиялары қосыла бастады. Канадалық газет-журнал монополиялары шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына иелік етуге ұмтылуда. Бір емес бірнеше елдердің бұқаралық ақпарат құралдарын уысында ұстап отырған Томсонның орнын бұл күнде Холинджер компаниясы басуда.
- Канада журналистикасының өмір сүру өзегі - жарнама. Канадалық баспасөз магнаттарының басты мақсаты - әлемдегі бай елдердің назарын өздеріне аудара білу. Канадалықтар әлемнің әр жерінен өз басылымдарына жарнама жинайтын агенттіктер ашып алған. Мәселен: 1987 жылы Томсон концерні «Глоб энд мейл» газетінің Азия құрлығы бойынша жарнама жинау бюросын ашты. Канада газеттерінің 22 елде жарнама жинайтын 25 өкілдігі бар.
- Баспасөз магнаттары Канаданың ішкі саяси проблемаларын сәтті пайдалана біледі. Конституция бойынша 1987 жылы Квебек провинция болып жарияланып, референдум нәтижесінде провинцияның солтүстік бөлігі - Жаңа Квебек болып жариялануы баспагерлердің Монреаль сияқты айтулы қалада жаңа екі газет ашуына мүмкіндік туғызды.
- Оттаваның заңмен шектеулеріне қарамастан, Канаданың ақпарат саласына шетел баспагерлері де килігіп кетуде. Мысалы: «Тайм» журналы Канадалықтарға арналған нұсқасын таратады. Олар бұл басылымды Канада территориясында басып шығарғанымен, редакциясы Нью-Йоркта. Бұндай ілкімділікпен олар Канададағы шетел журналы ретіңдегі салықтан құтылып кетеді. Беделді журнал иелері канадалықтардың мүддесімен есептеспей, жарнама берушілерді өздеріне тартуға тырысады. Бұндайда Канада журнал монополияларының арасында бәсекелестік басталады әрі жарнама жүйесіндегі экономикалық баланс бұзылады.
- Қағаз құнының өсуі газеттердің де бағасын көтеріп жіберді.
CBC Television (Canadian Broadcasting Corporation-әдетте "Си-би-си"деп аталады) . Бағдарламалары ағылшын тілінде, сондай-ақ Квебек пен Лабрадор аумақтарындағы және солтүстік облыстарындағы байырғы тілдерде берілетін федералдық үкіметтің меншігіндегі ұлттық мемлекеттік желі.
CTV Television Network (Canadian Television - әдетте "Си-ти" деп аталады), бастапқыда CTN (Canadian Television Network) . Bell Media тиесілі және тек ағылшын тілінде беретін Ұлттық жеке желі (Ньюфаундленд пен Лабрадордан және барлық үш аумақтан басқа) .
Global Television Network (әдетте "Глобал" деп аталады) . CanWest Global Communications Corp тиесілі ұлттық жеке желі (Ньюфаундленд пен Лабрадордан және барлық үш аумақтан басқа) . және тек ағылшын тілінде беріледі.
Rogers Communications тиесілі Citytv Торонто, Виннипег, Калгари, Эдмонтон және Ванкуверде орналасқан жергілікті станциялардан тұрады.
CTV Two (өткен NewNet, содан кейін A-Channel, содан кейін A), Bell Media тиесілі-Онтарио, Британдық Колумбия және Приморский провинцияларында орналасқан жергілікті станциялардан желі. 2004-да a-Channel тауар белгісі Craig Media-дан сатып алынды, ал бұған дейін Citytv деп аталатын Калгари, Эдмонтон және Виннипег нарықтарындағы станциялар үшін қолданылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz