Жылқы гигиенасына қойылатын ветеринарлық-санитариялық талаптар


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық
университеті
«Жұқпалы емес аурулар»
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Жылқы гигиенасына қойылатын ветеринарлық-санитариялық талаптар»
Орындаған: ВМ-11 топ ст. Касымов Д. Тексерген: оқытушы, магистр
Душаева Л. Ж.
Орал қ. - 2011 жыл
Мазмұны.
Беті.
- Кіріспе. 3
- Әдеби шолу 4
2. 1. Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері 4
2. 2 Жылқының биологиялық ерекшеліктері 5
- Негізгі бӛлім. Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық- гигиеналық талаптар 9Ат қораны күту 11Ат қора температурасы 12Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы 13Жылқы тұяғын күту 15Жылқыны күту ережелері 17Спорттық жылқыларды бағып-күту гигиенасы 19Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері 20Жылқыларды бордақылау гигиенасы 22
- Қорытынды 25
- Әдебиеттер тізімі. 26
- Қосымшалар 27
I Кіріспе.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден- ақ ерекше болатын. Ӛндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-маңызы да ӛзгереді. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе-кӛлік, сүті-қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер ӛңдеуге пайдаланып, еңбек ӛнімділігін арттырған. Жылқыны спорт пен әскерге пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны ӛз тӛлінен ӛсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын ӛсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз ӛндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы ӛсірумен айналысатын кісілерді материалдық ынталандыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жақсарту жӛнінде кӛптеген шаралар белгіненуі қажет.
Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді. Ауыр қара жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшӛптің жеңіл қорытылатын кӛмірсулармен қанағаттандыратының ескеріп, осы мерзімде оларды толықтыруды ойластыру қажет. Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуаттылығы жоғары жемшӛп етінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыр-түйнек жемістілерді береді. Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашық үрдісін ӛрістеп, атқарылатын жұмысына кедергі келтіретіндіктен, олардың кӛліктік және мініс аттарына берілетін мӛлшерін шектейді. Бұл курстық жұмыстың мақсаты - жылқы түлікті ӛсіру,
ӛркендету. Ол үшін жылқыны дұрыс бағып-күту, ұстау жүйелерін ұйымдастыру, шаруашылық жағдайында санитарлық-гигиеналық талаптарды кеңінен енгізу бұл саладағы негізгі міндеттер.
Әдеби шолу.
- Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері.
Ж. Мырзабеков пен П. Ибрагимовтың (2004) еңбектерінде жылқыларды ұстау мен әдістерін баяндады.
Жылқыны республикамызда әртүрлі бағытта пайдаланады. Атап айтқанда ол күш кӛлігі ретінде, ет - сүт ӛндіру үшін, асыл тұқымды мал ӛсіру мақсатында, спортқа қолдану, әрі донор ретінде де пайдаланады. Жылқы күш кӛлігі ретінде үш бағытта қолданылады: міну, жегу және жүк арту ретінде. Жылқыны асыл тұқымды бағытта қолданудың басты міндеті-асылдандыру және асыл тұқымды жас мал ӛсіру. Тауарлы жылқы шаруашылығы - бұл жылқы етін, шипалы сусын - қымызды ӛндіреді.
Арнаулы бордақыда бағып, оны сойса жылқы еті ӛте шипалы тағам екендігін айтпай-ақ білуге болады. Мысалы, жылқы етінде 17-ден 24 пайызға дейін белок бар, ал 1-ден 2 пайызға дейін май бар, орташа калориясы 940-1566 Дж аралығында болады екен. Ал енді жылқы майы биологиялық активті компоненттерге ӛте бай.
Қазақстанда ӛсірілетін спорттық аттар дүние жүзінде басты орындар алған. Мысалы, үш дүркін олимпиада чемпионы, Кбірнеше рет Одақ чемпионы Абсентті айтуға болады. Бұл туралы алпысыншы жылдары Абсентті Қазақстанның бірінші жұлдызы деп атады.
Н. Керімбаевтің (1968) еңбегі бойынша жылқыны бағып-күтуіне сипаттама берді.
Географиялық және климаттық жағдайға байланысты әрбәр зонада жылқыны күтіп-бағудың ӛзіндік ерекшеліктері болады. Жылқы шаруашылығында оның екі жүйесі қолданылады:қорада және табында. Бұл жүйелерді қолдану жылқының тұқымына, шаруашылықта малды қолдану бағытына, жергілікті жердің жағдайына және шаруашылықтың экономикалық жағдайына байланысты болады.
Жылқыны қорада ұстау жүйесі еліміздің барлық аудандарында асыл тұқымды, тауарлы соның ішінде қымыз ӛндіру кәсіпорындарында қолданылып келеді. Жылқыларды қорада ұстаудың ӛзі әжіреде(денникте) және топтап ұстау тәсілі болып бӛлінеді. Мысалы, айғырларды, жас жаратылатын малдарды әжіреде ұстайды; асыл тұқымды және жұмысқа пайдаланатын құлынды биелерді, жарататын жас малдарды, желгіш және ауыр салмақты жылқыны әжіреде немесе секцияда ұстайды; жұмыс кӛлігін-қорада байлап ұстайды.
Жылқыны қорада ұстағанда міндетті түрде аттарды серуендету үшін шарбақ (паддоки) тұрғызу қажет. Айғырлар үшін шарбақтың кӛлемі 600 м, жас жарататын малдар үшін-400 м, ал басқа жылқы
топтары үшін-200 м. Жұмыс кӛлігінде шарбақ тұрғызудың қажеті жоқ, бірақ малды күтіп-тазалау үшін далада оны байлайтын орын қажет. Жылқылардың шарушылықтағы бағытына қарай жаздыкүні тәулік бойы, немесе тек күндіз жайылымда бағады да, ал түнде қорада ұстап, аздап азықтандырып қояды. Жылқыларды табындық жүйеде ұстаудың екі түрі бар: сүрыпталған табында және жетілдірген табында (жақсартылған) .
Сұрыпталған табын жүйесінде жылқыларды жылдың кӛп уақытысында табында бағады, мұнда жынысы жағынан да, жасы жағынан да біріңғай топ болу керек. Ал жылдың суық кезінде осы топтарға қора жай салу керек. Бұл жүйені асыл тұқымды және тауарлы фермаларда қолдануға болады.
Жетілдірген табын жүйесінде жылқылар жыл бойы жайылымда
- табында болады. Күннің бұзылған кезінде (-15-20 ) малды жеңілдеу қоа, қалқан базаларда ұстайды(айғырларға, буаз биелерге), ал қалған мал басына жайылым басында қалқан немесе уақытша бастырмалар ұйымдастырылады (ол жерде аздаған жем-шӛптің қоры болуы керек) . Бұл жүйе тауарлы шаруашылықтарда қолданылады.
Сұрыптаған табын жүйесімен жылқыларды күтіп-баққанда енесінен құлындарды 6-7 айлық жасында ажыратуды ұйымдастыру керек. Барлық жүйелерде жылқыларды күтіп-баққанда биелердің құлындау мерзімдері бір маусымда ӛтеді, яғни жылдың бірінші жартысында.
- Жылқылардың биологиялық ерекшеліктері.
Б. Әкімбековтің (2007) дерктерінде биелердің ӛнімділігіне жӛнінде мәлімдемелер берген.
Жылқының ӛнімділігін, асыл тұқымды қасиетін және денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп-бағу жүйесін сақтау керек.
Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мӛлшері, минералдық заттар (кальций, фосфор, натрий, хлор және т. б. ) және витаминдердің (каротин, витамин Д, В, С) тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс.
Жылқының ас қорыту және қарынның анатомиалық құрылыс ерекшелігін ескеретін болсақ, онда жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мӛлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді кӛбірек беру керек, ал енді шӛптің ӛте жақсы жарамдысы
- тоғайдағы шӛп, жоңышқа, беде (тимофеевка), ат қонақ (костер), арпабас (житняк), бидайық және т. б.
Майдаланған азықтың тәуірі - сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде ӛте құндысы сәбіз, қант қызылшасы. Жылқыны
азықтандырудағы құрама жемнің ішіндегі ең жағымдысы - арпа, сұлы, жүгері, бидай ұны, күнжара, қонақ және азық бұршағы. Американдықтар аттарды азықтандыруда мынандай қоспа жасайды: 12 бӛлік жүгері, 4 бӛлік сұлы, 1 бӛлік күнжара. Әрине жаздыкүні ең жақсысы жайылымдағы кӛк шӛп.
Е. Демеуғалиевтің (2000) пайымдауынша, малды, әсіресе биелерді азықтандырғанда оның қоңдылығының тӛмендігіне аса кӛңіл аудару керек, себебі, ол нашар азықтандырғаннан немесе ішек - қарынның қабынуынан, тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек. Ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды (макро - микроэлементтерді) заттарды және витаминдерді беріп тұру ӛте маңызды рӛл атқарады.
Жаздыкүні әр атқа 30-50 г, ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы тӛмен шӛп, соның ішінде қышқыл дән кӛбірек болса немесе шӛп жаңбырдың астында қалып қойса және жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шӛптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Сондықтан осындай жағдайды болдырмау үшін алдын ала азықты лабораторияда зеттеу жүргізіп, керек кезде жылқыға бор немесе сүйек ұнын, әртүрлі сүзінді, үшкальцийфосфат және басқа да қосымшаны құрама жемге араластырып беру керек. Жылқыны витаминдермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шӛппен азықтандырып және шӛп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жӛн. Ал жаздыкүні әрдайым жайылымда бағып немесе орылған шӛппен азықтандырған жӛн.
К. Дүйсембаевтің (1972) мәлімдеуінше, жылқының ең құнды азықтандыру жүйесі - ол малдың тәбетін ашумен қатар, жем-шӛптің сіңімділігі және тез қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шӛппен, содан кейін шырынды, ең соңында құрама жеммен, ал одан кейін тағы да ірі шӛппен азықтандырған пайдалы.
Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа кӛшу жүйесі біртіндеп ӛтуі тиіс. Ал егер бір азықтан екінші азыққа бірден ӛтетін болса онда мал азыққа тез үйрене алмайды, осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші ӛтеді, ішек қатады, іштің бұрап ауруы және метеоризм пайда болады.
Алматы облысы Қарасай ауданындағы КИЗ тәжірибе шаруашылығы сауынды биелерге оның сүтін және сүттің сапасын арттыру үшін кӛк шӛп пен жүгері, жоңылған және құрама жемге сұлы беруді ұсынған. Сол кезде бір биеден алынатын сүт орташа есеппен алғанда 1, 5 литрден артады екен. Ал енді жылқыны борсыған, кӛгерген, шіріген және қыста қатып қалған, сонымен қатар жем-шӛпке әртүрлі улы шӛптер және оның дәні бар қоспалармен азықтандыруға болмайды. Мұндай жем-шӛп малға ӛте қауіпті ауру туғызады, кӛбіне малдың ӛліміне себеп болады.
Жылқыларды тәулігіне үш рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық кезінде 4-6 рет.
Әр жылқыға судың қажетті мӛлшері ауа райының жағдайына, малдың жасына байланысты болады (тәулігіне 20-60 литр су керек етеді) . Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен (сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастары, бидай) азықтандырудың алдында суаруды естен шығармау керек, себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сӛлінің нашар бӛлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды. Ал егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де ауыржағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат ӛткен соң суару керек.
А. Тӛрехановтің (2006) еңбегі бойынша, жылқыны қыстыкүні ӛзеннің, тоғанның, кӛлдің, суат (ойық ) жерінен суаруға болмайды, себебі малға cуық тиеді және буаз бие іш тастауы мүмкін. Сол себептен буаз биені қыстыкүні температурасы 12-15 С сумен суарған жӛн.
Буаз биенің рационына кӛлемді азықты енгізуге болмайды. Оған ӛте жұғымды, жеңіл қорытылғыш, ӛте сапалы және әртүрлі жем- шӛпті енгізу ұсынылуы керек. Ауа райының аяз және тайғақ кезінде буаз биені жайылымға тек шӛптің басындағы шық еріп түскен кезде ғана жіберуге болады. Буаз бие үшін ең тәуір жем-шӛп тоғайдағы дәнді ӛсімдіктер, ірі бұршақты шӛптер, шӛптен жасалған ұн, бидай ұны, сұлы, ішінің кебуінен сақтану үшін бұршақты шӛпті дәнді ӛсімдіктермен қосып береді, ал құлындауына бір ай қалғанда оның рационының 1/3 кӛлемінің бӛлігін кеміту керек.
Буаз биені жиі серуендетіп оны жүйелі пайдаланған жӛн және ауа райының жақсы күні таза ауада қӛбірек жүргізу керек. Ал буаз биенің организміне қолайлы әсер ететін жағдай оны жайылымда бағып- күту. Буаз биені ат қорада ұстағанда қораның ішіндегі әжіренің жарық,
таза, құрғақ болғаны жӛн. Ал енді құлындағаннан үш күн ӛткеннен кейін биеге құлынымен бірге жүйелі серуен ұйымдастырған жӛн. Одан ары қарай биені құлынымен ауа райының жақсы күні далада - паддокта, шабындықта немесе жайылымда бағып - күту дұрыс. Мұндай биені жем-шӛп нормасымен азықтандыру керек.
Қ. Бозымовтің (1993) мәліметі бойынша тебінді жылқылардың терісі қалың және тығыз болуымен сипатталады. Бұл қасиетті жылқыны жазда ыстықтан, қыста ызғарлы аяздан сақтайды. Қысқа қарай олардың терісінің жүн қабаттары қарқынды ӛсіп, жүніндегі түбіт мӛлшері кӛбейеді. Қысқа қарағанда жаз маусымында тебінді жылқылардың жүн қабаттарының ұзындығы 2-3 рет қысқарады. Бұл жылқы ағзасының ауа райы жағдайына бейімделуі деп түсінуге болады. Жергілікті жылқы тұқымдары тебінге бейімділігі арқасында қысқа қалың қарға (40-50) қарамастан жайыла береді. Олар шӛлді және шӛлейт жерлерде ӛсетін ерекше ӛсімдіктермен қоректеніп қоңдылығын жоғарлатады.
Қолайлы жағдайларда тебінді жылқылар тез қоңданып ағзасына 15-20 пайыз май жинайды, ал азықтың тапшылық кезеңде сол жинаған майды тиімді түрде баяу жұмсайды.
А. Кузнецовтің (1991) деректерінде жергілікті жылқы тұқымдары қыс қатал болып тебіндегі азық қоры тапшыл болғанда, қыстан шыққан жылқы 25-30 кг салмағын жоғалтады, бірақта олар іштегі ұрпағы дұрыс ӛсіріп, аман-сау құлындайды және тез қонданады, биелерді кӛп сүт береді, сондықтан құлындары тез ӛсіп жетіледі.
Тебінді жылқы тұқымдарын тиімді азықтандыруды ұйымдастыру үшін, маусымға байланысты қорек тапшылығын қолдан келгенше бәсеңдету және жайылымның отты кезін тиімді пайдалану болып табылады.
Негегзгі бӛлім.
- Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа қора салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады. Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды ӛздеріне лайықтап салуда.
Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу батырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуга арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс.
Қорадағы әжірелердің саны жұмыс кӛлігі үшін 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан -5 пайыз мал басынан аспауы керек, ірі жылқылар үшін қымыз ӛндіретін фермада 25 пайыз мал басына мал басынан қора салынуы тиіс.
Барлық қораларда жемді, ірі шӛпті және тӛсенішті сақтау, арба әбзелдерін (инвентарная) басқа да мүліктерді сақтайтын бӛлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бӛлмесі болуы керек.
Биелер және айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексеруден ӛткізу бӛлмесі, жаратуға арналған жас малға бӛлек бӛлме және оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі, ал енді қымыз ӛндіретін фермада бие сауатын бӛлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бӛлме, сүт-қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бӛлмелер, суықтату камерасы және лабаротория қарастырылады. Мал формасының территориясында бұдан басқа да қосымша бӛлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік обьектілер, манеж, автотааразы, канализация, су, электр және жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуендететін механикалық жетектегіш, жем-шӛптің, тӛсеніштің, шаруашылық мүліктер (құрал-саймандар), қи қоймасы, әкімшілік және тұтыну бӛлмелері.
Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалап жел ӛтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал
орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем- шӛп тарататын және қи шығаратын ені 2, 6-3 м жол ӛткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер қораның ортасында орналасады ( әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан кӛп болмауы керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс кӛліктеріне арналған қорада аттар тӛрт қатар орынға орналастыралады. Әр қатарда ат тұратын орын саны 30 пайыздан аспау керек. Ал қораның ортасында кезекшіге арналған бӛлме, ат әбзелдері және құрал-саймандар тұратын, жем-шӛп қоятын бӛлмелер және су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл тұқымды малға арналған қорада - манеж болуы тиіс. Жеңілдеу қорада топта күтіп-бағатын 25 басқа арналған секция болуы тиіс және ірі аттарға арнелған секцияда әжірелер болуы керек.
Жұмыс кӛліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жӛн, ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады. Әжіреде жем-шӛп салатын ақыр болуы тиіс. Қораның ішіндегі ауаның температурасы 6С шамасында, салыстырмалы ылғалдылығы -75 пайыздан аспауы керек. Ол үшін желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек. Қораның ішіндегі канализация дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Малдың астына құрғақ сабаннан (ағаш үгіндісінен) тӛсеніш салған жӛн. Күніге аттарды тазалап оның тұяғының жағдайын қадағалап тұруы керек.
Жарататын жас малға арналған қораны әжіремен жабдықтайды, әжірелердің екі жағында жем-шӛпке, қиға арналған жол болады.
Мұндай қораның ортасына аттарды жегуге, ерттеуге және серуендетуге манеж жоспарлау керек. Жас малға арналған қораны секцияларға бӛледі. Әрбір секциядан серуендейтін алаңға шығатын есік (биіктігі 1, 2 м) болуы тиіс. Ат қораның қақпаларының ені 2, 7, биіктігі-2, 4 кем болмауы керек.
Қораның биіктігі еденнен - тӛбеге дейін мына тӛмендегідей болуы керек: асыл тұқым малға арналған қораның биіктігі - 3м; тауарлы ферма қорада - 2, 4-2, 7 м; манеждің биіктігі - 4, 5 м.
Жылқыны топтап ұстайтын қалың тӛсеніші бар қораның биіктігі 3, 3м. Қораның қабырғасының және тӛбесінің ішкі беті жылтыр болуы тиіс және ақ сырмен сырлануы керек. Ат қора таза ауа келетін және лас ауа шығатын табиғи желдеткіш құбырларымен, канализациямен және электр жарығымен жабдықталуы тиіс.
Қорадағы еденді тайғанамайтындай етіп жасау керек. Ол ылғал ӛткізбейтін, жылуды аздап ӛткізетін, зәрі садыра ӛткізбейтін
және дезинфекциялық заттарға тӛзім бере алатын болуы тиіс. Еден ағаштан болғаны жӛн, сонымен қатар кірпіштен, асфальттан, саз балшықтан да болуы мүмкін. Еденнің еңкіштігі жем - шӛп, қи шығаратын жолға қарай әр 1 м ұзындыққа 1, 5 см болуы керек. Терезенің тӛменгі жақтауынан еденге дейінгі биіктік 1, 8-2, 1 м болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz