азушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі аса ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Қазақ халқының мәдени, әдеби даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі аса ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің алатын орны ерекше. М.Әуезов - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен зор еңбек сіңірген ХХ ғасырдың ұлы жазушысы. Шығармашылық сапары өткен ғасырдың алғашқы жылдарындағы дауылды дүрбелеңімен, яғни қазан төңкерісімен тұстас келген суреткер 20-жылдардың бас кезінде жазылған Қорғансыздың күнінен Абай жолы роман-эпопеясына, Еңлік-Кебек трагедиясынан Қарақыпшақ Қобыландыға, отызыншы жылдардағы әңгімесі - Білекке білектен - Өскен өркен романына, эпос, әдебиет тарихы туралы мақалаларынан КСРО халықтары әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, ұлттық және интернационалистік сипат мәселелеріне арналған терең теориялық зерттеулеріне дейін ұзақ та жемісті жол кешті. Оның бүкіл қазақ әдебиетінің асқақ тұрған күмбезіндей Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік даңққа ие болды. М.Әуезовтің таңдаулы шығармалары осы заман әдебиетінің жер жүзілік көлемде танылған жаңашылдығын зор қуатпен дәлелдеді.
Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде дүниеге келген. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортаазиялық түркі әдебиетімен таныс кісі болған. Ол бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай ауылымен іргелес отыратын, сыйлас көңілді, құдандалы, дос-жар адамдар еді. Абай ауылымен қатар болған аралас-қүраластық, ұлы ақынның шәкірттерімен және балаларымен бір ортада өсу жас Мұхтардың рухани жағынан өсіп-жетілуіне игі әсерін тигізді. Жас Мұхтар хат танығаннан кейін-ақ атасының ықпалымен ауыз әдебиетінің үлгілерін, Абай өлеңдерін жазып алып, жаттап үйренеді. Классикалық түркі әдебиетінің жекелеген нұсқаларымен таныстығы да осы кезеңде басталған. Бұл жағдай алғыр ойлы, зерек баланың сөз өнеріне деген құмарлығын тым ерте оятады.
1908 жылы Мұхтарды немере ағасы Қасымбек Семейге алып келіп, орыс мектебіне түсіреді, осыдан кейін ол бес жыл қалалық училищеде, төрт жыл мұғалімдік семинарияда оқып, білімін көтереді. Осы тұста М.Әуезов орыс әдебиетінің шығармаларымен кеңінен танысады, өзі де қаламгерлік қадамын бастайды. Оның тұңғыш күрделі шығармасы -- Еңлік -- Кебек драмасы 1917 жылы, семинарияда оқып жүрген кезінде жазылды.
1919 жылы мұғалімдік семинарияны ойдағыдай бітіріп, Семей губерниялық атқару комитетінде ұлттар бөлімінің меңгерушісі, онан соң төрағасы болып қызмет істейді. Алғашқы көркем әңгімесі -- Қорғансыздың күні 1921 жылы жарияланады. М.Әуезов 1922 жылы Орынборда, Қазақ Орталық атқару Комитетінде жауапты қызметте болды. Бұдан соң Ташкентке келіп, қызметке орналасады, әрі Орта Азия мемлекеттік университетінде оқиды. Мұхтар Әуезовтің бірталай әнгімелері 1922 -- 1923-жылдарда Ташкент қаласында шығып тұрған Сана, Шолпан журналдарында басылған (Кешкі дөң басында, Түнгі ауыл, Қысты күнгі дала, Қысқы түн, Сыбанның моласында, Сөніп жану т. б.).
Адамдық негізі -- әйел (1917), Мәдениетке қай кәсіп жуық, Оқу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz