Саяси сана жайында


Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді. Саяси санада саяси идеологияның маңызы өте зор, ол саяси психологияның өзгеруіндегі және дамуындағы анықтаушы фактор болып табылады. Саяси идеология әлеуметтік тұтастықтың негізгі мүдделерін көздейді, оның қоғамдық дамудағы орны мен рөлін негіздейді. Ол әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер бағдарламасының түсініктік негізі болып табылады. Саясаттың ерекшелігі өкімет билігі арқылы таптық және басқа да әлеуметтік топтық мүделерді жүзеге асыруға бағыттылған адам қызметінің өрісі болуында. Саяси сана таптық, ең алдымен саяси мүдделерді көрсететін және жүзеге асыруды көздейтін қоғамдық сананың көрінісі.
Саяси сана теориялық және күнбе -күнгі істегі болып бөлінеді, ол жеке адамның санасының және азаматтық кәмелеттілігінің даму дәрежесін көрсетеді. Саяси сана белсенді істегі қызмет, ішкі және халықаралық ауыр саяси күресте қалыптасады, ол тек қана танымның құралы емес, сонымен қатар қоғамды қайта құрудың, адамдардың өмірлік айқындамасын тәрбиелеудің құралы болып табылады. Саяси сананың дамуында және оны орнықтыруда үлкен орын алатын теориялық сана; теориялық жұмыс, оны шығармашылықпен дамытудың маңызы өте зор. Саяси сана таптардың және олардың арасындағы қайшылықтың шығуынан туындаған. Алғашқыда мемлекет пен билік туралы білім қорытындыланбай тұрған кезде ол саяси сана миф түрінде болды. Кейін
мемлекет туралы білім кеңейіп, байыған сайын ол саяси санаға айнала бастады. Оны қорытындылап, саяси сана туралы ойды жеткізген К. Маркс.
Саяси сана қанша жетілгенмен, қаншалықты ғылыми болғанмен саясатты жан -жақты түгел қамти алмайды. Ол әр түрлі дәрежеде болады. Жоғары дәрежеде белгілі бір таптар мен әлеуметтік топтардың мүддесін көздеп идеяларды ұсынушы, тұжырымдама жасайтын, бағдарлама дайындайтын идеологтар болады. Сонымен қатар адамдардың күнделікті тәжірибесінің, тіршілігінің негізінде қалыптасатын сана бар. Ол күнделікті бақылаудан шығады, онда теориялық тұжырым болмайды. Ол-қарапайым, кәдімгі сананың дәрежесі. Сананың осы екі дәрежесі бірімен - бірі ұштасып отырады. Саяси сана сонымен қатар өз дербестігін көрсетеді. Адам бақылаған көріністерін жинақтап отырып, бұрын білмеген білім саласындағы жаңалықтарды ашады. Оның алғашқы түрі утопия болды. Сонымен қатар утопия өткеннен болашақтың мұратын көрді. Олар әр түрлі құрылысты дұрыс деп дәріптеді. Бірақ келе-келе ол ғылыми зерттеуге ұласты, ғылыми саяси сана болды. Оның ең жоғарғы түрі социалистік сана деп есептелді.
Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі әдебиетте оның отыздан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігі мен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек. Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін -өзі ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Саяси мәдениеттің тәрбиелік маңызы зор. Ол жеке адамның интеллектуалдық дамуына, бұрыннан бар және жаңадан алынған саяси білім негізінде, оның саяси ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі. Егер білімнің саяси өмірге мүдделілігі артса, қоғамдық-саяси қызметтің бағыты тұрақтанса, жеке адамның саяси белсенділігі арта түссе саяси мәдениеттің де тәрбиелік маңызы артады.
Адамның саяси дамуы, оның ішкі дүниесінің толымдылығы, дүниетанымы мен адамгершілік келбетінің қалыптасуы әдебиет пен өнердің өркендеу деңгейіне байланысты.
Қарағанды медицина университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы
“ Саяси сана және саяси мәдениет ”
(эссе)
Орындаған: Мұхамбетқалиева Ұ. Б
Топ: 1-001, фармация
Тексерген: Рысбекова Б. Б.
Қарағанды 2019
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz